228
Электролиттік қасиеті.
Егер жазылымдағы дәрілік заттар электролит
немесе су сіңіретін болса, онда олар ісіну көлемін төмендетеді.
Дисперстік дәрежесі.
Жоғары молекулалы заттардың майдалану
дәрежесі: алдын ала майдалу ісіну процесінің жылдамдығын жоғарлатады.
ЖМҚ ерітінділері - тұрақты жүйелер, бірақ кейбір жағдайларда
(тұздану, коацервациялану) тұрақтылығы бұзылып сілбіге айналуы мүмкін.
ЖМҚ тұрақтылығына әсер ететін факторлар:
Тұздану
- еріген ЖМҚ тұнбаға түсуі, ерітіндіге көп мөлшерде
электролиттер және су сіңіруші заттар (қант шырыны, спирт, глицерин)
қосқан кезде жүреді. Тұзданудың алдын-алу үшін электролиттерді және су
сіңіруші заттарды ЖМҚ ерітінділеріне аз мөлшерде араластыра отырып
ерітінді түрінде қосу керек.
Коацервация
- екі сұйық фазалардың түзілуі, біреуі - концентрлі
ЖМҚ ерітіндісі, ал екінші - сұйылтылған ЖМҚ ерітіндісі. Коацервация
ЖМҚ ерітіндісіне төмен молекулалы электролит (қарапайым коацервация)
немесе жоғары молекулалы электролит (күрделі коацервация) қосқан кезде
байқалады.
Уақыт әсері
- сақтау кезінде ЖМҚ ерітінділері өздерінің аққыштығын
жоғалтып, сілбіге
айналады.
Бұл
ЖМҚ макромолекулаларының
сольватацияланбаған бөліктерінің әрекеттесуі есебінен жүреді. Бастапқы
сатыда бұл процесс қайтымды: сілбі температура, сілкілеу, араластыру
әсерінен ерітіндіге өтуі мүмкін. Бұл құбылысты тиксотропия деп атайды.
Сондықтан дәрілік түрді босатар кезде ескерту жазылымдары болуы керек:
«Қолданар алдында қыздыр», «Қолданар алдында шайқа».
Бұл процесс қайтымсыз күйге өтуі мүмкін, ол синерезис құбылысы,
яғни еріткіштің сілбіден бөлінуі. Сондықтан ЖМҚ ерітінділерінің сақталу
мерзімі 2 тәуліктен аспайды.
ЖМҚ ерітінділері салмақ-көлемдік концентрацияда 15.12.04 жылғы N
142 «Дәрілік құралдарды дайындау Ережелері туралы» бұйрық талабы
бойынша дайындалады. Тек крахмал ерітіндісі салмақ бойынша
дайындалады.
ЖМҚ ерітінділерінің технологиясының сатылары: еріту, сүзу, орамдау,
безендіру.
Достарыңызбен бөлісу: