және екіншілік тұздану үдерісін болдырмау шараларын іске
асыру қажет. Бұл зонаның көп бөлігі (29,7 %) жайылым ретінде
пайдаланылады, оларды жақсарту, жерді тиімді пайдалану
тығыз байланысты.
VII. II Тұзданған топырақтар мен солодтар, олардың
таралуы мен аумағы
Тұзданған топырақтарға кебірлер, сорлар және сортаңдар
жатады. Олар интразоналық топырақтар, яғни олардың өз то-
пырақ зонасы жоқ және әртүрлі зона топырақтары арасында ара-
ласа кездеседі. Дегенмен зоналық та маңызы бар, себебі бұл то-
пырақтар ыстық, құрғақ климат пен тұзданған жер асты сулары
жағдайында қалыптасқан. Дегенмен, кебірлер, сорлар және
сортаңдар тіпті Якутияда да кездесетінін айта кеткен жөн.
Тұзданған топырақтар мен солодтар зонасы ТМД аума-
ғында 160 млн. га құрайды. Олардың 0,5% (Фатьянов, 1972)
солодтар мен солодтанған топырақтар. Кебірлер негізі сұр
топырақтар аймағында, біраз бөлігі каратопырақ, күрең және
құба топырақтар аймағында таралған.
Достарыңызбен бөлісу: