78
26 Құрама - азықтың сапасын анықтау
Стандарт талаптарына сай құрама – азықтың сапасын анықтау.
Жұмыс мақсаты:
әдістемелерді оқып-үйрену, құрама –
азықтың сапасын анықтай
білу және оның бағалылығы туралы нәтиже беру.
Әдебиет
МЕСТ 13496.0
Құрама – азық деп – күрделі, бірқалыпты қоспаларды
тазарту және азықтық
өнімдерді және микроқоспаларды белгілі бір ірілікке
дейін ұсату арқылы ғылыми
негізделген рецепт бойынша малдарды қоректендіруге жасалған азықты айтады. Құрама –
азықтың ең бір күшті бағыты ол - әртүрлі өнімдерден, сонымен қатар азық – түліктің,
сүтті – майлы, ұнды – жармалы, балық өнеркәсіптер салаларында
қалған қалдықтарды
қолдана алады.
Құрама азықтың түйіршіктелген және ұнтақты түрлерін іріктеудің тәртібі
Әдебиет
МЕСТ 13496.0
1.
Нүктелік үлгілерді –
силос астынан, техникалық
құралдардан ағып тұрған
ағымнан, белгілі бір уақыт аралығында транспортер көмегімен алады. Біріктерілген үлгі 4
кг кем болмауы керек.
2.
Түйіршіктелген және ұнтақты құрама –азықтардан нүктелік үлгілерді
автокөліктердің әртүрлі 5 жерден бұрғымен алады. Борттан және ортасынан 0,5 м
қашықтықтан алады.
3.
Арнайы автокөлікпен теміржол вагондерынан түйіршіктелген
және ұнтақты
құрама – азықтан нүктелік үлгілерді тиеу кезінде алады.
4.
Қоймаларда үйіндіні шартты 6 сецияға бөледі. әр сециядан нүктелік үлгіні 5
жерден конверт схемасы сияқты алады. Егер үйінді ұзындығы 0,75 м дейін болса, онда 2
қабаттан, ал ұзындығы 0,75 м көп болса онда 3 қабаттан алады.
5. Мата қаптарда буылған ұнтақталған құрама – азықтан нүктелік үлгілерді қаптың
жоғарғы және төменгі бөліктерінен бұрғымен алады.
Ұнтақты құрама – азықтан нүктелік үлгіні тігілген қағаз немесе полиэтиленді
ішкі
бар мата қаптардан, сонымен қоса түйіршікті құрама-
азықтан ашылған қаптардан
сұрыптайды.
Достарыңызбен бөлісу: