Оқулық шымкент, 2018 жыл


Эвтектикалық қоспаларды дайындау



Pdf көрінісі
бет159/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Эвтектикалық қоспаларды дайындау. 
Бейсу ерітінділерге, қатты 
заттардың бір-бірінде еруі арқылы алынатын, эвтектикалық қоспалар да 
жатады. Эвтетикалық қоспалар түзілуі үшін, заттардың біреуінің немесе 
екеуінің де криоскопиялық тұрақтылығы жоғары немесе балқу 
температурасы төмен болуы керек. 
Эвтектикалық қоспаларды дайындау кезінде ингридиенттерді құрғақ 
құтыға салып, тығыз жауып, жылы су моншасында дәрілік заттар 
ерігенше қыздырады. 
Rp.:
Mentholі
Camphorae ana 2,0
 Mіsce. Da. Sіgna.
Ауырған кезде қантқа 5 тамшыдан тамызып 
қабылдауға 
Есептеу: 
m
ж 
= 2,0 + 2,0 = 4,0 
m
ж 
= 4,0 
Б.П. 
Mentholі 2,0 
Camphorae 2,0 
m
ж 
= 4,0 
Технологиясы:
Құрғақ босататын құтыға 2,0 г ментолды, 2,0 г камфораны 
өлшеп салып, тығындайды. Құтыны су моншасында 40 
0
С температурада дәрілік 
заттар толық ерігенше қыздырады. Содан соң суытып безендіреді. 
Бейсу ерітінділерінің сапасын және технологиясын жетілдіру: 
-
дәрілік заттардың көбін жақсы ерітетін, еріткіштер талаптарына сай 
болатын, еріткіштер қатарын кеңейту; 
-
дәріханалық практикада талаптарға сай емес еріткіштер орнына ПЭО-
400 және силиконды сұйықтықтарды енгізу; 
-
сақталуын және қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз ететін орамдауыш 
материалдарды жетілдіру; 
-
дәріханаішілік дайындамалардың ассортиментін кеңейту, осыған 
байланысты дәріхана жұмысында кіші механизация құралдарын кеңінен 
қолдану.
 
 


225 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Бейсу ерітінділерге қойылатын талаптар. 
2.
Бейсу ерітінділері қалай жіктеледі? 
3.
Ұшқыш бейсу еріткіштеріне сипаттама беріңіздер? 
4.
Ұшқыш 
бейсу 
еріткіштерін 
пайдаланып 
ерітінділерді 
дайындау 
технологиясының ерекшеліктері неде? 
5.
Егер 
рецептіде 
спирт 
концентрациясы 
көрсетілмесе 
қандай 
концентрациядағы спирт босатылады? 
6.
Спирттің концентрациясын сұйылту және қойылту жолдары? 
7.
Ұшпайтын бейсу еріткіштеріне сипаттама беріңіздер. 
8.
Ұшпайтын бейсу еріткіштерін қолданып ерітінділерді дайындау ерекшелігі 
неде? 
9.
Ұшпайтын бейсу еріткіштерін қолданып ерітінділер алуды қандай факторлар 
жылдамдатады? 
10.
Эвтетикалық қоспалар қандай жағдайларда түзіледі? 
11.
Бейсу ерітінділерінің сапасын және технологиясын жетілдірудің қандай 
жолдарын білесіз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет