Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Қазіргі заман қоғамының медиатизациясы және медианың



Pdf көрінісі
бет23/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Қазіргі заман қоғамының медиатизациясы және медианың 
әлеуметтік жауапкершілігі
Қазіргі қоғам медиатизацияланған, медиа әлеуметтік өмірдің барлық 
саласына кіріккен, қазіргі қоғам проблемасын бұқараға жария етпей 
шешу мүмкін емес. Баспасөздің әлеуметтік жауапкершілігі бар, әлеуметтік 
практикалар мен азаматтық қоғам құру ісінде оған баса назар аударады. 
Ресейдегі қағаз БАҚ тәжірибесі негізінде денсаулық сақтау саласын 
реформалаудың медиатизациясын зерттеген Ольга Миронова осындай 
қорытынды жасаған (Миронова, 2017).
Медициналық статистика, философия, эпидемиология және 
демография салалары бойынша білікті маман, дәрігер Игорь Гундаревтің 
ақпараттық социопсихология мен медиапсихология саласындағы 
зерттеулерінің нәтижесінен мәлім болғандай, ақпарат факторының 


48
тапшы болуы адамның рухани әрі психологиялық саулығына ерекше 
нұқсан келтіреді. Қазіргі кезде адамның ертеңіне сеніммен қарауы әрі 
ағымдағы жағдайдан хабардар болуы маңызды. Бұл – өмір сапасының 
тиісті деңгейде болуы үшін және мағыналық құндылықтардың іске асуы 
үшін бірден-бір қажет фактор (Гундаров & Полесский, 2007; Гундаров, 
2001).
Ақпараттық қоғам теоретигі Элвин Тоффлер жүргізген зерттеулер 
нәтижесіне ден қойсақ, БАҚ саласындағы революция қазіргі адам 
психикасындағы революцияға, ал коммуникациялар мен ақпараттық 
технологиялардың қарыштап дамуы психосфераның ыдырауына 
жеткізеді. Бүкіл әлем, соның ішінде ТМД елдері денсаулық сақтау 
саласындағы проблемаларды жаңа заман талабына сай және іске 
асырылып жатқан әлеуметтік коммуникациялардың сапасы мен 
ақпараттың адам психикасы мен санасына тигізетін әсері тұрғысынан 
қайта пайымдауға тиіс. Бұл саланы дәстүрлі көзқарастарға сүйеніп қайта 
пайымдау және реформалау мүмкін емес. Денсаулық сақтау жүйесін 
жетілдіріп, туындаған сын-қатерлерді ойдағыдай еңсеру үшін әлеуметтік-
ақпараттық сипаттағы жаңа әдістемелік парадигмаға өту керек (Тоффлер, 
2001; Тоффлер 2003; Тоффлер, 2007).
Ресей Федерациясы аумағындағы БАҚ қызметінің әртүрлі аспектісін 
қарастыруға, олардың қоғамдық санаға ықпал ету сипаты мен 
механизмдерін айқындауға арналған бірқатар зерттеу бар (Березин, 2002; 
Грабельников 2001; Засурский, 1999; Засурский, 2003; Засурский, 2004; 
Засурский, 2006; Коновченко & Киселев, 2004; Назаров, 2002; Свитич 2000). 
Аталған зерттеу жұмыстарының нәтижелері мен қорытындыларында 
қоғамдық сананы қалыптастыруда және халықпен билік органдары 
арасында байланыс орнатуда БАҚ-тың жетекші рөлге ие екені айтылған.
Аталған зерттеулердің қорытындыларын ескерсек, қоғамдық 
денсаулық сақтау жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық фактор 
рөлінің артып келе жатқаны байқалады, ал «қоғамдық денсаулық» 
категориясы медициналық емес, әлеуметтік-ақпараттық, әлеуметтік-
психологиялық, рухани және саяси ұғымға айналды. Жұқпалы ауруларды 
еңсеру, эпидемиологиялық қауіп күшейгенде, жағдайға дұрыс бейімделу 
және эпидемиологиялық ахуалдың тыс асқынып кетпеуін алдын алуда 
денсаулық сақтау жүйесін басқару органдарының ақпараттық саясатының 
маңызы зор. Мұны басқа да зерттеулердің нәтижесі растап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет