Оқулық шымкент, 2018 жыл


Дәрілік препараттар контаминациясының микробтық



Pdf көрінісі
бет26/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Дәрілік препараттар контаминациясының микробтық 
көздері 
Дәріхана – денсаулық сақтау мекемесі болғандықтан, жоғары 
санитарлық деңгейге сәйкес болуы қажет. Дәріхана бөлмелері ауасының, 
қондырғылардың, 
персонал 
қолының 
микробтық 
контаминациясын 
төмендетуге бағытталған шаралар - дәрілік препараттардың микробтық 
контаминациясын төмендетуде, кейбір жағдайлардың толық аластатылуы 
Микробтық контаминация көздері 
Дәрілік құралдар 
Қосымша заттар 
Орамдаушы материал: 
құтылар; банкалар; 
тығындар және т.б. 
Технологиялық процесс 
Бөлме 
ауасы 
Қосымша материалдар: 
фильтрлер; мақта және т.б. 
Қызмет көрсетуші 
персонал 


33 
маңызды рөл атқарады. Дәріхана қызметкерлері қатаң түрде жеке және 
өндірістік гигиенаны орындауға міндетті. Бұл жағдайда ҚР Ұлттық 
экономика министрінің 19 наурыздағы 2015 жылғы № 232 «Дәрілік 
заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы 
бұйрығын жетекшілікке алу керек. Бұйрықтар талаптары бойынша 1 жасқа 
дейінгі және жаңадан туған балаларға арналған дәрілік түрлер қолданылуына 
байланыссыз асептикалық жағдайда дайындалады, ал ішуге және сыртқа 
қолдануға арналған ерітінділер, көз тамшылары, тері беттерін өңдеуге 
арналған майлар, шаншуға арналған дәрілік түрлер стерилді болуы тиіс. 
Санитарлық тәртіпке және асептика жағдайларына қойылатын қатаң талаптар 
да осы бұйрықпен регламенттеледі. Қойылатын талаптардың барлық 
дәріханаларға қатысы бар, олардың орындалуын қадағалау дәріханалар 
меңгерушілеріне жүктеледі. Бұйрықта бөлмелерге, қондырғыларға және 
оларды өңдеуге, дәріхана қызметкерлерінің жеке гигиенасына қойылатын 
талаптар көрсетілген. Тазартылған және шаншуға арналған суды айдауға, 
тасымалдауға және сақтауға ерекше көңіл аударылған. Асептикалық 
жағдайда дайындалатын дәрілік препараттарды дайындауға қойылатын 
талаптар және стерилді емес дәрілік түрлерді дайындау кезіндегі сақталатын 
санитарлық талаптар көрсетілген. 
Дәріханаларда санитарлық тәртіпті сақтауды ҚР Ұлттық экономика 
министрінің 19 наурыздағы 2015 жылғы № 232 «Дәрілік заттардың, 
медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы 
саласындағы 
объектілерге 
қойылатын 
санитарлық-эпидемиологиялық 
талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес 
жүргізілуін 
бақылау 
– 
санитарлық-эпидемиологиялық 
станцияларға 
жүктелген және ол таңдамалы түрде, қажет болған жағдайда, тоқсанына 
міндетті түрде бір рет жүргізіледі. Бақылау объектілері: өндірістік 
бөлмелердің ауасы, қондырғылардан және дәрілік 
препараттарды 
дайындайтын персонал қолдарынан алынған жуындылар, бастапқы және 
қосымша материалдар, жартылай фабрикаттар және дайын өнім болып 
табылады. 
Дәріханаларда улы, күшті әсер ететін дәрілік құралдармен дәрілік 
препараттарды дайындау, сақтау, тіркеу, жазу және босату жағдайлары ҚР 
ДСМ 01.11.1996 ж. № 481 «Улы, есірткі және күшті әсер ететін дәрілік 
құралдарды алу, сақтау, қолдану және есепке алу ретін жақсарту туралы» 
бұйрығы, ҚР ДС ӘД министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 32 «Қазақстан 
Республикасында бақылауға жататын есірткіні, психотроптық заттар мен 
прекурсорларды медициналық мақсаттарда пайдалану қағидаларын бекіту 
туралы» бұйрығы талаптарын міндетті түрде орындау арқылы іске 
асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет