Солодтар
Солодтар деп ұзақ уақыт аралығында шайылуына байла-
нысты сіңірілен натрийдан толық айрылған, Са
2
+, Mg
2
+, H+
катиондарымен қаныққан, кебірленген топырақтарды атайды.
Кебірлердің солодтарға айналу жолын К.К.Гедройц анықтады.
Кебірлердің солодтарға айналу үдерісі солодтану деп аталады.
Солодтардың пайда болуы микроойпаңдарда, қар суы және
жауын суымен топырақтың ұзақ уақыт шайылуы арқасында
жүреді. Кебірлі горизонттың топырақ ерітіндісінің сілтілік реак-
циясы қарашірік коллоидтарының еруі мен алюмосиликаттар-
дың төменгі горизонттарға шайылатын жылжымалы біржарым-
дық тотықтар және элювиалды горизонтта жинақталатын крем-
неземге ыдырауына ықпал етеді. Нәтижесінде A
1
қарашірік
горизонты астында бозғылт элювиалды солодтанған А
2
го-
ризонты, одан төмен иллювиалды қалдықты-кебірленген В го-
ризонты қалыптасады.
Солодтарда келесі генетикалық қабаттар бөлінеді:
A
0
– орман төсеніші, A
l
– қарашірінділі-аккумулятивтік,
A
э
– элювиалды немесе солодтанған, В – иллювиалдық және С
– аналық жыныс.
Солодтар кәдімгі солодтарға - анық айқындалған А
2
го-
ризонты жоқ; шымды солодтар – айқындалған қарашірінділі А
4
горизонты бар; шымтезекті солодтар – шымтезекті қабаты бар;
кебірлеу және сортаңдау солодтар болып бөлінеді.
VII. III Қазақстан территориясындағы зонашаларға
қысқаша сипаттама
Қазақстан жер көлемі жағынан ірі ел – Англиядан 11 есе
үлкен. Ұлан байтақ территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай
1600 км, батысынан шығысына қарай 3000 км жерге созылып
жатқан кеңістікті алып жатыр. Республика ТМД елдері ішінде
Ресейден кейінгі екінші орында, яғни бұрынғы Ресейден басқа
13 одақтас республиканың жер көлемінен артық. Бейнелеп айт-
қанда Қазақстан жеріне Армения сияқты 90 республика еркін
сиып кетеді. Халқының саны жөнінен әлемде 80-ші орында
болып, жер көлемі жөнінен 10 елдің бірі. Дәлірек айтсақ Ресей,
Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үнді, Аргентинадан
кейінгі 9-шы орында. 10-шы орынға Судан мемлекеті ие. Әлем
халқының не бары 0,3%-ын құрай тұрып, Қазақстан жер
шарының 2%-ын алып жатыр.
Қазақстанда, кең алқапты жазықтар мен ойпатты жерлер,
биіктігі әртүрлі таулар кездеседі. Кең алқапты жерлердің табиғи,
климат, топырақ жағдайлары әртүрлі. Ол табиғаттың негізгі
зоналық заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның жазық
алқаптарында климаттың, топырақтың солтүстіктен оңтүстікке
қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса,
таулы алқаптардағы топырақ климат жағдайларының тау етегі-
нен таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық
заңына бағынады.
1) Республиканың қиыр солтүстігінде біраз территорияны
жеткілікті ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр.
Бұл зонашада ауадан түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері
330-350 мм, жерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас,
ылғалдану коэффиценті 1-ге жуық. Жер беті жазық, ойпатты
келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар
көп таралған, негізінен шайылған орманның сұр топырағы мен
шалғынды қара топырағы және сілтісізденген қара топырақтар
кездеседі. Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері
8-9%. Зонаша негізінен Батыс Сібір ойпатында орналасқан.
2) Кәдімгі қара топырақты зонаша республиканың 11,7
млн гектар, яғни барлық жерлердің 4,3 % - ын алып жатыр.
Ауадан түсетін ылғал 300-330 мм. Негізгі топырақтары – кәдімгі
орта гумусты қаратопырақтар. Топырақ қара шіріндісінің
мөлшері беткі 0-10см қабатында 7-8 %, табиғи күйінде құнарлы
топырақтар. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық орта
есеппен 10 жылда бір рет қайталанады.
3) Оңтүстік қаратопырақты зонаның көлемі 13,7 млн
гектар, республика жерлерінің 5,1% -ы. Топырақтың басым
бөлігі аз гумусты қара топырақтар. Топырақтар жамылғысында
сортаңдаған, әктенген топырақтар түрлері басымырақ кездеседі.
Құрғақшылық 10 жылда 2-3 рет қайталанады.
4,5) Қазақстанның батысынан шығысына қарай Шығыс
Қазақстан облысында құрғақ және шөлді далалы қара-қоңыр
топырақты зона алып жатыр. Оның көлемі 90,4 млн гектардай.
Қара топырақ шіріндісінің мөлшері 3-4%. Зонаның орта
бөлігінде ылғалдың азаюына байланысты өсімдіктердің өсуі де
сирексіп, топырақтың қарашірігі азаяды. Зонаның солтүстігінде
топырағы күңгірт қара-қоңыр, онда суарылмайтын жаздық
бидай егіледі. Мұнда құрғақшылық 3-4 жылда қайталанады.
Сондықтан өнімнің мөлшері ауа райына байланысты.
6) Шөлді далалы зонаша солтүстіктегі далалы аймақ пен
оңтүстіктегі шөлді аймақтың аралығында жатыр. Климаттың
құрғақ болуына байланысты мұнда өсетін шөптердің түрлері аз,
әрі сирек. Топырақтың құрамында қарашірік түсі ашық қоңыр
түсті. Ауадан түсетін ылғал мөлшері орта есеппен жылына 180-
210 мм, бұл өнімнің шығуын қамтамасыз ете алмайды. Сондық-
тан бұл аймақты тез пісетін тары, арпа, т.б. малдық азықтар егі-
леді, оның өзі суаруына қарай өнім береді.
7,8) Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігін кең алқапты
шөл алып жатыр. Бұл зона да Батыс Қазақстан, Қызылорда,
Ақтөбе, Ақмола обылыстары мен қатар Шығыс Қазақстанның
біраз жері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан обылыстары-
ның көпшілік жерлері енеді. Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал
мөлшері өте аз. Ылғалдану коэффициенті 0,1-0,05-ке шейін ке-
миді. Түркістан аймағы нағыз шөлдің өзі. Жерге тек ерте көк-
тем мен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан өсім-
дік тіршілігіне екі биологиялық тыныштық кезең өтеді бірі –
қыстың суығы, екіншісі – жаздың ыстығы. Топырағының түсі
құба топырақты.
9) Таулы алқаптарда ені әр жерде әртүрлі батыстан шы-
ғысқа қарай созылған тау етегінде шөлді дала зонасы – белдеуі
орын алған. Бұл белдеу таулы белдеулік зоналығының ең
төменгі сатысы. Ылғалдың орташа мөлшері 250-360 мм-ге дейін
жетеді. Ылғал көбінесе көктем, қыс айларында түседі, жаз, күз
айлары құрғақ болады. Ылғалдың түсуіне байланысты топырақ-
тың да түсі өзгеріп отырады. Таудан алыс жерлерде топырақ
түсі ашық сұрғылт түсті, одан кейін сұрғылт түсті және ашық
қара қоңыр зонашалар кездеседі.
10) тау етегі шөлді-далалы белдеуден биігірек алқапта
аласа таулы-дала белдеуі басталады. Ауадан түсетін ылғал
мөлшері 500-800 мм-ге жетеді. Ылғал көп түсетіндіктен шөп
жақсы өседі. Топырақтары да құнарлы, негізінен таудың қара
қоңыр топырағы мен қара топырақ, ал Батыс Тянь-Шань тау-
дың қоңыр топырағы. Бұл аймақта суарылмайтын егіс егіледі.
Бұл алқапта суарылатын және суарылмайтын жеміс ағаштары
мен бұталар көп өседі. Алматының әйгілі «Апорт» алмасы да
осы аймақта өсіп, көп өнім береді. Бұл зонаның көлемі 10 млн
гектарға жетеді.
11) Орташа таулы, шалғынды-орманды белдеуі аласа
таулы далалы белдеуінен жоғары алқапта жатыр. Бұл аймақта
түсетін ылғал мөлшері жылына 850-900 мм-ге дейін жетеді.
Шалғынды шөптер аса биік болып өседі. Топырағы аса құнарлы,
қара топырақ пен күңгірт-қара түсті орман топырағы. Таудың
қара топырағының қарашірінді мөлшері 10-12%. Көп жері негі-
зінен орман ағаштары, Тянь-Шань шыршасы. Көлемі 4 млн гек-
тардай.
12) Биік таулы-шалғынды және шалғынды-далалы белдеу
биік таулы аймақтарда орын алады. Ауа-райы суықтау. Ылғал
мөлшері орта таулы аймақтан аздау. Топырақтары – биік таулы
альпілік және субальпілік шалғынды, шалғынды –далалы топы-
рақтар. Таудың биік басында жыл бойы ерімейтін қар мен мұз
жатады. Алтайдың таулы аймағында таулы-тундра топырағы
кездеседі. Көлемі 3 млн гектардай.
Достарыңызбен бөлісу: |