99
мүдделері,
олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге өзіндік көзқарасы
аңғарылады. Бұған жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» деп басталатын ұзақ
толғауы дәлел бола алады.
Ақтамберді
жыраудың айтуынша, қазақ үшін байлық - малда. Ол
«алғайдың құба жонына сыймас» ақтылы қой, «көлге түссе көз жетпес» көк
алалы көп жылқы, боздаған даусы күй болып төгілетін сансыз түйе жайлы
армандайды,
елдің төрт құбыласы тең, үлкен байлыққа кенелуін қалайды.
Қазақтар үшін мал асылы - жылқы екені белгілі. Жылқының көшпелілер
өміріндегі алатын орны жайлы Ақтамберді жыраудай толғаған қазақ ақыны
жоқ. Ол
- еліміздің ұлттық қасиеттерін, қонақжайлылығын, үлкенді
құрметтеу, кішіні сыйлау,
әсіресе отбасының сыйлығын, берекесін дәріптеп
өткен ақын. Ақтамберді жырау 93 жасында дүние салыпты. Туған жердің
топырағын жастанар алдында айтқан толғауында
жырау өзінің өмірлік
мақсаты орындалғанына ризашылығын білдіре келіп, «батырларша оққа
ұшпай, төсекте жатып тек өлгендігіне» өкінеді.
Қазақ тарихындағы келесі алып тұлғалардың бірі -
Достарыңызбен бөлісу: