Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет146/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Бақылау сұрақтары: 
1.
Тамшылардың дәрілік түр ретінде қандай артықшылықтары мен 
кемшіліктері бар? 
2.
Тамшылар қандай белгілері бойынша жіктеледі? 
3.
Тамшыларды фильтрлеудің ерекшелігі неде? 
4.
Тамшылардың құрамындағы сулы және күшті әсер ететін заттардың 
дозасын тексерудің қандай тәсілдері бар? 


209 
5.
Тамшылардың сапасын бағалаудың негізгі көрсеткіштері қандай? 
6.
Тамшылардың сапасын және технологиясын жетілдірудің негізгі 
жолдары? 
 
3.6. Бейсу ерітінділер 
Бейсу ерітінділері - құрылыстық бірлігі иондар мен молекулалар 
болатын гомогенді сұйық дәрілік түр. Еріткіш ретінде бейсу ерітінділерінде 
бейсу еріткіштер (спирт, эфир, өсімдік майлары және т.б.) қолданылады. 
Бейсу еріткіштерінің қолданылуы көптеген дәрілік заттардың суда ерімеуіне 
негізделген. 
Бейсу ерітінділері сыртқа қолдануға арналған дәрілік түрлерге жатады: 
кілегей қабаттарға жағуға, тері қабатын сүртуге, жууға, шаюға, ингаляция 
жасауға арналған ерітінділер, құлаққа, мұрынға арналған тамшылар.
 
Бейсу ерітінділерге қойылатын талаптар: 
-
қажетті әсер алу үшін медициналық белгіленуіне сәйкестігі; 
-
дәрілік заттардың толық еруі; 
-
механикалық қоспалардың болмауы;
-
дәрілік заттардың концентрациясының жазылған көлеміне немесе салмағына 
сәйкестігі;
-
сақталу кезіндегі тұрақтылығы. 
Бейсу ерітінділердің сапасы, оларды дайындаудың технологиялық тәсілдерін 
таңдау көп жағдайларда дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттеріне 
байланысты. Бір-бірінен химиялық құрылысымен, функционалды топтардың 
болуымен және олардың санымен, диэлектрлік өткізгіштігімен ерекшелене 
отырып, бейсу еріткіштер дәрілік заттарға қатысты әртүрлі еріткіштік қабілетімен 
сипатталады. Сондықтан, олар әртүрлі тұрақтылықпен, химиялық және 
фармакологиялық индифферентіліктің әртүрлі дәрежесімен, жоғары немесе 
төмен дәрежеде еріткіштерге қойылатын талаптарға сәйкестігімен сипатталады. 
Бейсу ерітінділердің технологиясында қолданылатын еріткіштер олардың 
физика-химиялық қасиеттеріне байланысты ұшқыш және ұшқыш емес бейсу 
еріткіштер деп бөлінеді. 
Ұшқыш еріткіштерге этанол, эфир, хлороформ жатады. Дәріхана 
практикасында кеңінен этанол қолданылады. 
Ұшқыш емес еріткіш ретінде глицерин, өсімдік майлары, вазелин майы, 
соңғы жылдары - димексид, полиэтиленоксид-400 (ПЭО-400), силикондар 
қолданылады. Қазіргі кезде ерітінділер технологиясында күрделі еріткіштер: 
глицерин-этанол, глицерин-димексид, глицерин-су және т.б. қолдану 
тенденциясы байқалады. Күрделі ерітінділерді қолдану дәрілік түрде ерігіштігі 
әртүрлі дәрілік заттарды біріктіруге, сонымен бірге, бейсу еріткіштерді бір 
мезетте емдік әсер көрсетуге және қосымша зат ретінде қолдануға мүмкіндік 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет