Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану



Pdf көрінісі
бет93/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
 
VII БӨЛІМ. 
Құрғақ дала мен шөлейт топырақтары
 
 
Бұл зона жіңішке жолақ ретінде үлкен територияны қам-
тиды және Ақтөбе – Қостанай – Ақмола – Павлодар – Семей 
бойынша өтеді. Зонаның оңтүстік шекарасы шөл шекарасына 
сәйкес келіп, Каспий жағалауының, Аралдың және Балқаштың 
солтүстігі арқылы өтеді. Зонаның негізгі топырақтары күрең 
және құба топырақтар. Бетегелі-жусанды және қаулы-бетегелі 
құрғақ далада күрең және құба топырақтар қалыптасады, 
бірталай жерді күрең, кебірленген топырақтар және олардың 
кебірлермен алма кезек орналасқан кешендері алып жатыр. Құба 
топырақтар Каспий мен Арал теңіздерінің солтүстік жағалау-
лары мен Орталық қазақ шоқыларының (Сарыарқаның) оңтүс-
тігінде таралған. 
Климаты – құрғақ континенталды, жазы ыстық, қысы суық 
және қар қабаты жұқа болады. Жазда жауған жауын-шашын 
мөлшерінен 2 – 4 есе көп ылғал буланады. Зонаның күңгірт-
күрең топырақ қалыптасатын солтүстік бөлігінде 300–400 мм 
жауын-шашын жауады, орталықта – 300–350 мм және 
оңтүстікте, ашық-күрең топырақты зонада – 250–300 мм. 
Жауын-шашын мөлшері батыстан шығысқа қарай 200–250 мм-
ге дейін азаяды. Еуропалық бөліктегі орташа жылдық темпера-
тура +3
0
, ал азиялық бөлігінде +2 – 3
0
. Еуропалық бөліктегі аязы 
жоқ уақыт 180–190 күн, ал азиялық бөлігінде 120. Аптап ыстық, 
шаңды дауыл жиі болып тұратынына байланысты өсімдіктердің 
қурап өліп қалуы да болады. 
Зонаның жер бедері микрожербедерлері айқын, тегіс 
жазық немесе толқынды жазық болып келеді. Ойпаңдар мен 
өзен, теңіз суы жайылатын қойнаулар да кездеседі.
Зонаның өсімдік құрамы, әсіресе оңтүстік бөлігінде салыс-
тырмалы түрде сиректеу. Шөптесін өсімдіктерден қау, ақселеу, 


бетеге, жусан, тағы басқалар жусанды-бетегелі қауымдастық-
тардан тұрады, олар өсімдік құрамында басым болады, сонымен 
қатар эфемерлер де көптеп кездеседі. Шалғын өсімдіктері құр-
ғақ дала зонасына өзен жайылмалар мен аңғарлар бойымен тара-
лады. Ағаш тектес өсімдіктер осы зонаның ойпаң жерлерінде – 
сайлар мен өзектерде, беткейлерде, өзен жағасында орналасқан. 
Бұнда емен, үйеңкі, көктерек, қарағай, қарағаш, акация ағаш-
тары өседі. Орман өсімдіктері күңгірт-күрең және күрең топы-
рақтарда дамыған. Дегенмен бұл зонада дала өсімдіктері басым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет