«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет90/175
Дата28.09.2023
өлшемі4,61 Mb.
#182881
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

Жазылым тапсырмасы. 
 
3-тапсырма. «Қазақстан 2050-жылы қандай ғылыми инновацияларға қол 
жеткізеді?» 
деген сұраққа 2019-жылдан жауап ретінде оқушылар болашаққа 
хат 
жазады. 
Мұғалім белгі бергенде бастап, келесі белгі бергенде тоқтап, қасындағы көршісіне 
жалғастыруға береді. Осылайша хат аяқталғанша жалғасып, әр оқушы сыныптасының 
ойын жалғастырып кетуі тиіс. Аяқталған соң, дәптер иесіне қайтады да, сол оқушы 
жазба жұмысына баға береді. Қандай идея ұнағанын, талапқа сай кімнің жазғанына баға 
береді.
Бағалау 
 
 
4-тапсырма. 
Екі тақырыптың бірін таңдап, жоспарлы түрде әңгіме жазыңыз. Әңгіме 
жанрын сақтап, көркемдегіш құралдарды тиімді қолданып, тілдік құрылымды орынды 
пайдаланыңыз 
(200 сөз). 
 
Әңгіме – әдебиетте оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.
Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік 
құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады.
Әңгіменің: 
1. көлемі шағын; 
2. кейіпкерлер саны аз; 
3.
сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі 
болады.
4.
адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі.
5.
Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге 
орын жоқ. 
 

Ғылымның тағы бір жетістігі – жаһандық позициялау жүйесі (GPS “Джи Пи Эс” 
деп оқылады). Ол аспан кеңістігіндегі жасанды жерсеріктердің сигналымен жұмыс 
істейді. GPS жүйесі алғашында әскери мақсатта жасалған. Ал қазіргі таңда осы жүйе 
арқылы көлік, кеме жүргізушілері, ұшқыштар, тіпті аңшылар мен саяхатшылар да өз 
жолынан адаспайды. GPS жүйесін ойлап тапқан ғалымдардың арқасында қалаған 
жерімізге жету оңайлай түсті. Сіз алғаш рет Германиядағы Гете институты 
ұйымдастырған «Экология мектебі: ойлау, зерттеу, әрекет ету» тақырыбындағы 
халықаралық қоршаған ортаны сақтау конференциясына қатысуға келдіңіз. Өз 
тобыңыздың адамдарымен Бремен қаласын аралап жүріп, адасып қалдыңыз. Сіз GPS 
арқылы оларды қалай тауып қуанғаныңыз жайында әңгіме жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет