Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану


кебірлер  дала және  шөлейт зоналарына, ал сортаңдар шөл зонасына ұласып кетеді. Сортаңдардың



Pdf көрінісі
бет83/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

кебірлер 
дала
және 
шөлейт
зоналарына, ал сортаңдар шөл зонасына
ұласып кетеді.
Сортаңдардың
едәуір бөлігі 
күңгірт-күрең
және 
күрең
топырақ зоналарында да аралас және өз алдына 
жәке массивтер құрап орналасады. Қазақстан аумағында 
кебір-
лер
мен олардың кешендері 30%-дан астам жерлерді қамтиды. 
Шөлейт және шөл зоналарында сортаңдар ірі массивтер түрінде 
Каспий теңізі жағалауында, Арал теңізі және Балқаш маңында, 
сонымен қатар кеуіп қалған көлдер түбінде кездеседі. Сортаң-
дар ауданының жалпы өсу тенденциясы байқалуда. Жамбыл 
облысы жерінің 16,7%-ы сортаңдардан құралған. Сортаңдар 
сонымен қатар Атырау, Маңғыстау, т.б. облыстарда да жиі 
таралған. Сортаңдар және олардың кешендерінің республика-
дағы жалпы ауданы 10 млн гектарға жуық. Республиканың 
солтүстік Ақмола, Павлодар, Көкшетау облыстарындағы көкте-


ректі-қайыңды, қарағайлы шоқ ормандарында ылғалдылығы
жоғары сортаңдар кездеседі. 
Қазақстанның өзен аңғарларында су режимі әсерінен 
қалыптасқан топырақ түрлері таралған. Өзен жайылмаларында 
тоспалардың жыл сайын қабатталып жиналуынан құралған 
жайылмалық қабат орналасқан. Өзен арнасынан қашықтаған 
сайын шымдану үдерісі артып, жайылма маңының шалғындық 
топырақтары қалыптасады. Өзен жайылмалары топырағының 
қалыптасуына қатысатын аллювий үдерістерімен қатар мұнда 
зоналық факторлардың да әсері байқалады. Топырақтың мұндай 
типтерінің 
сортаңдану
және 
сілтісіздену
дәрежесі дала аймағы-
на қарай артады, сонымен қатар осы бағытта топырақтағы 
қарашірік мөлшері де кемиді. 
Өзен аңғарларының топырағы су 
мен тұздың айрықша режиміне сай қалыптасқан. 
Қазақстан аумағының 1/10 мөлшеріне жуығын таулы ау-
дандар алып жатыр. Тау беткейлерінде қалыптасқан топырақ 
жамылғысының жазықтардағы топырақтарға қарағанда елеулі 
айырмашылығы бар. Таулардың биіктігі мен беткейлердің қия-
лығы артқан сайын топырақ жамылғысының беткі қабатының 
шайылу қарқыны да соғұрлым күшейеді. Биіктікке байланысты 
топырақ типтері өзгереді. Сондықтан топырақ типтері тау 
беткейлеріне айнала қоршай орналасып, тік белдеулік бағытта 
ауысып отырады. Топырақтың тік (вертикалды) белдеулік зона 
бойынша таралу сипаты ендік бағыттағы топырақ зоналарына 
сай келеді. Тянь-Шань таулы аймағы топырағының қалыптасуы-
на оның оңтүстікте, шөл аймағында орналасуы әсер етеді; соған 
байланысты таулы зонаның тік белдеулік аймағы шөлдік 
топырақ жамылғысынан басталады. Ал солтүстікке таман орна-
ласқан дала аймағындағы Алтай тауларының тік белдеулік
аймағы далалық топырақ типтерінен басталады. 
Қазақстанның 
таулы бөлігінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет