20
Дәрілер технологиясы кафедрасы 1981 жылы құрылған. Кафедраның
алғашқы қызметкерлері: кафедра меңгерушісі, фармация ғылымдарының
кандидаты, доцент Чукурова Р.М., оқытушылары: Рысбекова З. М., Үсенбаева Р.
Б. болды.
Кафедра меңгерушілері болып әр жылдары Чукурова Р. М., фармация
ғылымдарының кандидаты, доцент (1981-1993 ж.ж.), Меңдібаев Б. Т., фармация
ғылымдарының кандидаты, доцент (1993-1997 ж.ж.), Сағындықова Б. А.,
фармация ғылымдарының докторы, профессор (1997 жылдан бастап қазіргі
уақытқа дейін) қызметін атқарды.
Сағындықова Б.А. фармация ғылымдарының докторы, профессор, дәрілер
технологиясы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп, ғылыми қызметкерлер
дайындап, өз мектебін қалыптастырып келе жатқан фармация саласының белді
жетекші ғалымы.
Дәрілер технологиясы бойынша Қазақстанда фармация ғылымдары
докторлары,
профессорлар
Павелковская
Г.П.,
Аширматова
М.Н.,
Абдуллабекова Р.М., Қияшев Д.К. жоғары оқу орындарында педагогикалық
қызметтерімен қатар, фармацевтикалық технологияны дамыту саласында үлкен
еңбек етіп келе жатқан ғалымдар. Олардың ғылыми еңбектері фармацевтік
өндіріске отандық өсімдік шикізаты негізінде дәрілік препараттар және жаңа
технологиялар өндірісін, сонымен қатар, отандық дәрілік препараттар
технологиясын жетілдіру, жасау және өндіріске ендіруге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: