Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану


Лессті сазбалшықты және ауыр сазбалшықты күңгірт-



Pdf көрінісі
бет95/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

Лессті сазбалшықты және ауыр сазбалшықты күңгірт-
күрең топырақ кескіні 
А
о
3 см – күңгірт-сұр, өсімдік тамырларына толы, шаңды-
кесекшелі, горизонталь қатпарларға бөлінеді, орташа саздақ, 
борпылдақ; 
А
э
– 23 см – күңгірт-сұр-қоңырлау, кесекшелі, ауыр саз-
балшықты, тығыздалған, дендриттер тамырлар кездеседі; 
В
і
23 – 38 см – күңгірт-сұр, қоңырлау реңкті, ауыр саз-
балшықты, құрылымдық кесекшелердің қырлары жаңғақты 
коллоидты қабықшасы тығыздау; 
В
а
38 – 55см – күңгірт-құба, ауыр сазбалшықты, тығыз, 
ұсақ призмалы, тамырлар, дендриттер кездеседі; 
В
к
55 см-ден бастап қуқыл-құба, ауыр сазбалшықты, 
тығыз, НС1-дан шымырлайды, 90 см тереңдіктен бастап ақкөз-
дер кездеседі. 
Топырақтың жоғарғы қабатының құрылымсыздығы аздап 
сортаңданғанын, ал В горизонтының қабыршақтануы мен ны-
ғыздалуы – топырақтың жоғары горизонттарына коллоидты-
лайлы тұнбалардың шайылып сіңетінін көрсетеді. Күрең 
топырақтарда қарашірік А және В горизонттарында болады, 


сондықтан жалпы қалыңдық А+В горизонт қалыңдықтарының 
қосындысы арқылы анықталады. 
В.В.Докучаевтың күрең топырақтар классификациясы 
бойынша оларды күрең топырақтарға ( құрамындағы қарашірігі 
4% шамасындай) және ашық-күрең топырақтарға (құрамындағы 
қарашірігі 2 – 3%) жіктейді. Н. С. Коссович күрең топырақтарды 
үш тип тармағына бөлді: күңгірт- күрең (қарашірігі 5 – 6%), 
күрең (қарашірігі 3 – 4%), ашық-күрең (қарашірігі 2 – 3%).
Тек бойынша бөлінуі: кәдімгі – жоғарғы горизонттар құ-
рылымы кесекшелі, күрең түсті, В горизонтының төменгі бөлі-
гінде немесе қарашірік горизонтында шымырлайды, тез еритін 
тұздар 1-2м тереңдікте, яғни тамырлы қабаттан төмен болады; 
кебірленген – жоғарғы горизонты құрылымысыз, bi горизонты 
біршама тығыздалған, құрылымы кесекті-призмалы, құба-қоңыр 
қабыршақпен көмкерілген; сортаңдау – тез еритін тұздары 
0,25% кұрайды, солодтанған, құрылымдық кесекшелері бозғылт 
түсті кремнезем ұнтақтарымен көмкерілген, карбонатты, бетінен 
шымырлайды, топырақ кескіні толық қалыптаспаған. Тектер 
аралас болуы мүмкін, мысалы кебірленген-сортаңдау. 
Қарашірік горизонтының қалыңдығына байланысты 
топырақтарды қалың қабатты (А + В 50 см-ден көп), орта қабат-
ты (30—50 см), жұқа қабатты (20—30 см) және қысқа қабатты
( 20 см-ден аз) деп бөледі. 
Кебірлену дәрежесі бойынша бөлу мынадай: кебірленген – 
3%-да аз, шамалы кебірленген – 3-тен 5%-ға дейін, орташа ке-
бірленген 5-тен 10%-ға дейін және күшті кебірленген – 10-нан 
15%-ға дейін. 
Топырақ түрлерін жоғарғы горизонттардың механикалық 
құрамы бойынша, ал разрядтарды аналық жыныстары бойынша 
бөледі. 
Дала белестері арасындағы ойпаңдарда, өзендердің арна-
үсті террасаларында шалғынды-күрең топырақтар қалыптасады. 
Бұндағы қосымша ылғалдылық шалғынды дала өсімдіктерінің 
дамуына септігін тигізеді (бидайық, жоңышқа, т.б.). Шалғынды-
күрең топырақтарға қарашірік горизонтының едәуір қалыңдығы 
және органикалық заттар мен Қоректік элементтердің көп 


мөлшері болуы тән. Олар күрең топырақтар сияқты жіктеледі, 
сонымен қатар мұнда глейлі топырақтар бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет