Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану



Pdf көрінісі
бет101/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

Сортаңдардың жіктелуі.
Барлық сортаңдарды аниондар 
мен катиондар және олардың тұздарының, сонымен қатар мор-
фологиялық сипаттарына қарай жіктейді. Аниондарына байла-
нысты хлоридті, сульфатты, содалы және аралас сортаңдарға, ал 
катиондарына байланысты натрийлі, магнийлі және кальцийлі 
сортаңдарға жіктеледі. Олардың біріншісінде Na+, екіншісінде
Mg
2
+, үшіншісінде Са
2
+катиондары басым болады. 


Морфологиялық сипаттарына байланысты қабыршақты, 
борпылдақ, шалғынды және тақыр тәрізді сортаңдарға жікте-
леді. Қабыршақты (дымқыл) сортаңдар құрғақшылық кезінде әр-
түрлі тұздардан тұратын, хлоридтерге байланысты ақ түсті, 
тығыз, қытырлақ қабыршақ түзеді. Қабыршақты сортаңдарға 
содалы немесе қара сортаңдар да жатады, олардың түсі соданың 
әсерінен қарашірінді еритіндіктен күңгірт болады. 
Борпылдақ сортаңдардың құрамында құрғақ, шаңдауыт 
Na
2
SO

тұзы бар, қалыңдығы 5-7 см беткі горизонты болады. 
Шалғынды сортаңдар минерализацияланған жер асты сулары 
жақын орналасқан шалғын өсімдіктері астында қалыптасады. 
Олардың құрамында СаСО
3
, кейде MgCO
3
тұздары болады, қа-
рашірік мөлшері 6-8%, азотқа бай, бірақ фосфор мен калий мөл-
шері жеткіліксіз. 
Тақыр тәрізді сортаңдар бөлек төбелдер ретінде кездеседі. 
Оларда өсімдіктер мүлде өспейді десе де болады, тығыз, беттері 
жарылып кетеді, тұзды горизонты кесекті, бірталай мөлшерде 
хлоридтер мен сульфаттар кездеседі. Жоғарыдан қарағанда бұл 
сортаңдар кебірлерді, ал біраз тереңдіктегі құрамына кіретін 
тұздары бойынша – беті көк-жасыл балдырлармен жабылған 
сортаңдарды еске түсіреді. 
Сортаңдар кескіні тұрақсыз: бірде нашар дифференциал-
данған, сондықтан генетикалық горизонттарға бөлінбейді (сор 
сортаңдары), бірде жақсы қалыптасқан (шалғынды сортаңдар). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет