қаратопырақтар жер бетінде шымырлайды және олардың бүкіл
кескіні бойында бірталай көлемде карбонаттар болады.
Сортаңдау қаратопырақтардың сіңіру кешенінде 5%
натрий негіздері бар. А горизонтының құрылымы мықты емес,
В горизонты өте тығыз және құрылымы кесекті немесе кесек-
шелі. Топырақ ерітіндісінің реакциясы жеңіл сілтілі, ылғал-
данғанда олар ериді, ал құрғағанда қабыршақпен жабылып қала-
ды. Қаратопырақтар басқа топырақ типі тармақтарына қарағанда
су және ауалық қасиеттері төмендеу болып келеді, кішігірім
ойпаңдарда кездеседі.
Қарашірік горизонтының қалыңдығы бойынша қара-
топырақтар: өте қалың қабатты (120 см артық); қалың қабатты
(120 – 80 см); орташа қабатты (80 – 40 см); жұқа қабатты (40 –
25 см) және қысқарған қабатты (25 см-ден кем) болып бөлінеді.
Қарашіріктің құрамына қарай қаратопырақтар: тығыз (9%
артық); орташа қарашірікті (9% – 6% дейін); аз қарашірікті (6%
– 4%) және шамалы қарашірікті (4% кем) болып бөлінеді.
Қаратопырақтардың арасында біраз жерде сорлар,
сортаңдар, кебірлер және солодтар кездеседі.
Жоғарыда айтылып кеткен барлық қаратопырақтардың
зона тармақтары механикалық құрамы бойынша балшықты, саз-
балшықты, саздақ, құмдауыт, құмдақ және т.б. болып бөлінеді.
Осылардың ішіндегі ең көп тарағандары – сазбалшықтар, ауыр
сазбалшықтар және балшықтар.
Достарыңызбен бөлісу: