Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану



Pdf көрінісі
бет85/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

қара топырақты
және 
күңгірт күрең
топырақты 
зоналарда орналасқан. Кебірлер негізінен жайылым ретінде 
пайдаланылады. Ылғалды кебірлер далалық алқаптардағы қара 
топырақты зонаның көктеректі-қайыңды және талды шоқ 
тоғайлар өсетін ойпаңдау жерлеріне тән. Ылғалды кебірлердің 
аморфты кремний қышқылына және кварц қалдықтарына жақсы 
қаныққан бозғылт және ақ ұнтақты тұз жиналған горизонттар 
бар. Бұл горизонт негізінен тереңдігі 8-10 см және жер бетіне 


тым жақын жатқан жұқа қабатты шымды қарашірікті орман 
асты төсеніш қабатын құрайды да 30-50 см тереңдікте бұл 
горизонт күрең немесе күңгірт күрең иллювийлік горизонтқа 
ауысып кетеді. Карбонатты горизонт 70-100 см тереңдікте 
жатады. Топырақтың көлденең қимасынан артық ылғалдану із-
дерін (көкшіл сұр және тат басқан дақтарды, темірлі конкре-
цияларды) байқауға болады. Ылғалды кебірлер қарашіріктің 
сипатына қарай жер асты суы 1,5 м, 1 м және 0,5 м тереңдікте 
жатқан жағдайда дамитын нағыз шымды-глейлі (шалғындық) 
және шалғынды батпақты топырақ түрлеріне ажыратылады. 
Ылғалды сортаң топырақты зона мал жайылымына және ша-
бындыққа пайдаланады. 
Орманды – сұр топырақ – Қазақстанның қиыр солтүстігін-
де орналасқан топырақ түрі. Бұл зона республиканың солтүсті-
гіндегі көктеректі-қайыңды орман астында қалыптасатын шағын 
аудандарды қамтиды. 
Жоғарыда аталғандай Қазақстанның жазық аймақтарында 
солтүстіктен оңтүстікке қарай мынадай топырақ зоналары 
жатыр: 1) республиканың қиыр солтүстігінде орманды дала 
зонасы таралған. Негiзiнен бұл жерлер Батыс Сiбiр ойпатында 
орналасқандықтан жер бетi жазық, ойпатты, сондықтан орман-
ның шайылған сұр топырағы мен сiлтiсiзденген қара топырағы 
тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы, негiзiнен жаздық би-
дай егiледi. Қалған жерлерiн орман, шабындық пен жайылымдар 
алып жатыр. Көлемі 400 мың га; 2) осы зонадан оңтүстікке 
қарай даланың қара топырақты зоналары көлемі 25,7 млн. га, 
оның 15 млн. га жыртылған жерлер, негiзiнен астық дақылдары 
егiледi. Қара топырақты зона солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 
аймақ аралығына бөлiнедi: кәдiмгi қара топырақты аймақ ара-
лығы Батыс Сiбiр ойпатының оңтүстігін Сарыарқа өңiрiнiң және 
Жайық биiк шығыс жазығының солтүстік бөлiктерiн қамтып 
(енi 100-140 км-дей), батыстан шығысқа созылып жатыр. Кө-
лемі 11,8 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы, негiзiнен 
астық дақылдары егiлiп, еттi-сүттi мал өсiрiледi; оңтүстiктiк 
қара топырақты аймақ аралығы — кәдiмгi қара топырақты 
аймақ аралығының оңтүстігін бойлап батыстан шығысқа созы-
лып жатыр, енi 50-125 км-дей, аум. 13,9 млн. га. Жер бетi жазық, 


топырағы құнарлы. Бұл негiзiнен ылғалы жеткiлiктi, дәндi 
дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбiр 7-8 жылда 
бiр-екi рет қайталанады. 
3) Республиканың оңтүстік бөлiгiндегi шөлдi аймаққа 
дейiнгi орта аймақты құрғақ-далалы және шөлдi-далалы күңгірт 
топырақты аймақ алып жатыр. Көлемі 90,5 млн. га, яғни 
республика жерiнiң 33,2%-ын қамтиды. Мұнда солтүстіктен 
оңттүстікке қарай 3 (үш) аймақ аралығына бөлiнедi: күңгiрт 
күрең топырақты аймақ аралығы – қоңыржай қуаң дала, мұнда 
жыл сайын егiннен тұрақты өнiм алынбайды. Топырақтағы қара-
шiрiк мөлшері 3-4%-дай. Көлемі 27,7 млн. га. Топырақ құнары 
жақсы болғанымен құрғақшылық әрбiр 3-4 жылда бiр қайта-
ланып тұрады. Соңғы 10 жылда бұл аймақ аралығындағы жыр-
тылған жер көлемi оларды пайдаланудың тиiмсiздiгiнен, 
бұрынғы 10 млн. га-дан 3-4 млн. га-ға азайтылған; жай күрең 
топырақ орын алған алқаптың көлемі 24,4 млн. га. Топырақтың 
беткi қабатындағы қарашiрiк мөлшері 2-3%. Құрғақшылық 1-2 
жылда бiр рет қайталанады, сондықтан суарылмайтын егiншi-
лiкпен айналысу тиiмсiз, ал суару үшiн тұрақты су көздерi жоқ. 
Тың игеру кезiндегi асыра сiлтеушiлiкпен бұл аймақ аралы-
ғында астық үшiн игерiлген 4-5 млн. га жерге соңғы 10-12 жыл-
да егiс егiлмейтiн болды, тек аз ғана малазықтық дақылдар егi-
летiн жерлер қалдырылды. Мұнда соңғы жылдары тек мал өсi-
рiледi; ашық күңгірт топырақты белдем аралығы – өте қуаң шөл 
(шөлейт) дала, негiзiнен мал шаруашылығына жарамды. Көлемі 
38,4 млн. га. 
4) Шөл дала аймақтың көлемі 119,4 млн. га, немесе рес-
публика аумағының 44%-ы. Мұнда 2 аймақ аралығы орын алған. 
Құба топырақты аймақ аралығы – шөлдi аймақ, оның жусаны 
мол, жайылымы жұтаң жерлер. Көлемі. 57,4 млн. га. Жылдық 
жауын-шашын мөлшері 120-150 мм. Топырақтың беткi қабатын-
дағы қарашiрiк мөлшері 1-1,5%. Сұр құба топырақты аймақ 
аралығы шөлдi аймақ, жусан мен эфемерлi өсiмдiктер басым. 
Көлемі 61,8 млн. га. Жылына түсетiн жауын-шашын мөлшері 
80-130 мм. Топырақта қарашiрiк мөлшері. 1%-дай. Аймақта 
құмды, тақыр, сор жерлер жиi кездеседi. Бұл жерлерде мал 


шаруашылығы дамыған, егiншiлiк суармалы жерлерде ғана 
игерілген. 
Биiк таулы аймақтың топырағы республиканың оңүстік-
шығысын алып жатыр. Көлемі 37 млн. га, республика жерiнiң 
14%-ын құрайды. Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан 
ерекшеленетiн 4 биiктiк белдеу бар: 1) тау етегiндегi шөлдi-
далалы белдеу теңiз деңгейiнен 450-750 м (кейбiр аймақтарда 
300-1000 м) биiктiкте орналасқан. Тянь-Шань тау етектерiнде 
негiзiнен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегiнде сұр-құба, Солтүстік 
Тянь-Шань мен Алтай таулары етектерiнде ашық күрең топырақ 
таралған. Бұл жерлер суармалы, тәлiмi егiншiлiк және мал шар-
уашылығы дамыған. 2) Аласа таулы дала белдеуi – әртүрлi 
таулы аймақта 600-2200 м биiктiкте орналасқан алқап. Алтай 
мен Солтүстік Тянь-Шаньда таудың күңгiрт күрең және қара то-
пырағы таралған. Ал Батыс Тянь-Шаньда (Оңтүстік Қазақстанда)
сұр құба және таудың құба топырағы басым. Жайылымы жақсы, 
ағашы қалың алқап, мал шаруашылығы жақсы дамыған.
3) Орташа таулы орманды-далалы және шалғынды-орманды 
аймақтар әртүрлi таулы алқаптарда 1000-2500 м-ге дейiнгi 
деңгейдi қамтиды. Негiзiнен таудың шайылған, сiлтiсiз қара 
топырақтары мен орманның сұр топырақтары және таулы-
шалғынды топырақ таралған. Батыс Тянь-Шаньда таудың құба, 
Алтайда күлгiн топырақтар түзiлген. Жайылымы — шүйгiн, 
орман ш. жақсы дамыған. 4) Биiк таулы альпiлiк, субальпiлiк 
шалғынды және қарлы-мұзды белдеулерi Батыс Тянь-Шань мен 
Алтай аралығындағы биiк таулы аумақтардың 1800-3800 м 
кейде одан да биiк деңгейлердi алып жатыр. Топырағы альпiлiк, 
субальпiлiк, шалғынды-шымды. Көпшiлiк жерi топырақсыз 
тасты шыңдар мен мәңгi мұз, қар басқан шыңдардың үлесiне 
тиедi. Шалғынды жерлерi жазғы жайлау ретiнде пайдаланы-
лады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет