208
сүзеді. Ең соңында адреналин гидрохлоридінің 0,1% ерітіндісінің 20 тамшысын
қосады. Дәрілік түрді тығындап, босатуға безендіреді. Сүргілеп, сары түсті
«Сырт тәнге»деген негізгі этикеткамен, «Абайлап қолдан», «Балалардан сақта»
деген ескерту этикеткаларымен безендіріледі, науқасқа сигнатура беріледі.
Рецепт, есеп үшін, дәріханада қалдырылады.
Rp.:
Phenolі purі 0,5
Glycerіnі 10,0
Mіsce. Da. Sіgna
. 5 тамшыдан күніне 3 рет сол құлаққа жылы күйінде
Есептеу:
0,5 г фенол
10,0 г глицерин
m
ж
= 10,5 г
Сыртқа қолдануға арналған тамшы жазылған. Дәрілік түр салмақ
бойынша дайындалады. Еріткіш ретінде бейсу еріткіш - глицерин жазылған.
Б.П.
Phenolі purі 0,5 г
Glycerіnі 10,0 г
m
ж
= 10,5 г
Технологиясы:
Қол таразыда пергамент қағазында фенолдың 0,5 г
мөлшері (күйдіргіш зат, абайлап өлшеу қажет) өлшеніп алынады. Құрғақ
босататын құтыға салып, техникалық таразыда тарирлеп, 10,0 г глицеринді
өлшейді. Тығындап, су моншасында фенол толық ерігенше қыздырады,
суытып, босатуға безендіреді.
Құлаққа және мұрынға арналған тамшылар сапасы изотондаушы
агенттер, буферлі ерітінділер, тұрақтандырғыштар, терапевттік белсенділікті
және т.б. көрсеткіштерді қамтамасыз ететін, қосымша заттар көмегімен
жетілдіріледі.
Мұрынға арналған тамшылардың кемшілігі - дәрілік заттардың сулы
ерітінділерінің терапевтік әсері қысқа. Дәрілік заттардың әсерін ұзарту үшін
құрамына синтетикалық полимерлерді енгізеді: 1% метилцеллюлоза немесе
1% оксипропилметилцеллюлоза, немесе 1% поливинилпирролидон (ПВП)
және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: