дайын өнімнің сапасын бақылау нормаланады және ол Мемлекеттік фармакопея бойынша дәрілік түрлерге
қойылатын талаптарға негізделеді.
Мемлекеттік фармакопеяда дәріханада дайындалатын жеке дәрілік
түрлер сапасын бағалау бойынша қарапайым сәйкес әдістер аз болғандықтан,
ескерту шаралары маңызды орын алады. Оның бірі - технологиялық процесті
сатылы бақылау. Сатылы бақылаудан басқа, дайын дәрілік препаратты
бақылау міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Ол келесі нормативтік құжаттар
талаптарына сәйкес орындалады: Фармакопеялар және ҚР Үкіметінің 2012
жылғы 16 қаңтардағы № 60 «Дәрілік препараттарды және медициналық
мақсаттағы бұйымдарды дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы
нұсқауында ерітінділер концентрациясы және көлеміндегі, ұнтақтар мен
жағар майлар салмағындағы жіберілетін ауытқулар келтірілген. ҚР ДС ӘД
министрінің 2015 жылғы 28 мамыррдағы № 405 «Дайындалған дәрілік
препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
бұйрығының дәрілік препараттар сапасын бақылау бойынша нұсқауында
дәрілік препараттар сапасын жоғарылатуға ықпал ететін келесі шаралар
қарастырылған: бақылау паспортын тексеру, бақылаудың ауызша,
органолептикалық, физикалық, химиялық түрлері, ескерту шаралары.
Бұйрықта,
сонымен
бірге,
дәріханаларда
дайындалатын
дәрілік
препараттардың сақтау мерзімдері анықталған.
Сонымен, барлық дәрілік препараттардың сапасын бағалау келесі
сатылардан тұрады:
1)
Құжаттарды талдау : рецептінің (қажет болған жағдайда
сигнатураның), бақылау паспортының дұрыс толтырылуы. Бұл ингредиенттер
сыйымдылығын және улы, есірткі, күшті әсер ететін дәрілік заттардың
дозаларын, жазылымдағы компоненттер мөлшерін есептеудің дұрыстығын
тексеруді білдіреді;
2)
Орамдау: дәрілік түрдің салмағына (көлеміне), түріне, құрамына
кіретін ингредиенттердің қасиеттеріне сәйкес болуы тиіс; тығындалуына
көңіл аудару қажет;
3)
Безендіру : ҚР ДС ӘД министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 227
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканы таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес «Ұнтақ»,
«Тамшы», «Жағар май», «Көз тамшысы», «Көз жағар майы», «Ішуге», «Сырт
тәнге» сәйкес негізгі және қосымша этикеткалармен безендірілуі тексеріледі;
4)