105
жоғары бағалап, оның осындай қиын жағдайларға түскеніне қарамастан
өзіміздің тұрмыс-салтымыздағы төл ерекшеліктерімізді сақтап қалуға, оны
бұзбауға әрекет жасайды. Шортанбай ақынның Ресей патшалығының
отарлау саясатына түбегейлі қарсы шығуы оның әлеуметтік-философиялық
дүниетанымының бір қырын көрсетеді:
Қыс көбейді жаз аз боп,
Бай таусылды, мал аз боп
Ағаны іні көрмеді, атаға бала араз боп.
Әр нәрсенің болжамы, келе жатыр жақындап
Орыстар бүркіт, ал біз, түлкі
Аламын деп талпынды,
Орыстан қорлық көрген соң,
Отырып билер алқынды...
Осы қайшылықтарды шешу, одан құтылу жолын Шортанбай өткен
өмірге, ескі тәртіпке қайта оралудан көрді. Әрине, бұл түсінікті де, жүздеген
жылдар бойы халық санасына, тұрмысына сіңіп қалған ұлттық салт-дәстүрді,
оның болмысын, психологиясын бірден күштеу арқылы күрт өзгерту
кімдерді болса да үлкен түсініксіздікке, торығуға, сары уайымға салынуға
алып келері сөзсіз еді. Бұл кезеңді қазақ халқының басына төнген үлкен
қайғы-қасірет деп түсінді зар заман ақындары. Бұл кезең олардың санасын
пессимизмге берілуге алып келді. Шортанбай ақын қоғамдық санада болып
жатқан өзгерістерді, қазақ даласына енген жаңалықтарды қазақ
қауымының жаңа тұрмыс-салтына ұмтылуын өз көзімен көрді, солардың
куәсі болды. Ол өмірдің осы жағын жырлай отырып, қазақ халқының
болашақ мақсат-мүддесін қорғады.
Зар заман ақындарының беделді өкілдерінің бірі
Достарыңызбен бөлісу: