Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану


VI БӨЛІМ.  Қаратопырақтың шығу тегі



Pdf көрінісі
бет88/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

VI БӨЛІМ. 
Қаратопырақтың шығу тегі 
 
Қаратопырақтың шығу тегі ертеден өзіне көптеген зерт-
теушілердің көңілін аударды. Қаратопырақтың шығу тегі тура-
лы бұрын бірнеше болжамдар мен теориялар жарияланған бо-
латын, оған қазіргі кезде де қызығушылық бар. Қара топырақ-
тың шығу тегін ғылыми тұрғыда зерттеулердің ірге тасын 
қалаған орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов (1763). 
Қаратопырақтардың зерттелуінде маңызды рөл атқарған 
В.В.Докучаев. Ол бірінші болып қаратопырақтардың таралу ау-
дандарында тыңғылықты зерттеулер жүргізді. Қаратопырақтар-
дың зерттелуіне В.В. Докучаевтың замандасы орыс ғалымы, 
профессор П.А.Костычев та үлкен үлес қосты, ол қарато-
пырақтарда қарашірік тек топырақ массасындағы тамыр қалдық-
тарын сол орында ыдырауынан болатынын анықтады, сонымен 
қатар қаратопырақтың дамуында көпжылдық өсімдік жамылғы-
сының маңызы зор екені дәлелденді. Сол арқылы қаратопырақ-
тардың дамуында шешуші маңызға ие болатын шөптесін өсім-
діктер екені де толық дәлелденді. 
Қазіргі уақытта қалыптасқан жалпыға ортақ көзқарас мы-
нандай: қара топырақ шалғынды-далалық өсімдік жамылғысы-
ның астында шайылмайтын су режимі жағдайында дала айма-
ғында немесе әлсін-әлсін шайылатын орманды дала аймағында 
дамыған топырақтар болып табылады. 
Климаты. Зонасы кең аумақты қамтитындығына байла-
нысты, қаратопықты зонаның климаттық жағдайлары да алуан 
түрлі болады. Батыстан шығысқа қарай біртіндеп климаттың 
құрғақтығы артады. Континенталдық сипат өседі, қысқы тем-
пература төмендейді. Қаратопырақ аймағының температурасы
жазда жылы, қыста өте суық болады. Зонаның батыс және оң-
түстік бөліктерінде жылдық орташа температура +10

шығыста 
0
0
шамасында. Осыған байланысты Сібірдегі жыл бойындағы 
суық күндер саны оңтүстік- батыс Украинаға қарағанда 2 есе 
жоғары. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері – 500 мм, 
Сібірге қарай 300 мм-ге түседі. Сонымен, жауын-шашынның 
мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай да өзгереді. Аумақтың 


Еуропалық бөлігінде 500-ден 350 мм-ге, ал азиялық бөлігінде 
400-ден 250 мм-ге дейін төмендейді. Негізгі жауын-шашын 
мөлшері жаздың ыстық күндерінде нөсер жауын ретінде жауа-
ды. Бұл жауыннан тек азғантай ғана бөлігі топыраққа сіңеді, ал 
қалған бөлігі ағып кетеді. 
Жауын-шашын топырақты таяз әрі жеңіл ғана ылғайдай-
ды. Дала зонасының су режиміне әсер ететін негізгі факторлар 
ауаның төменгі ылғалдылығы, жаз айларының жоғары темпера-
турасы және ыстық жерлердің құрғауы. 
Дала зонасы топырақтарының ылғалдылық қоры көктем
айларында және жаздың басында жинақталады. Бірақ, жаздың 
ортасына қарай, топырақ ылғалдылығы төмендеп, шөптесін 
өсімдіктер қурай бастайды. Топыраққа келіп түсетін шектеулі 
ылғалдылық мөлшері топырақты орман зонасындағыдай сіл-
тісіздендіре алмайды. 
Өсімдіктері. Қаратопырақ зонасының негізгі ерекшелігі – 
орманның аздығы. Зонадағы ормандар өзен аңғарлары, өзектер, 
өзендердің құмды террассаларында дамыған. 
Қаратопырақты дала зонасы түгелдей дерлік егістікке 
айналдырылған, табиғи өсімдіктері мүлде жоқ десе де болады.
Табиғи өсімдік жамылғысы зонаның тек адам бармайтын бөлік-
терінде, яғни қазіргі таңда тек қорықтарда кездеседі. 
Табиғи шалғындық дала өсімдіктердің құрамы бүкіл зона 
бойынша бірдей емес. Қаратопырақты зонаның өсімдіктерін 
құрамына қарай 3 зона тармақтарына бөледі: шалғындық, алуан 
түрлі өсімдікті, бетегелі-ақселеулі. Шалғындық дала орманды 
даланың қаратопырағына тән, ал қалғандары нағыз немесе 
астықтұқымдастар даласына жатады. 
Дала зонасына тез дамып, астықтұқымдастарды басып 
қалатын қос жарнақты өсімдіктерден басым болады. Орманды 
даланың оңтүстік бөлігінде ксерофит бұталар нуы кездеседі. 
Олар, дала шиесі, тобылғы, тікенбұта, бұршақ тұқымдастар 
шіілік, т.б. Солтүстік және орталық дала зоналарына тән алуан-
шөпті-бетегелі-қаулық далаларда негізінен астықтұқымдастар
өседі, олар: боз бетеге, қау, дала сұлысы, ақселеу, еркек. Алуан-
түрлі өсімдіктер шалфей, жер жаңғағы, жоңышқа, қоңырбас, 
т.б. Өсімдік жамылғысы қалың. Даланың солтүстік бөлігіндегі 


бетегелі-қаулық зонада салыстырмалы түрде өсімдік жамыл-
ғысы сиректеу көбіне қау, аласа селеу, бетеге, еркек, боз би-
дайық, қызғалдақ, т.б өседі. Эфемерлер – крупка, бойдана, 
қоңырбас және қынатер, мүктер мен көк жасыл балдырлар 
тіршілік етеді. 
Бұл зона тармағында ылғалдық мөлшері төмендеу. Соған 
байланысты күзгі салым өсімдік құрамында жусан, жантақ, 
сораң өсімдіктер түрлері басым болады. 
Биологиялық жағдайынан қарағанда осы зоналарда көп 
тараған өсімдіктердің вегетациялық кезеңі қысқа және олар 
ылғал жетіспеушілігіне бейімделуімен ерекшеленеді. 
Дала зоналарына тән қалың өсімдік жамылғысы жыл 
сайын қурап, топыраққа көп мөлшерде органикалық заттар тас-
тайды. Қаратопырақ аймағында шөптесін өсімдіктердің жер 
үсті бөлігі жыл сайын 18, тамыр бөлігі 20 ц/г органикалық құр-
ғақ заттар береді. 
Демек, қаратопырақ кескінінің қалыптасуында шөптесін 
өсімдіктердің тамыр жүйесі маңызды орын алады. Гумифика-
ция үдерісінің нәтижесінде өсімдіктер қалдығының көп бөлі-
гінде қара шіріндіге айналады да, біртіндеп жердің беткі қаба-
тында қарашірік түрінде жинақталады. Қаратопырақты зоналар-
да басқа да топырақ зоналарына қарағанда қарашіріктің әлде-
қайда көп болуы осыған байланысты. Жыл сайын жерге осы 
органикалық заттармен бірге көп мөлшерде азот және күлдік 
заттар да келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет