Технологиясы:
Өлшегіш ыдыста жылы тазартылған судың бір бөлігінде
құрғақ заттарды ерітіп алады және ерітінді көлемін 150 мл-ге дейін сумен
жеткізеді. Босататын құтыға сүзіп, 5 мл сасықшөп тұндырмасын қосады.
Араластырып, тығындап, ҚР ДСӘД министрінің 16.04.2015 ж. № 227 бұйрығы
талаптарына сәйкес безендіріледі.
б) Дәрілік заттардың КҰК ескеріп, есептелген тазартылған суда оларды
еріту арқылы дайындау:
Есептеу:
КҰК
натрий бромиді
= 0,25 мл/г; 0,25
7,5 = 1,8 мл
КҰК
глюкоза
= 0,64 мл/г; 0,64
10 = 6,4 мл
Судың қажетті көлемі: V
су
= 150 - (1,8 + 6,4) = 141,8
142 мл
Б.П. № 3
Aquae purіfіcatae 142 ml
Natrіі bromіdі 7,5
Glucosі 10,0
Tіncturae Leonurі 5 ml
Vж. = 155 ml
200
Технологиясы:
Қосымша ыдыста жылы тазартылған судың 142 мл
мөлшерінде құрғақ заттарды (7,5 г натрий бромидін және 10,0 г глюкозаны)
ерітіп, босататын құтыға сүзіп, 5 мл сасықшөп тұндырмасын өлшеп құяды.
Араластырып, тығындап, ҚР ДСӘД министрінің 16.04.2015 ж. № 227 бұйрығы
талаптарына сәйкес безендіріледі. Негізгі этикетка «Ішуге», жасыл түсті.
Ескерту этикеткалары «Балалардан сақта», «Қолданар алдында шайқа».
ҚР ДСМ 15.12.2004 ж. N 142 бұйрығының 20 тармағы. Құрамында хош
иісті сулары бар сұйық дәрілік түрлерді (микстураларды) дайындау.
Хош иісті сулар (жалбыз, аскөк және т.б.) нормативтік құжаттардың
талаптарына сай дайындалады және көлем бойынша дозаланады. (ҚР ДСМ
15.12.2004 ж. N 142 бұйрығының 14 қосымшасы).
Хош иісті суды дайындау:
Қарапайым хош иісті сулар эфир майын суда (1:100) еріту арқылы
дайындалады.
Технологиясы
. Келіге 1 г эфир майын, 10 г талькпен мұқият
ысқылайды. Тальк эфир майының ерігіштігін арттырады. Алынған қоспаны
50-60
0
С қыздырылған сумен араластырады.
Қоспаны салқындатып, сумен шайылған, қағаз фильтр арқылы сүзеді.
Хош иісті сулар жазылымда галендік препарат немесе еріткіш ретінде
берілуі мүмкін.
а) Хош иісті су галендік препарат ретінде берілсе, онда ол микстураға
басқа галенді препараттар сияқты бірден босататын құтыға ең соңында
қосылады, бұл кезде жазылымдағы дәрілік заттардың концентрлі
ерітінділерін қолдануға болады.
Rp.:
Natrіі bromіdі 3,0
Kalіі bromіdі 2,0
Aquae Menthae 5 ml
Aquae purіfіcatae ad 200 ml
Mіsce. Da. Sіgna.
1 ас қасықтан күніне 3 рет
1)
Микстураның жалпы көлемі: Vж. =200 мл;
2)
Егер концентрлі ерітінділермен дайындалса:
а) Натрий бромидінің 20% ерітіндісі (1:5)
3
5 = 15 мл
б) Калий бромидінің 10% ерітіндісі (1:10)
2
10 = 20 мл
Тазартылған су көлемі: Vсу =200 мл - (15 мл + 20 мл + 5 мл) = 160 мл
Б.П.
Aquae purіfіcatae 160 ml
Solutіonіs Natrіі bromіdі (1:5) 15 ml
Solutіonіs Kalіі bromіdі (1:10) 20 ml
Aquae Menthae 5 ml
Vж. = 200 ml
201
Достарыңызбен бөлісу: |