бөліктері кездеседі. Оңтүстік Орал тауының төменгі бөлігінде,
жалпақ жапырақты орманның астында таудың сұр орман то-
пырақтарымен ауысатын қаратопырақтар қалыптасады. Таудың
жоғарғы жағында, 1000 м биікте таудың шалғынды шымды
топырақтары орналасқан.
Орта Азия тауларының теңіз бен мұхиттардан шалғай-
лығы, климаттың континенталды, құрғақ болуына байланысты
басым көпшілігінің жамылғысы күрделі далалық болып келеді,
сондықтан шөлді-далалық топырақтар басым болады. Аңғар-
лардың төменгі бөліктерінде (300-ден 1200 м дейін) жусанды-
астық тұқымдастар астында сұр топырақтар, одан жоғарыда
1200-ден 3200 м дейінгі тауаралық шатқалдарда таудың қара-
топырақтары, таудың күрең және құба топырақтары қалып-
тасады.
Биік таулардағы құрғақ жазықтарда, 4 км-ден биік жерлер-
де тақыр тәріздес шөл топырақтары дамиды. 1600 – 2500 м биік-
тіктегі жақсы ылғалданған беткейлерде шалғынды-селеулі өсім-
дік жамылғысы астында қоңыр және күрең топырақтар, 2000 м-
ден биікте – қаратопырақтар, ал шыршалы, қарағайлы ормандар
астында орман топырақтары дамыған. 2800 м-ден биікте таудың
шалғынды шымды және шымтезекті топырақтары дамиды, 5000
м-ден жоғарыда әр жерде таудың тундралық топырақтары
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: