Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет154/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

 


218 
Технологиясы:
Құрғақ босататын құтыға 0,3 г бор қышқылын салып
өлшегіш цилиндрге 95% спирттің 14,7 мл құйып, 20 мл дейін тазартылған су 
қосады. Содан соң дайындалған 70% спиртті құрғақ заты бар құтыға құяды. 
Тығындап, толық ерігенше шайқайды. Босатуға безендіреді. Негізгі этикетка 
сары түсті «Сырт тәнге», ескерту этикеткасы – «Балалардан сақта». Жазылған 
сигнатура науқасқа беріледі, ал рецепт дәріханада есеп үшін қалдырылады.
Этанол мен суды араластыру кезінде контракция құбылысы (молекула 
ішілік сығылу) жүреді, яғни қоспа көлемі азаяды. Сондықтан судың мөлшерін 
қоспа көлемінен күшті этанол мөлшерін арифметикалық жолмен алып тастау 
арқылы табуға болмайды. Судың мөлшерін КСРО МФ ХІ басылымының І-ші 
томындағы № 3, 4, 5 алкоголиметрлік кестелер бойынша табуға болады. 
№ 3 кестеге сәйкес сұйылту: 
Тіке және көлденең қатарлар қиылысындағы сан, 20
о
С температурада 
белгілі концентрациядағы 1000 мл спиртті сұйылтуға қажетті, 20
о
С судың 
көлемін көрсетеді.
Жоғарыда келтірілген мысалда 95% этанолдан 70% этанол алу үшін, судың 
мөлшерін табу керек. Сонда кесте бойынша 70% этанол дайындау үшін: 
1000 мл
95% этанолға - 391 мл су қосу қажет 
14,7 мл
95% этанолға - х мл су; 
х = 5,7 мл су 
Б.П. 
Acіdі вorіcі 0,3 
Spіrіtus aethylіcі 95% 14,7 ml
Aquae purіfіcatae 5,7 ml 
Vж. =20 мл 
 
№ 4 кестеге сәйкес сұйылту: 
Тапсырмада берілген белгілі концентрациядағы 1 л спирт алу үшін, 
бастапқы концентрациядағы спирттің және судың мөлшерлері № 4 
алкоголиметрлік кесте бойынша есептеледі. Кесте бойынша 1 л 70% этанол 
дайындау үшін, 737 мл 95% этанол және 288 мл су алу қажет, сонда:
1000 мл
70% этанол – 737 мл 95% этанол; 
20 мл 70% этанол – х мл 95% этанол; 
х = 14,5 мл 95% этанол
1000 мл 70% этанол – 288 мл су; 
20 мл 70% этанол – х мл су; 
х = 5,7 мл су 
Б.П. 
Acіdі вorіcі 0,3 
Spіrіtus aethylіcі 95% 14,7 ml
Aquae purіfіcatae 5,7 ml 
Vж. =20 мл 


219 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет