Натрий тұздарының әсерінен топырақтың жоғарғы гори-
зонттары құрылымын толық немесе ішінара жояды, қарашірікті
және минералды коллоидтар көктемгі ылғал әсерінен ішінара
зольға ауысады да біраз тереңдікке шайылып, күрең топырақ-
тардың тығыз иллювиальды горизонтын қалыптастырады.
Сортаңдану үдерістері әр жерде әртүрлі, ол көбінесе то-
пырағы шамалы ғана ылғалданатын және топырақ түзуші жы-
ныстары тұзданған аудандарда көрініс береді. Ылғалдың то-
пырақта аздығынан кальций тұздары жоғарғы горизонттардан
толық шайылмайды, сондықтан топырақ бетінде немесе біраз
тереңдікте шымырлайды. Зонаның солтүстік, ылғалы көп жер-
лерде, топырақ кескінінің жоғарғы бөліктерінде Са, Na болмай-
ды. Оңтүстікке жылжыған сайын екі элемент те топырақ кескі-
нінің жоғарғы бөліктерінде жинақталады да, топырақ сілтілік
реакция береді. Нәтижесінде бұл зонада күрең және құба
топырақтар қалыптасады. Олардың ішінде көп тарағаны күрең
топырақтар.
Достарыңызбен бөлісу: