27
Зерттелген материалдардың мазмұнын есепке алмай, сапалық талдау
жүргізсе, «СҚ-Фармация» туралы ұдайы ақпарат шығып тұрғаны анық
болады; бұл ретте компания атауы бар тегпен цена/баға, препарат, сумма/
сома, лечение/ем деген тегтер қатар жүрген. Мақалалардың шыққан
уақыты дәрі-дәрмек тапшылығы болған мерзіммен тұспа-тұс келгенін
ескерсек, аталған ұйым қоғам тарапынан болған коммуникацияға деген
сұранысқа тиісті дәрежеде жауап бермеген, дәрімен қамтамасыз ету
жұмысына емес, бизнеске көбірек көңіл бөлген, осылайша фармация
саласындағы бизнес-процестерді жетілдіру керек деген қоғам талабын
елеусіз қалдырды деп қорытынды жасауға болады.
Билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына
биліктің қоғам талабына сай икемді болуға, өзгеруге құлықсыз екені сеп
болатынын айғақтайтын тағы бір кейс – Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты
депутатының дәстүрлі кітапханаларды ескіліктің қалдығы дегеніне
байланысты қоғамда болған үлкен талқы. Депутаттың бұл сөзі бірнеше
сағаттан кейін интернетте жарияланған жазбадан мәлім болды. Қала
басшылығы халық қалаулысының бұл бастамасына еш қатысы жоқ
екенін, депутаттың жеке пікірі екенін жеткізуге асықты (ratel.kz, 2020).
Еске сала кетсек, мәслихат депутаттары жалақы алмай, қоғамдық негізде
қызмет етеді. Депутаттың бұл сөзіне жұрт қатты наразы болды. Соған
қарамастан, ол өзін ақтап алуға тырысып, әркіммен пікір таластырудан,
қаржы үнемдеу қажеттігін, халықтың оны дұрыс түсінбегенін айтудан
жалықпады. Қызмет бабындағы адамның абыройына нұқсан келтіретін
теріс қылықтың салдары болуы керек емес пе, алайда осындай ақпараттық
хайп етек жайған шақта аталған депутат үгіт-насихат науқанын
жалғастырып, праймеризге қатысып, аудан бойынша қорытынды тізімде
32-орынға ие болды (static.primaries.kz, 2020).
Пандемия тұсында мемлекеттік билік жүйесінің тиімділігінің
төмен екенін аңғартатын үшінші кейс – әсіресе орта және кіші мектеп
жасындағы балаларды қашықтан оқыту нәтижелерін бағалау төңірегінде
туындаған дау-дамай. БАҚ-та ҚР БҒМ-ға жолданған бірде-бір депутаттық
сауал жөнінде ақпарат берілмеді. Мәселен, ҚР Парламенті Мәжілісінің
депутаттары И.Смирнова мен Ж.Нұрмамбетова пандемия кезінде
мектеп оқушыларына білім беруді ұйымдастыру жүйесінің кемшін
тұстарын сөз етіп, жаз мезгілінде қаражат пен тиісті ресурстарды дұрыс
бөлмеу мәселесін көтеріп, уақыттың босқа кеткенін, осы оқу жылында
Қазақстанның толыққанды жұмыс істейтін білім беру платформасынсыз
қалғанын айтқан. Өкілетті ведомствоның берген жауаптарына қарап,
осы салада атқарылған жұмыстардың көлемі мен сапасын дұрыс бағалау
мүмкін емес. Жауапты тараптың нақты мәлімет беруге, мәселенің мән-
жайын ашық айтуға мүдделі емес екені, проблема болса, форс-мажор
жағдайына сілтей салуға бейім екені айқын байқалады. Бастысы, ҚР БҒМ
тиісті шаралар қолданып, жұмыс істеп отыр, алайда жетістіктер екінші
орынға ысырылып, жағымсыз сарындағы хабарлар бірінші орынға шығып
жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: