Өсiмдiктерi.
Қазақстанда өсiмдiктердiң 15 мыңдай түрi
бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңдайы саңырау-
құлақтар, 600-ге жуығы қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрiздiлер
және 6 мыңнан астамы-жоғары сатыдағы түтiктi өсiмдiктер.
Қазақстан микрофлорасының (саңырауқұлақтар) құрамындағы
түрлердiң 4,8%-ы эндемик (жергілікті) болып табылады. Жо-
ғары сатыдағы өсiмдiктердiң түр байлығы, интродукцияланған,
мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелiнген 500-ден аса түрлердi
қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық
түрден тұрады. Оның iшiндегi 730 түр тек Қазақстанда өсетiн-
эндемиктер. Бұлардың iшiндегi ең ерекше 12 монотиптi туыс
бар: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра,
канкриниелла, тобылғыгүл, шолақтауия, т.б. Өсiмдiктердiң
Қазақстан жерiнде таралуы, түрлер мен эндемиктердiң топта-
суы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әртүрлi. Респуб-
ликаның осыншама бай өсiмдiктер дүниесi түрлердiң биология-
лық, экологиялық, эволюциялық ерекшелiктерiне байланысты
әртүрлi бiрлестiктер мен қауымдастықтарда жүйеленген.
Қазақстанның жазық бөлiгi
орманды далалық, дала,
шөлейт және шөл
аймақтарға ажыратылады. Орманды далалық
аймақ республика жер аумағының 2,04%-ын алып жатыр.
Орман түзушi түрлер: жылауық қайың, талдың бiрнеше түрлерi,
бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалық шие, т.б. бар. Бұл
аймақтың шалғындық және далалық телiмдерiнде алуан түрлi
шөптесiн өсiмдiктер мен астық тұқымдас шөптер басымдылық
ететiн қауымдастықтар таралған. Бұл аймақ 2 аймақшаға
бөлiнедi: 1) оңтүстiк ылғалы аз қоңыржай жылы орманды дала
аймақшасы сұр ормандық топырақта қайыңды-теректi, теректi
ормандар, ал қара топырақта шалғынды-далалық экожүйелер
орналасқан; 2) қоңыржай құрғақ шоқталған орманды дала
белдемi-қайыңды-теректi шоқ ормандар мен қара топырақтағы
алуан-түрлi және астық тұқымдасты шөптесiн өсiмдiктi далалық
экожүйелер таралған.
Далалық аймақ елiмiздiң жер аумағының 28%-ын алып
жатыр, көлемі 110,2 млн. га, батыстан (Едiл-Жайық өзендерi
аралығынан) шығысқа қарай (Алтай-Тарбағатай тау бөктерi)
2500 км-ге созылып жатыр. Далалық флораның құрамында
2000-нан астам түр бар деп шамаланады. Оның 175-i — эн-
демиктер. Негiзгi басым түрлер: қау (боз), сонымен қатар бетеге,
тобылғы, қарағай, аласа бадам. Далалық аймақ 3 аймақшаға
бөлiнедi: 1) қоңыржай-құрғақ және құрғақ дала; кәдiмгi және
оңтүстік қара топырақтағы алуан түрлi шөптесiн — бозды ай-
мақша; 2) қоңыржай-құрғақ және жылы-құрғақ аймақша-күңгiрт
күрең және жай күрең топырақтардағы бетегелi-бозды дала; 3)
шөлейт құрғақ, қоңыржай ыстық аймақша-ашық күрең топы-
рақтағы жусанды-бозды дала. Шөлдi аймақ – жалпы көлемі
124,6 млн. га. Өзiне тән өсiмдiк жамылғысы алуан түрлi, 2500-
2800 түр бар, олардың iшiнде 200-215 түрi-эндемиктер. Шөлдi
аймақ 5 аймақшаға ажыратылады: 1) солтүстiк далалы жердегi
құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер – көлемі 40 млн. га немесе
елiмiздiң жер аумағының 14,7%-ы. Өсiмдiк жамылғысы астық-
тұқымдасты-жартылай бұталы (боз, еркекшөптi-жусанды)
шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгiн-раң-шағыр-жусан-еркек-
шөптi) шөлдер тарайды; 2) орталық (солтүстiк тұрандық) өте
құрғақ, ыстық шөлдер көлемі 51,2 млн. га немесе республика
жерiнiң 18,9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы
(жусанды, бұйырғынды, изендi), сексеуiлдi, бұталы (қоянжын-
жүзгiндi) өсiмдiк жамылғысы дамыған; 3) оңтүстiктегi өте
құрғақ, ыстық шөлдер көлемі 30,3 млн га, немесе Қазақстанның
11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты - жартылай
бұталы (сұр-жусанды, эфемерлi), ал дөң және тiзбектелген
аллювийлi - эолды құмдарда бұталы-сексеуiлдi-эфемероидты
(сексеуiл-қоянжын-жүзгiндi) өсiмдiк жамылғылары тән; 4) тау
етегiндегi құрғақ, өте ыстық шөлдер - аум. 3,2 млн. га немесе
Қазақстанның 1,2%-ы. Негiзiнен эфемероидты iрi шөптесiн-
жартылай бұталы өсiмдiктер өседi; 5) тау етегiндегi өте құрғақ
шөлдер-көлемі 11,6 млн. га немесе республиканың 4,3%-ын
алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттiк бұталы өсiмдiк жа-
мылғысы тән.
Қазақстанның таулы экожүйелерiнiң көлемі 18,6 млн. га,
яғни республика жерiнiң 7%-ы.
Бұл ретте есепке алынып отыр-
ғаны 4-5 биiктiк белдеулi биiк таулар ғана.
Таулы экожүйе-
лердiң флорасын 3400-3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның
iшiнде 540-570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың
флорасында 165-170 эндемик түрлер бар. Олардың iшiнде,
шыршалы (шренктiк шырша, сiбiрлiк шырша); май қарағайлы,
самырсынды (сiбiрлiк самырсын, сiбiрлiк майқарағай); қылқан
жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз
алмасы), өрiктi (кәдiмгi өрiк), қайыңды-теректi (түктi қайың, көк
терек) — жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады.
Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөрiқарақаттың (зеректiң),
аршаның, қылшаның, бетегенiң, сарыкүйiк қауымдастықтары да
кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы — пайдалы өсiм-
дiктердiң қайнар көзi. Мұнда жем-шөптiк өсiмдiктердiң 700-ден
астам түрi, дәрiлiк өсiмдiктердiң 400-ге жуық, әсемдiк-безен-
дiрушiлiк 700-800, ширнелiк (300-ден астам), эфир-майлық (450-
ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсiмдiктер түрлерi бар.
Достарыңызбен бөлісу: |