Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет30/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Түсі, дәмі, иісі
– ингредиенттердің қасиеттеріне сәйкес органолепті 
анықталады; 
5)
Мехникалық қоспалардың болмауы
: мақта талшықтары, қабықты 
тығын қалдықтары және т.б.; 
6)
ҚР ДС ӘД министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 405 
«Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу 
қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес дәрілік препараттың 
салмағындағы немесе көлеміндегі ауытқу мөлшерін есептеу. 


37 
Дәріханада дәрілік препараттардың сапасын бақылауды фармацевт-
технолог немесе химик-аналитик жүргізеді. Дәрілік препараттарды талдау
сонымен бірге, бақылау-аналитикалық лабораторияларында да орындалады. 
Дәрілік түрлерді мемлекеттік нормалауда ерекше көңіл – 
техника 
қауіпсіздігі
талаптарын сақтауға бөлінеді. Барлық дәрілік түрлерді дайындау 
барысында техника қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқаулар талаптарын қатаң 
орындау қажет. Мысалы, шаншуға арналған ерітінділерді дайындау үшін 
«Автоклавпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы және 
эксплуатациясы бойынша ережелер» нұсқауын және «Дәріханаларда 
шаншуға арналған ерітінділерді дайындау ережелері» нұсқауын білу қажет. 
 
Осыған байланысты, біздің елімізде дәрілік препараттар өндірісі қатаң 
түрде Мемлекеттік фармакопеялармен, Денсаулық сақтау министрлігінің 
бұйрықтарымен, нұсқауларымен және басқа да нормативтік құжаттарымен 
нормаланады. 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Дәрілік құралдар өндірісін нормалаудың қандай негізгі бағыттары бар? 
2.
Кімге дәрілік препараттарды дайындауға рұқсат беріледі?
3.
Дәрілік препараттардың құрамы қалай нормаланады? Стандартты және 
стандартты емес жазылымдар нені білдіреді? 
4.
Мемлекеттік Фармакопея, Фармакопеялық және Уақытша фармакопеялық 
мақалаларға анықтама беріңіздер? 
5.
Рецепт дегеніміз не? Оның құрылысы қандай? 
6.
Дәрілік препараттардың өндіріс жағдайлары қалай нормаланады? 
7.
Стерилді емес дәрілік препараттардағы микроорганизмдердің уақытша 
нормалары қандай? Қандай микроорганизмдер болмау керек және 
неліктен? 
8.
Бактериологиялық бақылау объектілері ретінде өндірістік бөлмелердегі 
ауа, дәрілік және көмекші материалдардың қарастырылуы дұрыс па?
9.
Дәрілік препараттарды дайындаудың технологиялық процесі қандай 
бұйрықтармен нормаланады? 
10.
Дәрілік препараттарды безендірудің негізгі ережелері қандай? Негізгі 
және қосымша этикеткаларды атаңыз.
11.
Дәрілік препараттардың сапасы қандай бұйрықтармен нормаланады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет