жинақталады. Олар құрғап кеткен көлдердің орындарында да
қалыптасады.
Сортаңдар теңіз жағалауларындағы облыстарда жағалау-
дағы тұзды шаңды жел көтеріп,
материк ішіне ұшырып әкетуі
барысында пайда болады. Желдің бұндай жұмысы Арал мен
Каспий маңында ерекше байқалады.
Өзен аңғарлары мен ойпаңдардағы сортаңдардың пайда
болуы жауын-шашынның тұздарды биіктеу жерлерден ойпаңдау
жерлерге шайып апаруынан болады. Шығу тегі осындай сор-
таңдар күрең
және құба топырақтар аймағында, ойлар мен ой-
паңдарда кездеседі. Кейде сортаңдар теңіз маңы жазықтарында
кездеседі, олар құрғап кеткен, әсересе
суы ащы көлдердің ай-
наласын орай таралады.
Топырақтарда тұздың көп мөлшерде жинақталуы биоло-
гиялық жолмен, галофит өсімдіктердің әсерінен де болуы мүм-
кін. Галофиттерге сораңдар – бұйырғын, ақтікен, қарабарақ
және басқа да көптеген өсімдіктер жатады. Еттілігі және ылғал-
дылығы жоғары сораңдар тез еритін тұздарды топырақтан сіңі-
реді. Ол
өсімдіктер қурап, өлген соң, тез еритін тұздар топы-
рақтың жоғарғы горизонттарында жинақталады да,
біртіндеп
тұзданып, ақыры сортаңға айналады. Табиғатта сортаңдардың
пайда болуы осындай, оларды біріншілік немесе табиғи сортаң-
дар деп атайды.
Табиғи сортаңдардан басқа жасанды немесе екіншілік
сортаңдар да пайда болады. Екіншілік тұздану егістікті суаруды
немесе құрғатуды дұрыс жолмен жүргізбеген жағдайда пайда
болуы мүмкін. Құрғату
арықтары дұрыс салынбаған, суаруға
суды көп мөлшерде ысырап еткен жағдайда, жер асты сулары
көтерілуі және топырақ тұздануы болады. Іс жүзінде
жақсы
суару жүйесінің 1л суындағы тұздар 0,5 г-нан аспауы тиіс екен-
дігі анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: