«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет135/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

демографиялық теңгерімсіздік
күн өткен сайын күшейе түсуде. 
Жалпыәлемдік тренд – адамзаттың қартаюы. Енді 40 жылдан кейін алпыс жастан асқан 
адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі. Туудың азаюы және адамзаттың 
қартаюы көптеген елдерде еңбек нарығындағы проблемаларға, атап айтқанда, еңбек 
ресурстарының жетіспеушілігіне сөзсіз әкеледі. 
Шиеленісе түскен демографиялық теңгерімсіздік жаңа көші-қон толқындарын 
туғызып, күллі әлемде әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі. 
Біз Қазақстанда заңсыз еңбек мигранттары жергілікті еңбек нарықтарын 
тұрақсыздыққа әкелген елдің жекелеген өңірлеріндегі көші-қон қысымымен бетпе-бет 
келіп отырмыз. 
Біз таяу болашақта кері үдеріспен – елдің шегінен тыс жерлерден бізге келетін 
еңбек иммиграциясымен бетпе-бет келуіміз әбден мүмкін екенін түсінуге тиіспіз. 
Біз жас ұлтпыз. Еліміздегі орташа жас – 35. Бұл біздің адамдық әлеуетімізді 
сақтауға, әлемде өзіміздің дұрыс орнығуымызға зор мүмкіндік береді. Бүгінгі күні алға 
жылжуға бізде жақсы негіз бар. 
Елімізде әрбір іздеген адам табуына болатын жұмыс бар. Оның үстіне біздің 
әрқайсымыздың өзіміз жұмыс істеп, өзімізді асырауға мүмкіндігіміз бар. Бұл – біздің 
үлкен жетістігіміз. 
Мен сіздерді жалпыға ортақ еңбек қоғамына бастап келемін, онда жұмыссыздар 
жай ғана жәрдемақы алушылар емес, олар жаңа кәсіптерді меңгеретін болады, 
мүгедектер жасампаздық қызметпен белсенді түрде айналыса алады, ал корпорациялар 
мен компаниялар олардың еңбегі үшін лайықты жағдай жасай алады. 
Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім 
мен технологияны 
күнделікті өмірде 
шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін 
барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек. 
Үшінші 
сын-қатер 
– 
жаһандық 
азық-түлік 
қауіпсіздігіне 
төнетін қатер. 
Әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны 
азық-түлік
проблемасын күрт 
шиеленістіріп отыр. 


Бүгіннің өзінде әлемде 
миллиондаған
адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық 
адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіруде. Тамақ өнімдерін өндіруде 
революциялық өзгерістер жасамаса, осынау үрейлі цифрлар тек өсе түспек. 
Біз үшін бұл сын-қатер астарында орасан зор мүмкіндіктер бар. 
Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет