17
Фармацевтік өндірістің әлсіз дамуынан Ресей, көптеген галенді және
дайын дәрілік препараттарды импорттады. Бірінші дүниежүзілік соғыс
кезінде 1914-1917 жж. халықты дәрілермен қамтамасыз ету бірден
нашарлады.
Бұрынғы КСРО-да дәрілік түрлер технологиясы Ұлы Октябрь
социалистік революциясынан кейін пайда болды. 1920 ж. дәрілік заттарды
дайындау туралы оқытулардың архаикалық атаулары «пропедевтика»,
«рецептура», «дәріханалық техника» «дәрілер технологиясы» деген дәл
терминге ауыстырылды, ол Бүкілресейлік фармацевтикалық мәжілісте
бекітілді (1924).
Кеңес одағынан кейінгі жылдары фармацевтік оқу орындарын
ұйымдастыру және фармация ғылымын қалыптастыруға профессорлар Л. Г.
Спасский (1868-1929), Б. А. Бродский (1872-1937), Л. Ф. Ильин (1871-1937),
И. А. Обергард (1888-1937), М. Г. Вольпе (1884-1940), Г. Я. Коган (1889-
1942), профессорлар С. Ф. Шубин (1898-1942), Н. А. Александров (1858-
1935), Р. К. Алиев (1917-1966), Грузия ғылым академиясының академигі
проф. И. Г. Кутутеладзе (1887-1963) үлкен роль атқарды.
Фармацевтикалық технологияның даму тарихын проф. Л. Крувчинский
(ПНР) хронологиялық кесте ретінде басып шығарды (1982ж.). Ол
фармацевтикалық
технологияның
прогресінің
тенденциясын
және
динамикасының негізгі бағыттарын анық және ықшамды түрде дамуын, оны
әсіресе XX ғасырда байқауға мүмкіндік береді.
Фармацевтикалық технологияның тарихы, қазіргі қолданылып жатқан
көптеген дәрілік түрлер – ұнтақтар, жағар майлар, пластырлер, пилюлялар
және басқалар – біздің эрамыздан бұрын қолданылғанын айғақтайды. Орта
ғасырларда ұнтақтарды египеттік мумиялардан дайындаса, ал XX ғ. соңында
сол дәрілік түрде антибиотиктерді, гормондарды, витаминдерді дайындады.
Жылан етінің кептірілген ұнтағы Еуропада XVІІ - XVІІІ ғ. ғылыми
медицинасында ішке универсалды зат ретінде – уға қарсы (териак) әртүрлі
ауруларды емдеу үшін табиғи түрде тек ежелде ғана емес, сонымен қатар орта
ғасырларда да және одан кейін де қолданылған.
Фармацевтикалық технологияның тарихының білімі «ескіден жаңаға
қажетті барлық ақпараттарды алу» үшін керек.
Достарыңызбен бөлісу: