Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану


шөл аймағы мен  көп жылдық қар аймағына



Pdf көрінісі
бет84/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

шөл аймағы
мен 
көп жылдық қар аймағына 
дейінгі 
ортада
толып жатқан таулық топырақ типтері-
сұр, 
қоңыр, күрең

шалғындық-далалық күрең, қаратопырақ, сіл-
тісізденген қара топырақ,
т.б түрлері таралған.
Таулы ау-
дандардың солтүстік және оңтүстік беткейлеріндегі топырақ
жамылғыларының 
таралуында көп айырмашылықтар байқалады. 


V.II Жазық алқап топырақтарындағы зоналық 
заңдылықтардың жергілікті жағдайға байланысты 
өзгеру сипаты 
 
Республиканың жазық бөлігінде топырақ жамылғысы ен-
дік бойымен горизонталдық зона құрап таралады. Мұнда 
қа-
ратопырақ, күңгірт-күрең, күрең, ашық күрең, құба, сұр-құба 
топырақ типтері басымырақ келеді. Зоналардың топырақ 
жамылғыларындағы кебірлік және сортаңдық дәрежесі біркелкі 
болмайды. Соған байланысты республиканың жазық бөлігінің 
топырақ жамылғысында кешендік сипат байқалады. Жазық 
бөлікте кеңінен таралған кебірлер мен сортаңдардан басқалары 
солтүстіктен оңтүстікке қарай зоналық орналасу тәртібі 
бойынша сипатталады. 
Сортаңдар
Қазақстанның жазық бөлігіндегі барлық зона-
ларда таралған. Республикада сортаң және басым келетін кешен-
дерінің жалпы ауданы 10 млн. га шамасындай. Сортаңдардың 
қалыптасуы көне және қазіргі тұз жиналу үдерісімен (түсетін 
атмосфералық жауын-шашыннан булану мөлшерінің артық 
болуынан) байланысты болады. Сортаңдардың көлденең қима-
сының өз бойында жеңіл еритін тұз көптеп жиналған (әсіресе 
топырақтың беткі қабатында), ал генетикалық горизонттар 
(қарашіріктік, өтпелі горизонттар және топырақ құраушы жы-
ныстар) нашар ажыратылады. Топырақтың қарашіріктілігі 
жоғары горизонттарда 0,5%-дан 3%-ға дейін және одан да жо-
ғарырақ мөлшерге ауытқып отырады, реакциясы баяу сілті-
ліктен күшті сілтілікке дейінгі орта болады. Тұз жиналу сипа-
тына қарай сортаңдар хлорлы, сульфатты, содалы және аралас 
түрлерге бөлінеді. Сортаңдардың тұз жиналған беткі қабатта-
рының морфологиялық ерекшеліктеріне қарай қабыршақты, 
кеуекті, т.б. түрлері болады Гидроморфтық сортаңдар жер асты 
суы жақынырақ жатқан жерлерде қалыптасқан. Олардың көлде-
нең қимасы горизонттарға нашар ажыратылады. Шалғындық 
сортаңдар республиканаң солтүстік аудандарындағы өзен 
жайылмаларында және көл терассаларының (белдеулерінің) кей-
бір бөліктерінде жиі кездеседі. Бұлардың көлденең қимасы 
горизонттарға (қабаттарға) айқынырақ ажыратылады. Каспий 


теңізінің солтүстік жағалауында, Арал мен Балқаш көлі 
маңында, тартылып кеуіп қалған көлдер түбінде және өзендер-
дің құрғақ арналарында сортаңданған жыныстардың жер бетіне 
шығып жатқан аудандарында қалдық сортаңдар дамыған. 
Суландыру жұмысы дұрыс жолға қойылмау салдарынан жер 
асты суының деңгейі көтеріліп, топырақтың беткі қабатында 
қайта тұз жиналып, сорға айналу үдерісі екінші қайтара жүреді. 
Сортаңға айналу дәрежесінің жалпы өсу тенденциясы қуаңшы-
лықтың арту бағытына да байланысты. Солтүстіктен оңтүстікке 
қарай содалы-сульфатты және сульфатты сортаңдар сульфатты
хлорлы және хлорлы тұз жиналумен алмасады. Бұл жалпы 
заңдылық өзен атырауларында бұзылады. Мысалы, Сырдария 
өзенінің атырауында хлорлы тұз жиналудың орнына хлорлы-
сульфатты, ал Іле өзенінің атырауында содалы-сульфатты және 
сульфатты тұз жиналуы басымырақ келеді. Сортаңданған топы-
рақтарды шаруашылыққа пайдалану үшін алдымен топырақтағы 
көп мөлшердегі тұзды шаю немесе фитомелиоранттар мен хим-
мелиоранттар жүргізілуі қажет. Тым сортаңданған топырақ-
тарды шаю қазіргі уақытта күріш егісін игеру арқылы іске асы-
рылып жүр. Негізінде сортаңдар тек табиғи жайылым ретінде 
ғана пайдаланылады. 
Кебірлер Қазақстан аумағында кеңінен таралған. Топы-
рақтың бұл түрі орманды дала, дала, шөлейт зоналарында соны-
мен қатар шөл зонасының солтүстік бөлігінде кездеседі. Кебір-
лер көпшілік жағдайларда топырақ кешендерінің негізі компо-
ненттерін (құрамдас бөліктерін) құрайды, кейбір жағдайда өз 
алдына жеке массивтер (алқаптар) күйінде таралады, республи-
ка аумағындағы таралу сипаты зоналық заңдылыққа бағынады. 
Солтүстіктен оңтүстікке, қара топырақты даладан шөлге жыл-
жыған сайын топырақ жамылғысындағы тұзданған топырақ 
басымырақ келетін кешендердің ауданы артады, әрі біртекті 
кебірлерден тұратын массивтер жиірек кездесе бастайды. Кебір-
лердің көлденең қимасынан қарашіріктілігіне қарай кебірленген, 
карбонатты және гипсті топырақ қабаттары ажыратылады. Қара-
шіріктің мөлшері жоғарғы горизонтта (қабатта) 6% және одан да 
жоғары көрсеткішке ауытқып отырады, еріген тұздардың мак-
симумы тереңірек қабаттарда байқалады. Олардың таралу сипа-


ты 
зоналық заңдылыққа 
бағынышты және жергілікті жағдай-
ларға байланысты өзгеріп отырады. Кебірлердің өсімдік жамыл-
ғысы бір зонадан екінші зонаға ауысқан кезде табиғи жағдайға 
байланысты өзгеріске ұшырайды. Қара топырақты зонаның 
кебірлерінде жусанды-бетегелі өсімдік жамылғысы, күрең топы-
рақтарда жусан, қараматау, көкпек, шөл сораңы өседі. Бұнымен 
қатар кебірлердегі тұз жиналу сипаты және морфологиялық 
ерекшелігі де өзгереді. Әр аймақты ылғалдану сипатына қарай 
сортаң топырақтардың автоморфты, жартылай гидроморфты 
және гидроморфты түрлері ажыратылады. Орманды дала және 
дала зоналарында жартылай гидроморфты (шалғындық-дала-
лық) және гидроморфты (шалғындық, ал шөлейт және шөл зона-
ларда автоморфты (шөл далалық және шөлдік) кебірлер басым 
таралған. Кебірлерді үстіңгі горизонттарының қалыңдығына 
қарай қабыршықты кебірленген (5 см-дей), орташа кебірленген 
(10 см-ге дейін), терең кебірленген (15 см-ден астам) деп жік-
тейді. Иллювийлік горизонттарының құрылысына қарай баға-
налы, жаңғақ пішінді және призмалы кебірлерге, ал тұздың ену 
тереңдігіне қарай сортаңды тұз (тұз 30 см-ден жоғары қабат-
тарда ) сортаңдау (тұз 30-80 см-лік қабаттарда ) және сортаң (тұз 
80-130 см-лік қабаттарда жатады) топырақтарға бөлінеді. Тұз 
жиналу сипатына қарай кебірлердің хлорлы-сульфатты және 
сульфатты-хлорлы, кейбір жағдайда таза сульфатты және таза 
хлорлы түрлері болуы мүмкін. Оқта-текте содалы жамылғысы 
да кездеседі. 
Кебірлер есебінен республиканың ауылшаруашылығына 
жарамды жер көлемін ұлғайтуға зор мүмкіндік бар. Қазақстан 
аумағында 40 млн. га дейін кебірлер бар, ал кебірлер басымы-
рақ келетін кешендер 30%-дан асады. Бұл мөлшердің 9 млн. га 
жуығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет