53
деректері туралы жариялаған мәліметтеріне сәйкес максималды r > 0,89.
ҚХР Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының деректеріне сай, іздеу
жүйелері мен әлеуметтік желілерде аталған тірексөздерді қолданудың
күрт өсуі COVID-19 жұқтырғандар саны ең көп болған кезеңнен 10–14 күн
бұрын тіркелген екен. Уақыт аралығы көрсеткішіне келсек, зертханалық
әдіспен расталған деректер үшін максималды корреляция 8–12 күннен
кейін, ал күдікті деректер үшін 6–8 күннен кейін байқалған (Li, et al., 2020).
Эпидемияларды ерте болжауға интернет-бақылау құралдарын
қолданудың пайдасы тиетінін басқа да зерттеулер растаған, олар мынадай
ауру түрлеріне арналған: грипп вирусы қоздыратын грипп (Ginsberg,
2009), Зика вирусы (Majumder, 2016), Денге безгегі (Marques-Toledo, 2017),
Таяу Шығыс респираторлық синдромы (Shin, 2016), H1N1 гриппі (Wilson,
2009) және қызылша (Santangelo, 2019). Инфекцияның пайда болуын
және таралуын дәл әрі дер кезінде болжауға қажетті сенімді деректерді
күні бұрын әрі көп шығын жұмсамай-ақ білуге болады деп қорытынды
жасауға негіз бар. Жұқпалы аурулар туралы ақпаратты ерте жеткізудің
ауру-сырқаттың алдын алуға және жағдайды бақылауда ұстауға қатысты
шешім қабылдау процесіне пайдасы зор.
Ғылыми әдебиетті жан-жақты талдау нәтижелеріне сүйеніп,
бүгінде қоғам денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесін ақпараттық-
коммуникациялық басқару мәселесі халықаралық деңгейде де, Қазақстан
Республикасында да аз зерттелген деген қорытынды жасауға болады.
Қарастырылған зерттеулер, теориялар мен әзірлемелер осы зерттеудің
алға қойған ғылыми міндеттерін орындауда бір қадам алға жылжуға
мүмкіндік береді. Ал психоәлеуметтік проблемаларды тиімді шешу үшін
ҚР Үкіметі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, медицина қызметкерлері
және өзге де мүдделі тараптар психоәлеуметтік дағдарыстардың алдын
алу мақсатында табысты халықаралық тәжірибелерді ескере отырып,
ақпараттық саясат стратегиясын жасауды дереу қолға алуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: