Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ



Pdf көрінісі
бет21/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ 
МИНИСТРЛІГІНІҢ COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ 
КЕЗІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ШЫМКЕНТ 
ҚАЛАСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ 
ТАРАЛУЫНА ӘСЕРІ
Наталья Ворошилова
Кіріспе
SARS-CoV-2 (COVID-19) коронавирусы қоздыратын инфекциялық ауру 
пандемиясы әлем елдерінің денсаулық сақтау жүйелерін тығырыққа 
тіреп, бірқатар проблеманың бетін ашып берді. COVID-19 пандемиясы 
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің де жай-
күйінің нақты қандай екенін: вирустың таралуын бақылауға алуға және 
эпидемиологиялық қауіп күшейген жағдайда мүлтіксіз қызмет етуге 
дайын емесін аңғартты. 
Пандемия медициналық жәрдем беру саласының қордаланған 
кемшіліктерін ашып көрсетті (Terry, 2020). COVID-19 пандемиясының 
салдары ауыр болды: денсаулық сақтау жүйесінің барлық субъектісінің 
қызметін түбегейлі қайта құру қажеттігі анық білінді (Ruggieri et al., 2020). 
Осы орайда COVID-19 жаһандық пандемиясының адам денсаулығына, 
экономикаға, қоғамға, медициналық қызмет көрсету саласына тигізіп 
жатқан жойқын әсерінің әлі бәсеңдемегенін ескерген жөн (Watt, 2020).
Пандемия аурудың шығу тегі, оның қалай өрбитіні, алдын алу мен 
ем шаралары туралы алыпқашпа әңгімелердің, мистификациялар мен 
жалған ақпараттың көптеп таралуына себепші болды. Дезинформацияның 
таралуы халықтың дағдарып, әрқандай жалған ем шарасын қолданып, 
медициналық мекемелердің жұмысын дұрыс ұйымдастыруға кедергі 
келтіреді. Бұл өз кезегінде вирустың кең таралуына мүмкіндік туғызып, 
ақырында адамдардың физикалық әрі психикалық денсаулығының 
нашарлауына негіз болады.
Дезинформация – мемлекеттің ақпарат саясатының дұрыс 
жүргізілмеуінің көрінісі немесе осындай саясаттың мүлде 
жоқ екенінің айғағы
Дүниежүзінде мемлекет тарапынан дұрыс ақпарат саясатының 
жүргізілмеуі салдарынан пандемия кезінде дезинформацияға сенген 
халық ауыр зардаптарды бастан өткізді. Мысалы, Үндістанда үш баланың 
әкесі өзіне COVID-19 диагнозы қойылғанын білгенде, қол жұмсап өлген 
деген хабар тараған еді (Wallen, 2020). АҚШ-тың медиа кеңістігінде 
мемлекеттік деңгейде оқшаулау шарасы енгізілетіні туралы ақпарат 


46
тарағанда, халықтың дүрбелеңге түскені бүкіл әлемнің есінде. Халық 
жапа-тармағай азық-түлік пен дәретхана қағазын сатып алып жатты
нәтижесінде тауар жеткізу тізбегінің қалыпты жұмысы бұзылып, сұраныс 
пен ұсыныс арасында сәйкессіздік артты. Әлеуметтік-экономикалық 
жағдайы төмен адамдар мен халықтың өзге де осал топтарының азықтүлік 
қауіпсіздігіне нұқсан келді (Spencer, 2020). БАҚ-та дұрыс ақпарат 
бермеудің салдарынан болған жағымсыз жайттардың тағы бір мысалы 
– Нигериядағы жағдай. Онда COVID-19-ды хлорохинмен (малярияға 
қарсы қолданылатын препарат) емдеуге болады деген хабар тарағанда, 
осы дәрінің мөлшерін асырып қолданғандар туралы деректер тіркелген 
(Busari & Adebayo, 2020). 
Ақпарат саясатының дұрыс жүргізілмеуі, COVID-19-ды анықтау және 
емдеу жөніндегі сенімсіз деректер халықты да, аз зерттелген дертке 
қарсы күресіп жатқан медициналық қызмет көрсетуші тараптарды да 
жаңылыстырады. Бұған қоса, жаңа дәрі немесе вакцина жасап шығаруға 
қатысты ғылыми жетістіктерге сенім азаяды. Дұрыс жүргізілмеген 
ақпараттық саясаттың теріс салдары әсерінен COVID-19-ға қатысты 
әлеуметтік стигма қалыптасады, бұл карантин шаралары мен белгіленген 
санитарлық талаптарды толық сақтамауға негіз болады (Tasnim et al., 
2020). 
Проблеманы шешу үшін медициналық қызмет көрсетуші тарапқа 
және халыққа дұрыс ақпарат, соңғы зерттеу нәтижелерін жеткізіп отыру 
керек. БАҚ, денсаулық сақтау ұйымдары, билік органдары, қоғамдық 
ұйымдар мен өзге де мүдделі тараптар дер кезінде сенімді ақпарат беру 
мақсатымен стратегиялық тұрғыдан серіктес болып, толыққанды қарым-
қатынас орнатуға тиіс.
Зерттеушілердің пайымдауынша, әлеуметтік желі платформаларынан 
COVID-19 туралы ғылыми негізі жоқ онлайн-контентті тауып, өшіріп 
отыру үшін табиғи тілді өңдеу және деректерді интеллектуалдық талдау 
әдістері сияқты озық технологияларды пайдалану қажет. Мұндай жұмысты 
COVID-19 жөнінде нақты ақпарат беретін телемедицина қызметтерімен 
қатар нормативтік әрі құқық қорғау шараларына сүйеніп қадағалау керек 
(Shu et al., 2020). 
Сонымен, нақты стратегияның айқындалмауы және ақпарат саясатын 
дұрыс іске асырмаудың салдары ауыр болатыны анық: халықтың билік 
органдары қолға алған іс-шараларға сенімі азаяды; жалған ақпарат 
пен конспирологиялық теориялар етек алады; аурудың алдын алуға 
бағытталған санитарлық талаптарды ұстанбайтындар көбейіп, COVID-19 
дертіне шалдыққандар саны артады. 
Басқа елдердегі сияқты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (ҚР ДСМ) 
де ақпараттық саясатында кемшіліктер болды. Біздің ойымызша, осы 
жайт – 2020 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша, Шымкент қаласындағы 
ахуалдың аса ауыр болуының бірден бір себебі. Ресми статистика 
деректеріне сүйенсек, онда 5207 адамның COVID-19 дертіне шалдыққаны 
расталды, 71 адам қайтыс болды.


47


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет