Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану


Нормативті әсер (өндірістік-шаруашылық)



Pdf көрінісі
бет110/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

Нормативті әсер (өндірістік-шаруашылық)
– зиянды 
заттардың шекті рұқсатты тастандылары (ШРТ); зиянды заттар-
дың шекті рұқсатты лақтырындысы (ШРЛ). 
Нормативтік сапа (санитарлық-гигиеналық)
– зиянды 
заттардың шекті рұқсатты концентраңиясы (ШРК): зиянды 
физикалық әсер ететін (радиация, шу, діріл, электрмагнитті 
алаңдар, т.б.) шекті рұқсатты деңгей (ШРД). 
Нормативтік кешендер
– қоршаған ортадағы шекті рұқ-
сатты экологиялық (антропогенді) жүктеме. 
Оқшауланған топырақ мониторингі
– жеке жер иелену-
шілер мен жер қолданушылардың аумақтарының шекараларын-
да оқшауланған антропогендіr әсерге ұшыраған топырақтың 
жағдайын бақылау жүйесі. 
Өңірлік топырақ мониторингі
– өңір көлеміндегі аудан-
ды алып жатқан топырақтың жағдайын бақылау жүйесі. 
Өңірлік жер мониторингі (Rigionalmonitoringоfland) – 
жерқорының жағдайын бақылау жүйесі, бөлінген жер аудан 
шегіндегі көлемді алып жатқан әкімшілік шекаралармен 
шектелген аудан аймағы. 
Пестицидтер
– ауылшаруашылық зиянкестерін (арамшөп-
тер, жануарлар, микроағзалар, балдырлар) жоюға арналған хи-
миялық заттар. 
Топырақтың антропогенді бұзылысы
– физикалық, 
химиялық немесе биотикалық антропогенді әсер етуден топы-
рақтың табиғи тұрақтылығы жоғарылайды және топырақтың 
экологиялық қызметтерінің орындалуына мүмкіндік бермейді, 
топырақ құрамын қайта қалпына келмейтіндей өзгеріске ұшы-
ратады. 
Топырақ мониторингісі енгізу кезіндегі базалық бақы-
лаулар
– мониторинг енгізілген сәттен бастап бақылау нысан-
дарының жағдайын тіркейтін бастапқы бақылаулар. 
Топырақ бонтировкасы
– өнімділік қабілетіне байла-
нысты топырақтың салыстырмалы сапасын бағалау, құнарлы-
лығы балмен берілген топырақтың мамандандырылған генети-
калық-өнімділік классификациясы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет