28
АҚШ Фармакопеясымен үйлестірілген мәтіндер көп жағдайда дәрілік
препараттардың жеке монографияларына жатады. Оларды үйлестірудің
іріктелген механизмі валидацияланған әдістемелерді дәрілік түрлердегі белсенді
заттарды сандық анықтау үшін жиі, тектес қоспалар мөлшерін және еру
жылдамдығын сынаулар үшін сирек қолдануға қатысты.
ҚР МФ ІІІ томының осы басылымы 300 жаңа жалпы және жеке
монографиялардан, сонымен қатар оларға қатысты мәтіндерден тұрады. Оларға
бірінші кезекте Гомеопатиялық препараттар, Радиофармацевтикалық препараттар,
Медициналық мақсаттағы бұйымдар және Биоэквиваленттілік бөлімдері жатады.
Осы басылымға алғаш рет Еуропалық Фармакопея (5.12) және АҚШ
Фармакопеясының (< 11 >) жалпы монографиялары енгізілген.
Үшінші басылымға бұрын берілген мәтінге қарағанда түбегейлі өңделген
фармацевтикалық қолданылатын субстанциялар (2034) жалпы монографиясы
енгізілген. Дәрілік препараттарға 51 жеке монография енгізілген.
ҚР МФ ІІІ томының негізгі бөлімдері фармакопеяның алдыңғы томдарында
бұрын болмаған маңызды монографиялармен толықтырылған.
ҚР МФ шығуы КСРО МФ жалпы баптарының заңдары статусының
жойылуына әкеледі. Бұл Қазақстан Республикасының нормативті құжаттарында
тек ҚР МФ сілтемелер көрсетуді талап етеді. Айрықша жағдайларда ғана, мысалы,
қандай да бір нақты реактивтерді, стандартты ерітінділерді және т.б. қолданғанда
ұлттық фармакопеяда керекті материал берілмесе, нормативтік құжаттар мәтінінде
олардың сипаттамалары немесе дайындалуы толық қарастырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: