Оқулық шымкент, 2018 жыл


Ұшпайтын бейсу еріткіштерде ерітінділерді дайындау



Pdf көрінісі
бет156/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Ұшпайтын бейсу еріткіштерде ерітінділерді дайындау. 
Дәріханада 
қолданылатын ұшқыш емес еріткіштердің (глицерин, сұйық парафин, өсімдік 
майлар) тұтқырлығы едәуір жоғары, сондықтан диффузия баяу жүреді. Еру 
процесін жылдамдату үшін еритін заттардың қасиеттерін ескеріп, қыздырады. 
Ерітінділерді қажет болған жағдайда дәке арқылы сүзеді. Бұл ерітінділердің 
этанол ерітінділерінен ерекшелігі - салмақ бойынша дайындалады. 
Ерітінділердің салмағы дәрілік зат пен еріткіш салмақтарының 
қосындысымен анықталады. 
Rp.:
Acіdі salіcylіcі
Phenylіі salіcylatіs ana 0,05
Oleі Helіanthі 10,0
Mіsce. Da. Sіgna.
Бетті сүpтуге
Есептеу:
m = 0,05 + 0,05 + 10,0 = 10,1 
Б.П. 
Acіdі salіcylіcі 0,05
 
 
Phenylіі salіcylatіs 0,05
 Oleі Helіanthі 10,0
m
ж
= 10,1 


221 
Технологиясы:
Құрғақ қоңыр түсті босататын құтыға алдын-ала өлшенген 
0,05 г салицил қышқылын және 0,05 г фенилсалицилатты салады. Құтыны 
таразыда тарирлеп, 10,0 г өсімдік майын өлшейді. Тығындап, су моншасында 
дәрілік заттар толық ерігенше қыздырады. Толық еріген соң, суытып, босатуға 
безендіреді. Негізгі этикетка сары түсті «Сырт тәнге», ескерту этикеткасы 
«Балалардан сақта».
Люголь ерітіндісін сулы ерітіндіден басқа, глицеринде де дайындауға 
болады.
Rp.: 
Іodі 0,05 
 
Kalіі іodіdі 0,3
Glycerіnі 10,0 

Mіsce. Da. Sіgna. 
Тамаққа жағуға
Есептеу: m
ж
= 0,05 + 0,3 + 10,0 = 10,65 
Йод тек қана калий йодидінің қаныққан ерітіндісінде жеңіл комплексті тұз 
түзе ериді. Сондықтан калий йодидін есептелген судың 5 тамшысында ерітеді:
1 г - 0, 75 мл су 
0,3 г - х 
х = 0,225 мл х 20 тамшы = 4,5 тамшы су 
Б.П. 
Kalіі іodіdі 0,3 
 
 
 
Aquae purіfіcatae guttas V 
Іodі 0,05 
 
 
 
 
Glycerіnі 10,0 
m
ж
= 10,35 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет