106
мерзімді дебиторлық берешекті өтеу жағдайда жабылуы мүмкін. Оңтайлы мәні
1-2.
К
ТЛ
= (неғұрлым өтімді активтер + тез сатылатын активтер +қорлар)
/ (неғұрлым мерзімді міндеттемелер + қысқа мерзімді міндеттемелер)
4. Құралдарды (КЛМС) жұмылдыру кезіндегі өтімділік коэффициенті
қажет болған жағдайда, қысқа мерзімді борыштарды жабу үшін , оларды сатуға
материалдық-өндірістік қорларының жеткіліктілігін сипаттайды. Оңтайлы мәні
0,5-0,7.
К
ЛМС
= қорлар / (неғұрлым мерзімді міндеттемелер + қысқа мерзімді
міндеттемелер)
Қаржылық
тұрақтылық
-
нарықтық
экономикалық
жағдайда
кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметінің ең маңызды сипаттамасы. Егер
кәсіпорын қаржылық тұрақты болса, онда оның сол бейіндегі басқа
кәсіпорындардың алдында инвестицияға тарту, несие алу, таңдау, жеткізушілер
мен білікті кадрларды іріктеуде артықшылығы бар. Ақырында, ол мемлекетпен
және қоғаммен қақтығыс жасамайды,өйткені бюджетке салықтарды, әлеуметтік
қорларға төленетін жарналарды, жұмысшылар мен қызметкерлерге- жалақы,
акционерлерге дивидендтерді уақтылы төлейді, ал банктерге несиелерді
қайтару мен пайыздарын төлеу бойынша кепілдік береді.
Достарыңызбен бөлісу: