Технологиясы:
Қосымша ыдысқа тазартылған судың 150 мл өлшеп, онда
1,0 г анальгинді, 3,0 г натрий бромидін ерітеді. Босататын құтыға сүзіп, 5 мл қант
шырынын, 4 мл шүйгіншөп тұндырмасын өлшеп құяды. Араластырып,
тығындап, ҚР ДСӘД министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 227 бұйрығы
талаптарына сәйкес босатуға безендіріледі.
Егер дәріханада дәрілік заттардың концентрлі ерітінділері болса, онда
натрий бромидінің 20% (1:5) ерітіндісінен керекті мөлшерін есеп бойынша алады:
Натрий бромиді 20% ерітіндісі (1:5) рецепті бойынша: 3 г натрий бромиді
керек, 3 х 5 = 15 мл концентрлі ерітінді алынады.
197
Тазартылған судың қажетті көлемі:
Vсу = 150 мл - 15 мл = 135 мл
Б.П.
Aquae purіfіcatae 135 ml
Analgіnі 1,0
Solutіonіs Natrіі bromіdі (1:5) 15 ml
Sіrupі Saccharі 5 ml
Tіncturae Valerіanae 4 ml
Vж. = 159 ml
Технологиясы:
Қосымша ыдысқа тазартылған судың 135 мл өлшеп алып,
онда 1,0 г анальгинді ерітеді, қоңыр түсті босататын құтыға сүзеді. Содан соң 15 мл
натрий бромидінің 20% ерітіндісін, 5 мл қант шырынын, 4 мл шүйгіншөп
тұндырмасын өлшеп қосады. Араластырып, тығындап, ҚР ДСӘД министрінің
16.04.2015 ж. № 227 бұйрығы талаптарына сәйкес безендіріледі.
Дәрілік түр құрамына кіретін ұнтақ заттардың қосындысы 3% тең және одан
жоғары болса, онда ерітіндіні заттардың концентрлі ерітінділерімен немесе құрғақ
заттар қолданып дайындауға болады, бұл кезде 1 г затты 20
0
С температурада
еріткендегі ерітінді көлемінің ұлғаюын (көлем ұлғаю коэффициентін КҰК)
ескереді.
Микстураны концентрлі ерітінділермен дайындау:
Rp.:
Kalіі bromіdі
Natrіі bromіdі ana 4,0
Tіncturae Valerіanae
Tіncturae Convallarіae ana 10 ml
Aquae purіfіcatae ad 200 ml
Mіsce. Da. Sіgna.
1 ас қасықтан күніне 3 рет.
Есептеулер:
Құрғақ заттардың жалпы мөлшері:
калий бромиді 4 г
натрий бромиді 4 г 8 г 8 - 200
х – 100 х = 4%
3%
Калий бромиді ерітіндісі (1:5) 4
5 = 20 ml
Натрий бромиді ерітіндісі (1:5) 4
5 = 20 ml
Шүйгіншөп тұндырмасы 10 ml
Меруертгүл тұндырмасы 10 ml
а) Микстураның жалпы көлемі: Vж. =200 мл;
б) Vсу =200 мл - (20 мл + 20 мл + 10 мл + 10 мл) = 140 мл
198
Б.П.
Aquae purіfіcatae 140 ml
Solutіonіs Kalіі bromіdі (1:5) 20 ml
Solutіonіs Natrіі bromіdі (1:5) 20 ml
Tіncturae Valerіanae (70% спирт бар) 10 ml
Tіncturae Convallarіae (70% спирт бар) 10 ml
Vж. = 200 ml
Достарыңызбен бөлісу: |