сұр-
құба
топырақтар кеңінен таралған. Топырақ типтерінің бұлайша
алмасуы жауын-шашын максимумының көктемгі және қысқы
маусымдарға алмасуымен жусанды-астық тұқымдас өсімдік
жамылғысының жусанды-сораңды өсімдік жамылғысына алма-
суына сәйкес келеді. Мұндағы құба және сұр-құба топырақтар
республика аумағының көп бөлігін қамтып (43,6%), Үстірт,
Каспий маңы ойпаты, Торғай төрткүлді өлкесі, Бетпақдалада
және басқа ірі ойпаттарда үлкен массивтер түрінде таралған.
Құба
және
сұр-құба
топырақтар зонасы республика шегінде
тұтас аумақ құрап, солтүстігінде
ашық-күрең
, ал оңтүстігінде
тау бөктерінің
сұр
топырақ типтері аралығында орналасқан.
Бұл кеңістікті кей ғалымдар
құба
топырақты
шөлейт зонаға
, ал
сұр-құба
топырақты
шөл зонасына
жатқызады. Қазақстан
топырақтану мамандары
құба
топырақты
шөл зонасының негізгі
зоналық типіне
жатқызады.
Құба
топырақ зонасы 2 (екі) зона
тармақтарына:
шөл аймағының солтүстігін
қамтитын
құба
то-
пырақты (республика зонасының 21,6%) және
оңтүстік шөл-
дердегі
сұр-құба
топырақты (республика зонасының 22% алып
жатыр) өңірлерге бөлінеді. Шөлді аудандардағы көктемде су
жиналатын тегістелген ойпаңдарда
таза тақыр
немесе
тақыр
тәріздес
топырақтар дамыған. Бұл топырақ типінің беті поли-
гон алды пішіндегі пластинкаларға бөлініп жарылған саз қабыр-
шақтарынан
тұрады. Топырақтың бұндай түрлері Шу, Сырдария,
Іле, т.б., өзендердің төменгі ағыстарында,
Достарыңызбен бөлісу: |