Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет31/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

 
 
 
 


38 
 
1.4 Тиісті практикалардың фармациядағы концепциясы. 
GPP. Фармациядағы сапа менеджмент жүйесі 
 
Тиісті дәріханалық практика (Good Pharmacy Practice; GPP) фармацевтік 
қызметкерлердің тұрғындарға көрсететін, фармацевтік қызметінің тиісті 
сапасын қамтамасыз ету мақсатында жасалған, Ереже болып табылады. Бұл 
Ережелер денсаулық сақтау жүйесінде, тұрғындардың денсаулығын 
нығайтуға және аурудың алдын-алуға, қауіпсіз, эффективті және тиімді 
емдеуге, 
дәрілік 
препараттарды 
қолдануда 
айқындалатын 
және 
проблемаларды шешуге байланысты фармацевтің ролін анықтайды. Бұл 
Ережелер тұрғындарды сапалы қауіпсіз дәрілік құралдармен, медициналық 
мақсатта қолданылатын бұйымдармен және медициналық техникамен 
қамтамасыз етуге, оған дәрілік құрал туралы анық мәлімет беруге, салауатты 
өмір салтын және аурудың алдын-алуды насихаттауға, рецептуралық дәрілік 
препараттардың тиімді қолдануын қамтамасыз етуге, дәрілік препараттардың 
белгіленуіне және қолдануына әсерін және дәрілік препараттардың жанама 
әсері туралы мәліметтерді беруге және өзін-өзі емдеуде көмек көрсетуге
бағытталған.
Бұл Ережелер фармацевтік қызметкерлер үшін тұрғындардың ауруын 
алдын-алу және денсаулығын күшейту қызметінде фармацевтік көмектің 
сапасын жетілдіру және олардың жеке жауаптылығын арттыру мақсатына 
арналған. 
«Тиісті дәріханалық практика» – GPP (Good Pharmacy Practice) термині – 
1991 жылы фармацевтік нарықта бөлшектеп сату секторы дамыған әлемнің 10 
елінің жетекші мамандарының кеңесінде енгізілген. 1993 жылы GPP нұсқауы 
Халықаралық Фармацевтикалық Федерацияда (ХФФ-FIP) қабылданған және 
әр елдің ерекшілігін ескеретін сала бойынша ұлттық стандарттардың негізгі 
қаңқасын даярлау үшін Дүниежүзілік Денсаулықсақтау Ұйымында (ДДҰ) 
мақұлданған. 1997 жылы Гаага (Нидерланды) қаласында өткен кеңестің 
негізгі сұрағы, өз бетімен емделуге ықлас білдірген адамдарға 
фармацевттердің көрсеткен көмегі, GPP бөлімі ретінде кірді. 
Халықаралық 
Фармацевтикалық 
Федерация 
(ХФФ) 
мамандары 
бөлшектеп сату және дәріханалық пратика Standards for quality of pharmacy 
services бойынша стандарттарды жасады. Олардың негізінде ДДҰ, 
науқастардың және дәріхана тұтынушыларының мүдделерінің жүзеге асуына 
қызмет ететін, кәсіби міндеттер тізімі бар GPP стандартын жасауды бастады. 
Бес жылдан кейін бұл стандарттарды ДДҰ бекітті және GPP негізінде бұл 
халықаралық ұйымның сарапшылары, экономикасы өтпелі және дамушы 
елдер үшін дәріхана ұйымдарының жұмыс сапасының артуына бағытталған, 
нұсқаулықтарды жасауды бастады. 
Нәтижесінде 3 жылдан соң 2001 жылы мамырда Данияда копенгаген 
ДДҰ дәрілік саясат және фармацевтикалық тәжірибені дамыту орталығы 
"Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттердегі тиісті дәріханалық тәжірибе. Стандарттар 


39 
әзірлеу және енгізу жөніндегі нұсқаулық" атты дәріхана қызметтерін 
ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар тізімі бар құжатты әзірледі. 
Қазақстанның бүкіл денсаулық сақтау жүйесінде сонымен бірге, 
фармацевтика саласында да осы саланы жетілдіру үшін жаңа технологиялар 
мен жұмыс істеудің жаңа әдістері енгізілуде. Осындай жаңалықтардың бірі 
Халықаралық стандарт GPP (Good Pharmacy Practice). Қазақстан 
Респуликасының дәріханаларында GPP енгізу қажеттілігі қоғамдағы 
фармацевттің рөлінің айтарлықтай өсуіне байланысты. GPP Халықаралық 
стандарты бойынша фармацевт міндеттеріне: тиісті дәріханалық практиканың 
қағидалары мен ережелерін ұстану, кәсіби біліктілігін одан әрі дамыту және 
аттестациялаудан өту; фармацевтикалық этика және деонтологияның 
нормаларын сақтау. GPP Халықаралық стандарттың енгізілу қажеттілігі 
Қазақстанның халықаралық қауымдастықтан қалмауға, "Қазақстан-2050" 
стратегиясының басымдықтарын сақтауға ұмтылуымен, сонымен қатар 
денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және әлемдегі ең дамыған отыз елдің 
қатарына кіруіне қадам жасауымен анықталады. 
"Тиісті дәріханалық практика" (Good Pharmacy Practice - GPP) (ТДП) 
принциптерін және әдістерін қолдану дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз 
ету мақсатында науқастарға тікелей жеткізу кезеңіндегі (дәрілік заттардың 
бөлшек саудасы) стандартизация және унификация процестері үшін қажет. 
ТДП негізгі элементтерінің әрқайсысында қызмет түрлері ажыратылады: 
осы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті әдістер мен талаптар; жабдықтар 
мен қондырғылар; қызметкерлердің біліктілігі; стандарттар әзірлеуге болатын 
осы қызметті бағалау әдістері.
Дәрілердің сапасын, тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін үш 
негізгі ережелер: "Сапалы зертханалық тәжірибе"(GLP), "Сапалы клиникалық 
тәжірибе" (GCP) және де соңғы жылдары қосылған "Сапалы 
фармацевтикалық тәжірибе" (GPP). Егер кәсіби тәжірибенің алғашқы үш 
кодексі клиникаға дейінгі, клиникалық зерттеулерді және дәріні өндіру 
процесін қамтыса, ал GPP талаптары оны тарату саласын, ең алдымен бөлшек 
сауда желісін қамтиды. 
ДДҰ сарапшыларының ұсыныстарына сәйкес: Тиісті дәріханалық 
практика - дәріханалық ұйымдарға еуропалық стандарттарды ұлттық 
стандарттар деңгейінде енгізу болып табылады. Сонымен қатар ол 
фармацевтикалық мамандар жұмысының келесі аспектілерін регламенттейді: 
- фармацевтке ұсынылған рецептуралық көрсеткіштер бойынша деректердің 
сапасы туралы сұрақтар; 
- дәрілік құралдарға формуляр дайындау; 
- жеке рецепті бойынша дәрігермен байланыс орнату; 
- медициналық және фармацевтикалық тәжирибеде дәрілік құралдарды 
қолдану туралы деректерді бағалау; 
- денсаулық сақтау қызметкерлері үшін білім беру бағдарламаларын құру 
және енгізу; 
- жарнамалық компаниялар және ақпарат тарату мәселелері; 


40 
- жекелеген науқастарға қатысты ақпарат алу үшін құпиялылық саясатын 
құру мәселелері. 
Тиісті дәріханалық практиканың талабы бойынша фармацевттің ең 
бірінші міндеті – мекен жайына байланыссыз науқастың денсаулығы. 
Тиісті дәріханалық практиканың талабы бойынша дәріхананың негізгі 
қызметі - науқастарды тиісті ақпаратпен дәрілік құралдармен және басқа да 
медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ дәрінің әсерін 
бақылау бойынша кеңес беру. 
Тиісті дәріханалық практиканың талабы бойынша фармацевт қызметінің 
ажырамас бөлігі дәріні ұтымды және үнемді тағайындау, дұрыс пайдалануды 
қамтамасыз ету болып табылады.
Тиісті дәріханалық практиканың талабы бойынша дәріхана қызметінің 
әрбір элементі жеке адамға бағытталып, тиімді түрде жеткізілуі тиіс. 
Осы талаптарды қанағаттандыру үшін: 
- практиканың негізгі идеологиясы - кәсіби факторлар, сонымен қатар 
экономикалық факторлардың да маңызының зор болуы; 
- дәрілік құралдарды қолдану көрсеткіштері туралы мәселелерді шешу үшін 
фармацевтің үлес қосуы;
- фармакотерапияға қатысты басқа медицина қызметкерлерімен, әсіресе 
дәрігерлермен қарым-қатынас өзара сенім және құпиялылықты қамтитын 
терапевтік серіктестік ретінде қарастырылуы; 

басқа фармацевттермен бәсекелестік емес, тек әріптестік қарым-қатынаста 
болуы, әрбір фармацевт дәріханалық қызметтерді жетілдіруге ұмтылуы; 
- медициналық практика мекемелеріндегі дәріхана директорлары сапаны 
анықтау, бағалау және жақсарту үшін жауапкершілікті қабылдауы; 

фармацевт әрбір науқас туралы қажетті медициналық және 
фармацевтикалық ақпараттарға ие болуы; науқас бір дәріхана қызметтерін 
үнемі қолданса немесе науқас үшін тағайындау картасы қолжетімді болса, 
бұл ақпаратты алу жеңілдетіледі; 
- фармацевт қолданылатын терапия және дәрілер туралы тәуелсіз, жан-жақты, 
объективті ақпараттарға ие болуы; 
- фармацевтикалық практиканың барлық салаларында жұмыс істейтін 
фармацевттер кәсіби қызметінің барлық кезеңінде өз құзыреттілігін сақтау 
және бағалау үшін жеке жауапкершілік алуы; 
- болашақ мамандарды даярлауға арналған білім беру бағдарламалары 
дәріханалық практиканың болашағын және күтілетін өзгерістерін лайықты 
түрде көрсетуі; 
- тәжірибедегі фармацевттер ұстанатын тиісті дәріханалық практиканың 
ұлттық стандарттары белгіленуі қажет. 
Дәріхана практикасының төрт негізгі элементтерінің әрқайсысы үшін 
қажетті үй-жайларды қамтитын ұлттық стандарттар кәсіби қызметте 
орнатылуы және енгізілуі тиіс. 
1. Денсаулықты нығайту және денсаулықтың нашарлауына жол бермеу. 
Ұлттық стандарттар қажет: 
(I) Бөгде адамдар естімейтін құпия сұхбаттасуға арналған үй-жай. 


41 
(IІ) Денсаулық сақтау мәселелері бойынша жалпы ұсынымдар беру. 
(ІІІ) Ұсыныстардың үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді 
арнайы компаниялар бойынша жиналыстарға тарту. 
V) Пайдаланылатын жабдықтың сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ 
диагностикалық тестілеу кезінде ұсынылған ұсыныстар үшін қажет. 
2. Тағайындалған дәрілерді және басқа да медициналық өнімдерді босату 
және қолдану. 
(а) Рецептіні қабылдау және бар хабарламаның толықтығын растау 
Ұлттық стандарттар: 
(I) Үй-жайлар; 
(II) Шаралар 
(III) Қызметкерлер үшін қажет. 
(б) Фармацевттің дәрігер тағайындамасын бағалауы 
(І) Терапевтикалық аспектілер (фармацевтикалық және фаракологиялық) 
(IІ) Белгілі бір адамға сәйкестік 
(III) Әлеуметтік, құқықтық және экономикалық аспектілер 
Ұлттық стандарттар: 
(І) Ақпарат көзі 
(II) Фармацевт құзыреті 
(III) Науқасқа дәрілер тағайындау карточкасы үшін қажет. 
(в) Белгіленген атаулар жиынтығы
Ұлттық стандарттар: 
(I) Дәрілік құралдар мен басқа да медициналық мақсаттағы бұйымдармен 
жабдықтау көздері, дәрілік құралдарды өндіру; 
(II) Дәрілік құралдарды сақтау; 
(ІІІ) Науқасқа босату кезіндегі жағдайы; 
(IV) Қызметкерлерді тарту; 
(V) Қажетті жабдықтар; 
(VI) Қажетті ғимарат және жұмыс орны; 
(VII) Экстемпоральды препараттарды дайындау және сапасын қамтамасыз 
ету; 
(VIII) Пайдаланылмаған фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық 
қалдықтарды жою үшін қажет. 
г) Пациенттің немесе күтімді жүзеге асыратын қамқоршы, максималды тиімді 
ем алуы үшін, жеткілікті көлемде жазбаша және ауызша ақпарат 
алатындығын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар 
Ұлттық стандарттар: 
(I) Бөгде адамдар естімейтін құпия сұхбаттасуға арналған үй-жай; 
(ІІ) Ақпарат көздері; 
(ІІІ) Атқарылатын рәсімдер және оларға сәйкес құжаттама; 
(IV) Қызметке тартылған персоналдың құзыреттілігі үшін қажет. 
д) Белгіленген емдеудің әсерін қадағалау 
Ұлттық стандарттар: 
(I) Жеке науқастың немесе пациенттер тобының емдеу нәтижелерін жүйелі 
түрде, үнемі бағалаумен ұстану рәсімдері; 


42 
(II) Емдеу барысын қадағалау үшін қажетті жабдықтар мен құралдарға 
қолжетімділік; 
(III) Қадағалау құралдарының сапасын қамтамасыз ету үшін қажет. 
e) Кәсіби қызмет құжаттары 
Ұлттық стандарттар: 
(І) Түпкілікті ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін жұмысқа қатысты 
мәліметтерді және кәсіби қызметті тіркеу; 
(II) Кәсіби қызметті және сапаны қамтамасыз етудің өзін-өзі бағалау тәртібі 
үшін қажет. 
3. Өзіне-өзі көмек көрсету 
Ұлттық стандарттар: 
(I) Бөгде адамдар естімейтін құпия сұхбаттасуға арналған үй-жай; 
(IІ) Қызметкерлердің құзыреті; 
(ІІІ) Өзіне-өзі көмек көрсету қажеттілігін тиісті бағалау тәсілдері, мысалы: 
a)
кімде қандай мәселелер туындады 
b)
қандай белгілер бар 
c)
бұл жағдайдың қанша уақытқа созылғандығы 
d)
қандай іс-әрекеттер қабылданды 
e)
қабылданған дәрілер 
IV) Ұсынылған дәрілердің тиімділігі және қауіпсіздігі; 
(V) Медицина қызметкерінің кеңесі қажет болатын жағдайларды анықтау 
және кейінгі бақылау әдістері үшін қажет. 
4. Дәрілерді тағайындау мен қолдануға әсері 
(a) Рационалды тағайындаудың жалпы саясаты 
Ұлттық стандарттар: 
(I) Дәрігер тағайындамасы туралы фармацевтке ұсынылған мәліметтердің 
сапасы; 
(II) Дәрілік құралдарға арналған анықтамалық әдебиеттерді дайындау; 
(III) Жеке тағайындаулар үшін дәрігерлермен байланыс; 
(IV) Медициналық және фармацевтикалық практикада дәрілерді қолдану 
туралы мәліметтерді бағалау;
(V) Жарнамалық материалдарды бағалау;
(VІ) Ресми арналар арқылы тексерілген ақпараттарды тарату; 
(VII) Медицина қызметкерлері үшін білім беру бағдарламалары;
(VIII) Фармацевтке қол жетімді ақпараттардың негізгі көздері; 
(IX) Жеке пациенттерге қатысты деректердің құпиялылығы үшін қажет. 
5. Зерттеу және тәжірибе құжаттары 
Фармацевттер кәсіби тәжірибе мен қызметті құжаттандыру, дәріхана 
практикасын және терапевтік зерттеулерді жүргізу және / немесе қатысу үшін 
кәсіби жауапкершілікке ие. 
Кәсіби фармацевтикалық стандарттарды әзірлеу - бұл тиісті тәжірибені 
енгізудің ең қиын бөлігі, ол теорияда барлық фармацевтикалық 
қауымдастықты қамтуы тиіс. Егер отандық дәріханалар жұмысының 
принциптерін еуропалық елдердің тиісті тәжірибесімен салыстырсақ, 
дәрігерлермен серіктестікті санамағанда, көптеген айырмашылықтар жоқ. 


43 
Еуропада фармацевттің препаратты тағайындайтын дәрігермен тікелей 
байланысы бар. Ең дұрысы, егер дәріханада рецептіде көрсетілген дәрілік 
препарат жоқ болса, онда фармацевт өз бетінше алмастырғыш ұсынбай, 
дәрігермен хабарласуы қажет. 
Фармацевтикалық көмек халықтың ауруларының алдын алу және 
емдеуге қатысуды қамтиды. Дәрілік құралдарды қолдану кезінде, қолайсыз 
жанама әсерлер болмаған жағдайда, олардың сапасы науқастарды 
максималды терапевтік пайдасымен қамтамасыз етілуі керек. Бұл емдеу 
нәтижелеріне фармацевттерді басқа мамандармен және науқастармен бірге 
жауапты үлесті алуды білдіреді 
Дәрігердің, фармацевт пен пациенттің өзара іс-қимылына негізделген 
фармацевтикалық көмектің бұл тұжырымдамасы халықтың ерекше 
топтарына: егде адамдарға, ана мен балаларға, созылмалы аурулары бар 
науқастарға, сонымен қатар тұтастай қоғамға да қатысты. 
Барлық фармацевтика қызметкерлері әр пациентке сапалы қызмет 
көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті. GPP - бұл міндеттерді нақтылау және 
орындау құралы болып табылады. Бұл құжат ұлттық фармацевтикалық 
ұйымдарға барлық деңгейлердегі фармацевттердің өз жұмысын жақсартуға, 
өзгермелі жағдайларға дер кезінде жауап беруге бар назарын жинауға 
көмектесуге бағытталған. 
Халықаралық Фармацевтикалық Федерация
басқа 
мемлекеттер үшін ең төменгі талаптарды, стандарттарды белгілеу орынсыз 
деп санайды. Әр түрлі елдердің фармацевтикалық қызметтері өзіндік 
ерекшеліктерге ие және әр елдің ұлттық фармацевтикалық ұйымдары бірінші 
кезекті шараларды анықтап, не істеу керектігін айқындай алады. 
Ұлттық фармацевтикалық ұйымдар фармацевтикалық білім беру 
жүйесін, соның ішінде кәсіптік білім беру мен жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім беру жүйесін құру үшін барлық шараларды қолдануға тиіс, бұл 
фармацевтика қызметкерлерін қоғамдық денсаулық және қоғамдық өмірде 
атқаратын рөлі үшін оқытудың сәйкестігін қамтамасыз етеді. Бұл 
фармацевтикалық ғылымдардың қажетті негіздері шеңберінде дәрі-
дәрмектерді пайдалануға, әлеуметтік және психологиялық ғылымның 
негізіндегі кәсіптік оқыту курсына, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға 
және жақсартуға ерекше назар аудару керектігін білдіреді.
Халықаралық Фармацевтикалық Федерация
(FIP) сәйкес, GPP ережелері әр ел 
өздерінің өзекті мәселелерін шешетін және елдің сипаттамаларын есепке ала 
отырып, өздерінің стандарттарын белгілейтін негіз болып табылады. Осы 
стандарттарды әзірлеуде елдер арасындағы елеулі айырмашылықтар ескерілуі 
керек. Бай мемлекеттерде, әдетте, өндірісте дайындалатын фармацевтикалық 
өнімдердің лицензиясын немесе өнімдерді сатуға арналған лицензияны 
сақтандыру, фармацевтикалық өнімдерді дайындаушыларды, көтерме 
сатушыларды, басқа да дистрибьюторларды, дәріханаларды лицензиялау 
және тексеру арқылы сапасын бағалайтын, сонымен қатар мемлекеттік 
бақылау-аналитикалық зертханаларындағы таңдамалы сапа бағалайтын тиімді 
жүйе орнатылған. 


44 
Көптеген елдерде дәрілік құралдар айналымының тиімді реттеу 
жүйесінің болмауы фармацевтикалық өнімдердің сапасы үшін негізгі 
жауапкершілікті фармацевтика қызметкерлеріне артады. 
Мұндай 
жағдайларда 
олар 
тек 
өздеріне 
немесе 
фармацевттер 
қауымдастығынан алынған сапалы деректерге сүйенуі керек. Халықаралық 
нарықта стандартталмаған және жалған фармацевтикалық өнімдер туралы 
көптеген мәлімдемелер бар. Тиімді емес, сонымен қатар қауіпті болуы мүмкін 
препараттар дамушы елдерге жиі жеткізіледі, бұл денсаулық сақтау жүйесіне 
деген сенімге нұқсан келтіреді. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау 
ассамблеясының «Фармацевттердің ДДҰ-ның дәрілер стратегиясына қолдау 
көрсетудегі рөлі туралы» шешімі фармацевттер дайындайтын және тарататын 
дәрілердің сапасын қамтамасыз ету шаралары кешенінде міндеттерін 
анықтаудан басталады. 
GPP талаптары. 
Тиісті дәріханалық практиканың талабы бойынша 
фармацевттің ен бірінші міндеті – мекен жайына байланыссыз науқастың 
денсаулығы. Тиісті дәріханалық практиканың талабы бойынша дәріхананың 
негізгі қызметі - науқастарды тиісті ақпаратпен дәрілермен және басқа да 
медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ дәрілер әсерін 
бақылау бойынша кеңес беру. 
Тиісті дәріханалық практиканың талабы бойынша фармацевт қызметінің 
ажырамас бөлігі дәрілік құралдарды ұтымды және үнемді тағайындау, дұрыс 
пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
Тиісті дәріханалық практиканың талабы бойынша дәріхана қызметінің 
әрбір элементі жеке адамға бағытталып, тиімді түрде жеткізілуі тиіс. 
Осы талаптарды қанағаттандыру үшін: 
- практиканың негізгі идеологиясы - кәсіби факторлар, сонымен қатар 
экономикалық факторлардың да маңызының зор болуы; 
- фармацевт дәрілік құралдардың қолдану көрсеткіштері туралы мәселелерді 
шешуі үшін үлес қосуы; 
- фармакотерапияға байланысты басқа медицина қызметкерлерімен, әсіресе 
дәрігерлермен қарым-қатынас өзара сенім және құпиялылықты қамтитын 
терапевтік серіктестік ретінде қарастырылуы; 
- басқа фармацевттермен бәсекелестік емес, тек әріптестік қарым-қатынаста 
болуы, әрбір фармацевт дәріханалық қызметтерді жетілдіруге ұмтылуы; 
- медициналық практика мекемелеріндегі дәріхана директорлары сапаны 
анықтау, бағалау және жақсарту үшін жауапкершілікті қабылдауы; 

фармацевт әрбір науқас туралы қажетті медициналық және 
фармацевтикалық ақпараттарға ие болуы; науқас бір дәріхана қызметтерін 
үнемі қолданса немесе науқас үшін тағайындау картасы қолжетімді болса, 
бұл ақпаратты алу жеңілдетіледі; 
- фармацевт қолданылатын терапия және дәрілер туралы тәуелсіз, жан-жақты, 
объективті ақпараттарға ие болуы; 
- фармацевтикалық практиканың барлық салаларында жұмыс істейтін 
фармацевттер кәсіби қызметінің барлық кезеңінде өз құзыреттілігін сақтау 
және бағалау үшін жеке жауапкершілік алуы; 


45 
- болашақ мамандарды даярлауға арналған білім беру бағдарламалары 
дәріханалық практиканың болашағын және күтілетін өзгерістерін лайықты 
түрде көрсетуі; 
- тәжірибедегі фармацевттер ұстанатын тиісті дәріханалық практиканың 
ұлттық стандарттары белгіленуі қажет. 
Қазіргі уақытта фармацевттердің төрт негізгі рөлі бар: 
• дәрілік құралдарды өндіру, қабылдау, сақтау, тарату, бақылау, тарату және 
жою;
• дәрілік терапияны тиімді басқару;
• кәсiби қызметтi қолдау және жетiлдiру;
• халықтың денсаулығының және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін 
арттыруға үлес қосу.
Әрбір рөл ұлттық стандарттардың ең төменгі деңгейін енгізу қажет 
болатын бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады. Бұдан әрі оларды жан-жақты 
талқылаймыз.
GPP 
ең төменгі стандарттарын бекіту кезінде фармацевтің рөлін, оның 
тиісті функцияларын және оларды іске асыру үшін жауапкершілікті анықтау 
өте маңызды. Айта кеткен жөн, бұл декларативті түрде жасалмауы керек - 
нақты функцияны, кәсіби іс-қимылдарды орындау кезінде фармацевт қандай 
жауапкершілікке (нақты) ие екендігін айқындау қажет. 
GPP негізгі принциптері 6 тезисті құрайды. 
• фармацевт және фармацевтикалық көмек науқасқа қол жетімді болуы тиіс; 
• фармацевт денсаулығы бойынша науқастардың проблемаларын анықтау мен 
басқаруға қатысады; 
• фармацевт салауатты өмір салтын және денсаулықты құндылық ретінде 
насихаттауға қатысады; 
• фармацевт дәрі-дәрмектердің сапасын қамтамасыз етуге қатысады; 
• фармацевт науқас денсаулығына тигізуі мүмкін дәрілердің зиянды әсерін 
алдын алу қажет; 
• фармацевт денсаулық сақтау жүйесінің шектеулі ресурстарын оңтайлы 
пайдалануы керек. 
Қоғам (ел, аймақ) ішінде денсаулық сақтау мамандары тарапынан 
фармацевттер денсаулық проблемалары бойынша науқастарға кеңес бере 
алады деп танылуы тиіс. Бұл қазіргі таңда дәріхана емдеу мекемесі болып 
саналуына байланысты.
Фармацевттер дәрілік құралдарды қолдануды жақсартуға байланысты 
белгілі бір жауапкершілік дәрежесіне ие. 
Бұл дәрілік құралдарды жеткізу тізбегінің тұтастығын, сонымен қатар 
жалған 
/контрафактілі/фальсификацияланған/ 
жалған 
безендірілген 
препараттарды анықтауды, сақтау жағдайларының сақталуын, дәріханадағы 
дәрілік препараттарды сапалы дайындалуын қамтиды. 
Сонымен қатар, міндеттер мыналарды: дәрілік құралдардың тиісті 
тағайындалуы (рецепт бойынша бақылау), қабылдау тәртібін (доза / доза 
нысандарын) сақтауды, науқастарды нақты және түсінікті нұсқаулармен 
қамтамасыз етуді, ластанудан (препарат-препарат / препарат-тамақ) сақтауды, 


46 
қажетсіз препараттарды қабылдамауды, ықтимал жағымсыз реакциялар 
туралы хабардар етуді қамтиды. 
Фармацевттер дәрілік құралдарды дұрыс пайдалануға бағытталған 
(дозаны сақтау, пайдалану уақыты және т.б.) түсіндіру жұмыстарын 
жүргізуде маңызды рөл атқарады. 
Бұдан басқа, фармацевттер дәрілік құралдардың тиімділігі мен жағымсыз 
әсерлері туралы ақпарат жинайды, терапия мониторингіне қатысады. 
GPP
негізгі талабы бойынша фармацевттің кәсіби мәселесі науқастың әл-
ауқатына қатысты. Бұл жұмыстың экономикалық компоненттері де маңызды 
болғанына қарамастан, негізгі принцип болуы тиіс. 
Денсаулық сақтау жүйесіндегі фармацевт рөлін нығайту үшін ол 
талқылау мен шешім қабылдау процесіне тартылуы керек. Фармацевттер 
жинайтын және алмасатын тиімділігі мен жағымсыз әсерлері туралы ақпарат 
алу жүйесі құрылуы тиіс.
Фармацевттер 
мен 
дәрігерлер 
(әсіресе 
терапевттер/отбасылық 
дәрігерлер) арасындағы серіктестік үшін жағдай жасалуы қажет. Фармацевтке 
кәсіби қызмет көрсетілетін әрбір пациенттің медициналық талдауларының, 
диагнозының, медициналық тарихының нәтижелері қолжетімді болуы керек.
Сонымен қатар, фармацевттер дәрілік құралдар туралы ақпаратқа қол 
жеткізуі керек (нарықта сатылатын дәрілер мен медициналық өнімдер туралы 
ең жаңа, объективті, салыстырмалы, дәлелді медицинаға негізделген ақпарат). 
Фармацевттер жұмыс барысында кәсіби міндеттерін орындауға жеке 
жауапкершілік алуы керек (өзін-өзі бақылау). Өзін-өзі бақылау маңызды 
аспект болып табылатындығына қарамастан, стандарттарға сәйкестікті 
бақылайтын құрылымдардың (ұлттық кәсіби ұйымдар) жұмыс істеуін 
қамтамасыз етіп, сондай-ақ мамандарды үздіксіз оқыту (біліктілікті арттыру) 
үшін жағдай жасау қажет. Сонымен қатар, білім беру бағдарламалары 
фармация мен денсаулық сақтау жүйесінің дамуы мен өзгеруін ескеруі керек. 
Осылайша, жергілікті (ұлттық/аймақтық) шкала бойынша заңнамалық 
деңгейде: 
• фармацевтикалық практикамен айналысуға кімнің құқығы бар екендігін 
анықтау; 
• фармацевтикалық қызметтің саласын анықтау; 
• дәрілік құралдарды жеткізу тізбегінің тұтастығын және олардың сапасын 
қамтамасыз ету. 
GPP нұсқауларымен салыстырғанда, заңнамада талаптар жиі аз болады. 
Оның үстіне, заңнама анық нұсқаулар емес, декларативті талаптар 
белгіленеді. Осылайша, белгілі бір аспектілерді (стандарттарды белгілеу) 
реттейтін ұлттық фармацевтикалық ұйымдар салалық өзін-өзі басқару 
қағидаты бойынша GPP саясатын жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады. 
Фармацевтикалық тәжірибеге қойылатын талаптар тек мемлекеттер 
арасында ғана емес (сегменттерді дамыту, мақсаттарына байланысты), 
сонымен қатар мемлекет ішіндегі әртүрлі дәріханаларда (бөлшек және 
стационарда) түрлі екенін түсіну маңызды. GPP стандарттарын енгізу кезінде 
әртүрлі типтегі дәріханалардың арасындағы айырмашылықты ескеру керек. 


47 
Шын мәнінде, «фармацевтикалық практика» ұғымына сай келетін ең төменгі 
талаптар анықталуы керек. 
Халықаралық Фармацевтикалық Федерация
GPP стандарттарын енгізбес 
бұрын, қоғамдағы және денсаулық сақтау жүйесінде фармацевттердің рөлін, 
сондай-ақ оның жауапкершілігінің ауқымын анықтау маңызды екеніне назар 
аударады. Жоғарыда айтылғандай, бүгінгі күнде фармацевттердің 4 басты 
рөлі анықталды. Оларды ұлттық деңгейде іске асыру үшін ең төменгі 
талаптар орындалуы керек (әр рөлден кейін осы қызметке ұсынылатын 
минималды ұлттық талаптар көрсетілген). 
1 рөл. Дәрілік құралдарды өндіру, қабылдау, сақтау, тарату, бақылау, тарату 
және жою;
1. Экстемпоральды препараттарды дайындау.
Фармацевттер дәрілік құралдарды дәріханада өндіруге арналған 
аймақтар тиісті түрде әзірленуін қамтамасыз етуге тиіс, бұл қателіктердің 
мүмкіндігін азаюын, сонымен бірге дәрілік заттардың тазалығы мен 
қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. 
Фармацевттер дәрілік құралдардың белгіленген формулаға және 
шикізатқа, жабдықтар мен өндірістік процестердің сапа стандарттарына 
сәйкес келуін қамтамасыз етуі керек. 
2. Қабылдау, сақтау және қауіпсіздік кепілдігі. 
Сатып алу үшін жауапты фармацевттер бұл процестің кәсіби және 
этикалық болуын қамтамасыз етуі керек. Бұл процесс мемлекеттік 
құрылымдар мен өзін-өзі басқару ұйымдары үшін ашық болуы керек. 
Сатып алуға жауапты фармацевттер жалған /контрафактылы/ 
фальсификацияланған/жалған безендірілген дәрілік құралдарды дәріханаға 
түсуге жол бермеу үшін сапа талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі 
керек. 
Сонымен қатар олар сатып алуды іске асыратын нақты, уақытылы, 
қолжетімді ақпаратпен қамтамасыз ететін сенімді ақпарат жүйесіне жауапты. 
Фармацевттер дәрілік құралдар тапшылығы жағдайында (күтпеген 
жағдайларға байланысты), сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде сатып алу 
жоспарларын әзірлеуі керек. 
Фармацевттер барлық дәрілік құралдар үшін тиісті сақтау жағдайларын 
қамтамасыз етуі керек 
3. Дәрілік құралдарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тарату. 
Фармацевттер дәрілік құралдарды (семплинг барысындағы үлгілерді қоса 
алғанда) жеткізудің сенімділігі мен қауіпсіздігіне кепілдік беруі тиіс.
Фармацевттер жазбаша есеп беру элементін қамтитын тиімді тарату 
жүйесін құруға тиіс. Бұл кез-келген уақытта күдік тудыратын дәрілік құралды 
немесе медициналық бұйымды жылдам анықтау үшін қажет. 
Фармацевттер өндірушілермен, дистрибьюторлармен және құзыретті 
органдармен (қажет болған жағдайда) апатты жағдайлардың дайындық 
стратегиялары немесе пандемиясына байланысты негізгі дәрілік құралдарды 
жеткізу жоспарын әзірлеуі қажет. 


48 
Осындай стратегияларды жүзеге асыру кезінде ұлттық реттеуші 
органдары қауіпсіздік техникасы туралы шектеулі ақпараты бар дәрілік 
құралдарды сатуға рұқсат бере алады. Фармацевттер олардың қауіпсіздігі 
туралы хабардар болуы және қолайсыз реакциялар туралы ақпарат жинауға 
қатысуы керек. 
4. Дәрілік құралдарды, вакциналарды және басқа инъекциялық 
препараттарды енгізу. 
Фармацевттер дәрілерді дайындау мен енгізу контекстінде белгілі бір 
рөлді атқаруы керек. Олар сондай-ақ тиісті рәсімдерді мақұлдауға және 
дәрілік құралдарды енгізу нәтижелеріне мониторинг жүргізуге тиіс. 
Мұндай маманға инструктор (ақпарат беретін тұлға), үйлестіруші және 
вакцинатор рөлі тағайындалуы керек. Осылайша, бұл аурулардың таралуына 
қарсы күреске, вакцинацияны қамтуға және қауіпсіздікті арттыруға ықпал 
етеді. 
Фармацевт дәрілік тәуелділік, адамның қорғаныc тапшылығы 
қоздырғышы (АҚТҚ) / жұқтырылған қорғаныc тапшылығының белгісі 
(ЖҚТБ), туберкулез және жыныстық жолмен берілетін аурулар (қажет болған 
жағдайда) сияқты бағыттарда (Directly Observed Therapy — DOT) терапия 
бағдарламаларына қатысуы тиіс. 
5. Дәрілік құралдарды босату 
Фармацевт дәріханада сапалы фармацевтикалық қызмет көрсетудің 
барлық жағдайлары (жабдықтар, ғимарат, құжаттама және т.б.) жасалғанына 
кепілдік беру керек. 
Ол рецептідегі (қағаз немесе электронды) барлық ақпаратқа қол 
жеткізуге және зерттеуге, тағайындалудың терапевтік, әлеуметтік, 
экономикалық және заңнамалық аспектілерін бағалауға, содан кейін ғана 
препаратты науқасқа босатуға тиіс. Мүмкін болса, генерикпен ауыстыруды 
орындау ұсынылады. 
Фармацевттер дәрілерді босатуда құпиялылықты қамтамасыз етуі керек. 
Сонымен қатар, олар науқас дәрілік құралдың максималды пайдасын 
қолданатынына көз жеткізу үшін, кеңестер беруі қажет. 
6. Дәрілік құралдарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды 
жою. 
Фармацевттер, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік құралдарды дәріхана 
және дәріханалық қоймадан алынуын, үнемі түгендеу жүргізу арқылы 
қамтамасыз етілуіне кепілдік беруі тиіс. Қандай да бір себептермен қайтаруға 
жататын дәрілік құралдар жылдам сақтау бөліміне ауыстырылады. 
Фармацевттер бөлшек сауда және ауруханалық дәріханаларда дәрілік 
құралдардың қауіпсіз жою әдісін ұйымдастыру керек. Бұл пациенттерді 
дәрілік құралдарды, медициналық бұйымдарды (жарамдылық мерзімі 
аяқталған немесе жай ғана қажет емес) жоюға әкелуіне ынталандырады. Егер 
мұндай жүйе құрылмаса, фармацевттер пациенттерге дәрілік құралдарды 
қауіпсіз түрде жою туралы ақпарат беруі тиіс. 
2 рөл. Дәрілік терапияны тиімді басқару 
1. Пациенттердің денсаулығы мен олардың қажеттіліктерін бағалау. 


49 
Фармацевттер денсаулық сақтаудың барлық қажетті элементтерінің 
(соның ішінде профилактика, өмір салты) пациенттердің емдеу курсына 
енгізілгеніне көз жеткізуі тиіс. 
Жұмыс кезінде олар пациенттердің жеке мінездемелерін, мысалы, діни 
сенімдерін, білім деңгейін, физикалық қабілеттерін және басқаларын ескеруі 
тиіс. 
2. Науқастың дәрілік терапиясын басқару. 
Фармацевттерге дәрілік құралдарды қауіпсіз, ұтымды және үнемді 
пайдалануға байланысты дәлелдемелі негіз үздіксіз қолжетімді болуы керек. 
Олар бұл ақпаратты емдеу стандарттарымен мақұлданған тиісті медициналық 
анықтамалық кітаптарда, мерзімді басылымдарда, ұлттық құжаттарда 
(мысалы ДДҰ дәрілік құралдарының тізбесі сияқты) алуға тиіс. Сонымен 
қатар формулярлық жүйе дәлелді медицинаға негізделгеніне, емдеу 
хаттамаларына сәйкес келетініне сенімді болу керек. 
Фармацевттер дәрілі құралдар туралы, оның ішінде дозаны таңдау, 
босату формалары және т.с.с. туралы өз ескертулерін дәрігерлерге жазып 
беру мүмкіндігіне ие болуы керек. Олар науқасты емдеуге қатысты барлық 
ақпаратқа (медициналық тарих, бұрын тағайындалған дәрілік құралдар және 
т.б.) қол жеткізуге және қажет болған жағдайда терапия процесіне араласуға 
тиіс. 
Дәріханада пациентті дәрігерге бағыттаудың стандартты жұмыс тәртібі 
жасалуы тиіс. 
3. Прогресс мониторингі және емдеу нәтижелері. 
Фармацевттер науқастың дәрілік құралдарға жауабын бағалау кезінде 
диагнозды және әрбір науқастың жеке қажеттіліктерін ескеруі, қажет болған 
жағдайда емдеу процесіне араласуы керек. 
Фармацевттер клиникалық деректерді, пациенттер туралы ақпаратты 
дәрілік терапия мониторингі және тиісті бақылау үшін құжаттауы керек. 
Зерттеудің нәтижелерін бағалау және терапияны (қажет болған жағдайда) 
түзету үшін, олар сондай-ақ (дәріханада) тестілеу жүргізуі керек. 
4. Дәрілік құралдар туралы, сондай-ақ денсаулыққа байланысты 
мәселелер туралы ақпарат беру. 
Әр дәріханада фармацевт пен пациент арасындағы құпия әңгіме үшін 
орынмен қамтамасыз етілуі қажет. 
Фармацевттер пациенттерге денсаулық, ауру және дәрілік құралдар 
туралы сенімді ақпарат беруге тиіс. Кең ақпараттандыру емделуге 
бейімділікті арттыру және науқастардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін 
жағдай жасауды көздейді. Олар сондай-ақ науқастар мен ем тағайындайтын 
дәрігерді ақпараттандыру арқылы антимикробтық төзімділіктің төмендеуіне 
байланысты шараларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысуы тиіс. 
3 рөл. Кәсіби қызметті жүргізу және жетілдіру. 
1. Үздіксіз кәсіби даму стратегияларын жоспарлау және енгізу. 
Фармацевттер кәсіби қызметінің барысында біліктілігін арттыру 
керектігін түсіну қажет. Олар сондай-ақ фармациядағы қосымша және 
дәстүрлі бағыттарға (соның ішінде, диеталық қоспалар, гомеопатия, 


50 
акупунктура, натуропатия) қатысты білімді арттыру бойынша қадамдар 
жасауы керек. Фармацевттер өз білімдерін жаңартумен, фармацевтикалық 
практикаға жаңа технологиялар мен автоматтандыруды енгізуге атсалысып, 
сонымен қатар, дәрілік құралдар туралы жаңартылған ақпаратты үнемі алып 
отыру қажет. 
4 рөл. Денсаулық сақтау және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін 
арттыруға үлес қосу. 
1. Дәрілер туралы сенімді ақпарат тарату және өзін-өзі қамтамасыз етудің 
әртүрлі аспектілері. 
Фармацевттер пациенттерге, басқа медицина қызметкерлеріне және 
тұтастай алғанда халыққа ұсынатын ақпарат дәлелдерге негізделгенін және 
объективті, түсінікті, дәл және өзекті екендігін қамтамасыз етуі керек. 
Олар сондай-ақ пациенттер популяциясының кең тобына қолдануға 
болатын денсаулықты нығайту, ауруды болдырмау бағдарламаларын әзірлеуі 
және/немесе қолдануы керек. 
Фармацевттер пациенттерге интернетте немесе басқа ақпарат 
көздерінде орналастырылған денсаулық сақтау туралы ақпаратты қалай 
пайдалану керектігін үйретуі керек. Сонымен қатар, олар науқастарды 
бұқаралық ақпарат құралдарында (әсіресе интернетте) алынған ақпарат 
туралы фармацевттермен кеңесуге шақыруы керек. Фармацевттер науқастар 
мен денсаулық сақтау қызметкерлеріне бұқаралық ақпарат құралдарынан 
алынған ақпаратты талдауға көмектесуде маңызды рөл атқарады. 
2. Превентивті медицинамен байланысты қызметтерге белсене қатысу. 
Фармацевттер халықтың денсаулығын нығайтуға және аурулардың 
алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларға қатысуы керек. Атап 
айтқанда, бұл темекі шегумен, жұқпалы аурулардың таралуымен, сондай-ақ 
жыныстық жолмен берілетін ауруларға қарсы күресетін компанияларға 
қатысты. Мүмкіндігінше дәріханаларда тәуекелге ұшыраған науқастар үшін 
қызмет көрсету орнында (яғни дәріханада) сынау және скрининг сияқты 
қызметтер көрсетілуі тиіс. 
3. Ұлттық кәсіби міндеттердің, принциптер мен заңдардың сақталуы. 
Фармацевттер фармацевттердің ұлттық этика кодексінің ережелерін сақтауды 
қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы керек.
4. Қоғамдық денсаулық сақтау көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған 
ұлттық саясатты насихаттау және қолдау. 
Фармацевттер мемлекеттік және кәсіптік ұйымдарға қоғамдық 
денсаулықты алға жылжыту, бағалау және жақсарту шараларымен көмектесу 
керек. Бұл тұрғыда фармацевттер денсаулық сақтау саласының басқа 
мамандарымен ынтымақтасуы тиіс. 
Сонымен, фармацевттер тарапынан тікелей жүзеге асырылуын күтетін 4 
негізгі рөлі бар. Осы рөлдердің әрқайсысы бойынша ең төменгі ұсынылатын 
заңнамалық талаптар GPP нұсқаулығында көрсетілген. 
Дәріхана науқастарды дәрілік құралдарды қолдану туралы кеңес берген 
кезде белгілі бір сапа деңгейін қамтамасыз етеді. Кеңес беру сапасы дәріхана 
талаптарына байланысты. 
Бұған жауапты фармацевт басқа жұмысқа 


51 
ауысса, соның салдарынан кеңес беру сапасы күрт төмендейді. Дәріхана 
сынға ұшырайды немесе шағымдар түседі. Бұл мәселені жою үшін дәріхана 
қызметкерлерді оқытуды және дайындауды бастайды. Олар оқиды, жетістікке 
жетеді және кеңес беру жақсарады. 
Әдетте, бірнеше айдан кейін, мәселенің өзі де, оны шешу жолы да жиі 
ұмытылады. Жаңа проблемалар туындайды, немесе компания тоқтап, табысы 
төмендейді. 
ТДП іс-жүзіндегі жетістіктері. Тиісті дәріхана практикасының нақты 
стандарттары тек ұлттық ұйымдар шеңберінде ғана шығарылуы мүмкін. 
Бұл нұсқаулықты пациенттер мен тұтынушылардың мүдделерін дәріханада 
жүзеге асыратын кәсіби тапсырмалар тізімі ретінде қарау ұсынылады. 
Жобаны ілгерілетуге әрбір ұлттық фармацевтикалық ұйым жауапты болып 
табылады. Әрбір ел үшін фармацевтикалық практиканың белгілі бір 
стандарттарына қол жеткізу үлкен уақыт пен күшті талап етеді. Медициналық 
мамандар ретінде, фармацевтер бұл процесті дереу бастауы керек. 
Тиісті 
дәріханалық 
практика 
жүйесінің 
фармацевтикалық 
жұмысшысының рөлі. «Фармацевт» термині жоғары фармацевтикалық білімі 
бар кәсіптік қызметкер мағынасын білдіреді; аналогы - «провизор». 
Барлық тәжірибелі фармацевттер әрбір науқасқа ұсынылатын 
қызметтердің сапасын қамтамасыз етуі қажет.
Тиісті дәріханалық практика 
жүйесінің жетекшілігі бұл міндетті түсіндіру және жүзеге асыру құралы 
болып табылады. 
Халықаралақ 
фармацевтикалық 
федерацияның 
рөлі 
ұлттық 
фармацевтикалық ұйымдарды басқару болып табылады, бұл өз кезегінде, 
ұлттық стандарттарды орнатуды бастауы керек. Басты элемент - бұл бүкіл 
әлемдегі кәсіпорынның міндеттемесі - біз өзіміз қызмет ететіндердің 
пайдасына жетілдіру. Қоғамдық және басқа мамандықтардың өкілдері бұл 
міндеттемені қоғамдық және стационар желісінде жүзеге асыруымызға 
байланысты біздің мамандығымызға баға береді.
Бұл құжат ұлттық 
фармацевтикалық ұйымдарға мемлекеттік және госпитальдық фармация 
секторларында жұмыс істейтін фармацевттердің назарын аударып, 
өзгерістерге сәйкес олар ұсынатын қызметтер элементтерін дамытуға 
шақырады.
ДДҰ / ХФФ стандарттарды белгілеу және барлық қатысушы елдерде ең 
төменгі талаптарды белгілеу орынсыз болар еді. Дәріхана тәжірибесінің 
шарттары әртүрлі елдерде кеңінен ерекшеленеді. 
Жекелеген елдердің ұлттық фармацевтикалық ұйымдары қай уақытта не 
нәрсеге қол жеткізуге болатынын жақсы тұжырымдай алады. 
Ұлттық фармацевтикалық ұйымдар фармацевтикалық білім берудің 
бастапқы және екінші деңгейдегі фармацевтердің фармацевтикалық және 
фармацевтикалық тәжірибеде атқаратын рөліне сәйкес келуін қамтамасыз ету 
үшін шаралар қабылдауы керек. Бұл фармацевтикалық ғылымдардың қажетті 
негізде дәрілік құралдардың әсерлері мен қолданылуы туралы мәселелерді 
тиісті түрде айқындауы керек дегенді білдіреді. Әлеуметтік және мінез-құлық 
ғылымдарының тиісті бөлімдері бастапқы оқыту курсына қосылуы керек 


52 
және білім берудің барлық сатыларында коммуникативтік дағдыларды 
дамытуға және жетілдіруге аса назар аударуы керек. Бұл құжат әрбір 
мемлекет барлық қажетті шараларды қабылдауға және өздерінің 
стандарттарына ел үшін қолайлы атаумен қабылдануы тиіс шеңберді 
анықтайды. 
Осы стандарттарды әзірлеу кезінде елдер арасындағы елеулі 
айырмашылықтарды ескеру қажет. Бай елдер әдетте өнеркәсіптік ауқымда 
өндірілген фармацевтикалық өнімдердің сапасын қадағалауға мүмкіндік 
беретін тиімді және заңдық тұрғыдан реттеуші жүйелерге ие.
Бұған 
өндірістік 
лицензияларды 
және 
сауда 
рұқсаттарын, 
фармацевтикалық өндірушілерді, көтерме және басқа да дистрибьюторларды, 
қоғамдық және ауруханалық дәріханаларды және басқа да тарату орындарын 
лицензиялау және Мемлекеттік сапаны бақылау зертханаларында сапалы 
бақылауды таңдау арқылы қол жеткізіледі. 
Көптеген дамушы елдерде дәрілік құралдарды реттеудің тиімді жүйесі 
болмағандықтан, фармацевтикалық өнімге жауапкершілік фармацевтерге 
жүктеледі. 
Демек, 
олар 
тек 
өздеріне 
немесе 
фармацевтикалық 
қауымдастықтың сапаны қамтамасыз ету жүйесіне ғана сене алады және тек 
қана сенімді көздерден дәрілерді алуды қамтамасыз етеді. Халықаралық 
фармацевтикалық федерация дәрілік құралдарды сатып алу бойынша 
Халықаралық фармацевтикалық федерация (FIP) Ережесін әзірледі. 
Халықаралық саудада айналысатын сапасыз және жалған фармацевтикалық 
өнімдердің қолайсыз көлемі туралы көптеген есептер бар. Дамушы елдер 
тиімсіз немесе токсикалық болуы мүмкін өнімдерге өте бейім болып, бұл 
денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді жоюы мүмкін. Бұл Дүниежүзілік 
денсаулық сақтау ассамблеясының 1994 жылғы мамырда Дүниежүзілік 
денсаулық сақтау ассамблеясы қабылдаған дәрілік құралдар бойынша ДДҰ 
қайта қаралған стратегиясын қолдауға фармацевтикалық рөлі және 
фармацевтердің өнімдерінің сапасын қамтамасыз ету үшін фармацевтердің 
босатылатын өнімнің сапасына жауапкершілігінен бастап ынтымақтастықты 
ынталандыру туралы қабылдаған шешімінің негізгі себебі болады. 
Дәрілік құралдарды дайындаудың тиісті тәжірибесі.
1. Тиісті тәжірибелік дайындау - бұл сапаны қамтамасыз ету жүйесінің бөлігі 
болып, белгілі бір сапа стандарттарына сәйкес дәрілік құралдарды дәйекті 
дайындауды қамтамасыз етеді.
2. Бірыңғай сападағы дәрілік құралдарды дайындау үшін мынадай негізгі 
талаптар орындалуы тиіс:
а. Қызметкерлер өз функцияларына сәйкес білікті және дайындықтан өткен 
болуы керек. Міндеттер мен өкілеттіктер нақты анықталуы тиіс.
б. Үй-жайлар мен жабдықтар мақсатқа сай болуы керек. 
с. Барлық сапаны қамтамасыз ету процестері олардың жарамдылығына 
байланысты бағалануы керек және олар тиісті нұсқаулар мен сипатталуы 
тиіс.
d. Дәрілік құралдарды дайындаумен байланысты процестер осы нұсқаулықта 
сипатталған дәрілік құралдарды дайындаудың тиісіті тәжірибесі әдістерінің 


53 
қағидаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Хаттамаларда барлық қажетті 
сатылар орындалғаны көрсетулі тиіс. Құжаттамада дәрілік препаратты 
дайындаудың толық тарихы көрсетілуі тиіс. 
e. Дайын дәрілік құралдардың сапасын бағалау қажет. Бұл бағалау 
құжатталуы керек. Ол мыналарды қамтиды:
• дайындама құжаттамасын қарау; 
• 
сынақ 
нәтижелерін, 
экологиялық 
талдау 
нәтижелерін 
және 
спецификацияларды салыстыру (егер қолданылса); 
• кез келген ауытқуларды бағалау. 
f. Дәрілік құралдар тиісті құзыретті тұлғамен (яғни жауапты адамның немесе 
босату үшін жауапты тұлғаның) барлық белгіленген талаптарға сәйкес 
келетіндігін расталғаннан кейін ғана босатылады. 
g. Дәрілік құралдарды, шикізатты және қаптама материалдарын дәрінің 
жарамдылық мерзімі біткенге дейін сапасы сақталатындай етіп өңдеу және 
сақтау қажет. Өнімдерге шағымдар талданады, сапа ақауларының себептерін 
анықтау қажет, дұрыс емес дайындалу және ақаулардың қайталануына қарсы 
тиісті шараларды қабылдау тиіс. 
1.4 Сапаны бақылау 
Сапаны бақылау – бұл іріктеуді, спецификацияларды және сынақтарды 
дайындаудағы тиісті тәжірибенің бөлімі болып, 
қажетті және тиісті 
сынақтардың шынайы өткізілуін қамтамасыз ету және шикізат пен қаптама 
материалдарының, аралық және дайын өнімнің сапасы белгіленген талаптарға 
сай болмаған жағдайда оларды босатпау талаптарын қанағаттандырады. 
2. Қызметкерлер 
2.1 Қағидалар 
Сапаны қамтамасыз етудің қанағаттанарлық жүйесін құру және дәрі-
дәрмектерді дұрыс дайындау персоналға байланысты болады. Осыған сәйкес, 
барлық тапсырмаларды орындау үшін жеткілікті және құзыретті 
қызметкерлерге ие болу керек. Жеке міндеттерді қызметкерлер түсінуі және 
тиісінше құжатталған болуы керек. Барлық персонал тиісті дайындау 
тәжірибесі қағидаларын және сапаны қамтамасыз ету жүйесін түсінуі керек. 
Қызметкер қажетті гигиена бойынша нұсқаулықтарды қамтитын біріншілік 
және систематикалық оқудан өтуі тиіс. 
2.2. Жалпы талаптар
1.
Жауапты тұлға дайындалған дәрілік заттардың сапасына және осы 
нұсқаулықтардың орындалуына жауап береді. Тиісті құзыретті тұлғалар 
(мысалы, шығаруға жауапты лауазымды адам, өндірісті бақылаушы) арнайы 
міндеттерге жауапты болуы мүмкін. Жауапты адам болмаған жағдайда, 
орынбасар тағайындалады. 
2.
Дәрілік құралдарды дайындайтын мекеме, дәрілік құралдарды сатып 
алуға, сақтауға, өндіруге, бақылауға және босатуға толық және тиісті 
бақылауды жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде құзыретті қызметкерлерге 
ие болуы қажет.
3. Қызметкерлер құзыреттілігінің деңгейі ұйым жүргізетін іс-шаралардың 
жауапкершіліктері мен талаптарына байланысты болады.


54 
4. Дәрілік құралдарды дайындайтын мекеме, ұйымдастырылған есеп 
құрылымы көрсетілген, ұйымдасқан кестеге ие болуы тиіс. 
5. Барлық қызметкерлердің, оның ішінде барлық орынбасарлардың міндеттері 
лауазымдық нұсқаулықта анықталуы тиіс. 
2.3 Дайындау және жүйелі оқыту 
1. Жаңа қызметкерлер өз міндеттерін орындау үшін қажетті барлық салаларда 
бастапқы және жүйелі кейінгі дайындықтан өтуі керек. 
2. Қызметкерлерді жүйелі түрде дайындау, құжатпен рәсімделіп, мекемеде 
және одан тыс жерде жүргізіледі. 
2.4 Гигиена 
1. Гигиена және қызметкерлердің тиісті киімі туралы нұсқаулар болуы керек. 
Қызметкерлер тиісті оқудан өтуі керек. Киім орындалатын жұмыстарға 
сәйкес болуы керек. 
2. Өнімнің қызметкермен ластану қаупі тиісті әдістермен азайтылуы керек. 
Жұмысшылар жұқпалы аурулар және дененің қорғалмаған учаскелерінде 
ашық жаралар туралы өндіріс бақлаушыны хабардар етуі керек. Өндірістік 
бақылаушы тиісті тұлғаға дайындау учаскесінде жұмыс істеуге немесе 
өнімнің ластануына жол бермеуі үшін қажет арнайы сақтық шараларын 
қабылдай алады. Егер тиісті қорғанысты қамтамасыз ету мүмкін болмаса, 
қызметкерге дайындау операцияларын жүргізуге рұқсат берілмейді.
3. Қызметкерлерге де, өнімдерге де ластану қаупі жоқтығын қамтамасыз ету 
қажет. Дайындау алаңында тамақ қабылдауға, темекі шегуге тыйым 
салынады.
4. Өнімнің оператормен тікелей байланысы арқылы ластануының алдын алу 
үшін тиісті сақтық шараларын қолдану қажет. Микробиологиялық ластану 
қаупі жоғары сипатталатын препараттарға қосымша сақтық шараларын 
(мысалы, қолдарды санитарлық өңдеу, қолғап кию және т.б.) қабылдау қажет. 
3. Үй-жайлар мен жабдықтар
3.1 Қағидалар 
Үй-жайлар мен жабдықтар тиісті жұмыстарға жарамды болуы керек және 
олар дәрілердің сапасына қауіп төндірмеуі керек. 
3.2 Жалпы талаптар 
1.
Үй-жайлар мен жабдықтарды тиісті түрде жобалау, салу, пайдалану, күтіп 
ұстау және жаңғырту, олардың мақсатты операциялары үшін жарамдылығын 
қамтамасыз ету және қателердің қаупін барынша азайту қажет. Өнімділік 
операциялардың қисынды тізбегін және осы операциялардың тиісті бөлінуін 
қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы тиіс. 
2.
Ластану қаупін төмендету үшін - мысалы, қақтығыстардың немесе шаң 
мен ластанудың салдарынан - тиісті түрде жобаланған қондырғылар мен 
жабдықтардың, сондай-ақ дәл және тиісті жұмыс әдістерінің қолданылуы 
тиіс. Жоба мұқият тазартуды қамтамасыз етуі керек. Жөндеу немесе тазалау 
жабдықтарын және (егер қажет болса) оларды жөндеуден немесе жөндеуден 
кейін дезинфекциялау кезінде арнайы сақтық шараларын жүргізу керек. 
3.
Жануарлар мен басқа жәндіктердің түсуіне қарсы (паразиттерді, 
жәндіктер мен басқа жануарларды бақылау) тиісті шаралар қабылдау қажет.


55 
4.
Жуу және тазалау жұмыстарының өзі ластану көзі болмауы тиіс.
5.
Өндіріс, сақтау және сапаны бақылау аймақтарына қол жеткізу тек 
тиісті өкілеттіктері бар тұлғаларға ғана рұқсат етіледі. 
6.
Өндіріс, сапаны бақылау және сақтау кезінде (оның ішінде 
тоңазытқышта сақтау) қоршаған ортаны бақылау (температура, ылғалдылық, 
жарықтандыру) қажеттігін анықтау қажет. Бақылау нәтижелерін құжаттау, 
талдау және сақтау керек.
7.
Барлық учаскелерді таза, тәртіппен және жақсы жарықтандырып ұстау 
қажет. 
3.3 Өндірістік алаңдар 
1.
Өндірістік алаңдардың басқа әрекеттерден жеткілікті оқшаулануын 
қамтамасыз ету керек. 
2.
Аймақтарды арнайы дәрілік нысандарға бөлуге (мысалы, құрғақ және 
дымқыл өндірістік қондырғылар) назар аудару қажет. Аймақтарды арнайы 
дәрілік нысандарға бөлу мүмкін болмаса, тәуекелді талдауды (нәтижелерді 
құжаттау) жүргізу және әр түрлі доза нысандарын бір уақытта өңдеуге тиісті 
шаралар қабылдау қажет. 
3.
Қауіпті өнімдер, мысалы, цитостатика, пенициллиндер, биологиялық 
агенттер, радиофармацевтикалық препараттар, қан өнімдері үшін арнайы 
бөлмелерді қамтамасыз ету қажет. Ерекше жағдайларда, белгілі бір сақтық 
шаралары қабылданып, қажетті қауіп-қатерді бағалау шартымен өндірісті 
ұйымдастыру принципін жекелеген жұмыс циклдары қағидаты бойынша 
қолдануға болады. 
4.
Материалдар мен өнімдерді әртүрлі өнімдердің немесе олардың 
ингредиенттерінің араласып кетуіне жол бермеу және технологиялық 
сатының дұрыс істемеу қаупін азайтатындай етіп сақтау және өңдеу керек. 
5.
Ластануды болдырмау үшін өлшеу және сынама алу аймақтарын басқа 
дайындау алаңдарынан жеткілікті түрде алшақ орналастыру керек. 
3.4 Қойма аудандары
1.
Қойма аудандары әртүрлі санаттағы материалдар мен бұйымдарды 
тәртіпті түрде сақтауға жеткілікті мөлшерде болуы керек. Мұндай санаттар: 
бастау және орау материалдары, аралық және дайын өнімдер, карантинге 
жатқызылған өнімдер, босатылған, қабылданбаған, қайтарылған немесе 
шығарылған өнімдер болуы мүмкін. 
2.
Бастапқы және орауыш материалдар жеткілікті түрде оқшауланбаған 
болса, өндірістік аймақтардан тыс сақталуы тиіс. 
3.
Карантинге 
жатқызылған, қайтарылмаған, қайтарылған немесе 
шығарылған өнiмдер мен материалдар оқшауланған жерлерде сақталуға тиiс 
және олар тиiстi түрде белгiленуi тиiс. 
4.
Материалдардың немесе өнімдердің сапасына теріс әсерін болдырмау 
үшін қажетті сақтау шарттары (мысалы, температура, салыстырмалы 
ылғалдылық) анықталуы және бақылануы керек.Тиісті қойма алаңының 
барлық учаскелерін көрсетілген шарттарда сақтау үшін жеткілікті бақылау 
қажет. Қоймалық алаңдар спецификациялардың сақталу мәртебесі бағалануы 
және тиісті шаралар қабылдануы үшін белгіленген шарттар бұзылғандығын 


56 
көрсететін 
жазбалармен 
немесе 
басқа 
бақылау 
құрылғыларымен 
жабдықталуы тиіс. 
3.5 Сапаны бақылау аймақтары. 
Әдетте, сапаны бақылау шаралары арнайы аймақта жүргізілуі тиіс. Егер бұл 
мүмкін емес болса, қателіктер мен ластануларды болдырмау үшін шаралар 
қабылдау қажет. 
Фармацевтикалық ұйымдарды 
GPP стандарттарына «біріктіру» 
процесінің баяу жүруінің үш негізгі себебі бар: фармацевтикалық өнеркәсіп 
кәсіпорындарында кеңінен танылған ISO 9001: 2008 стандарттарының болуы 
сияқты «плацдарма»-ның болмауы; тиісті дәріхана тәжірибесінің стандартын 
оқыту жүйесінің болмауы; осы стандартты іске асыруда мемлекеттің әлсіз 
қолдауы. Оларды шешу кезінде келесі шешімдерді іске асыру мүмкін: GPP 
стандарттарын 
міндетті 
практикаға 
енгізу, 
GPP 
стандарттарын 
фармацевтикалық қызметке лицензияның сәйкестігін қамтамасыз ету 
шарттарының бірі ретінде енгізу.
Қазіргі уақытта фармацевтикалық практиканың барлық стандарттарын 
іске асыру міндетті емес және фармацевтикалық компаниялар оларға сәйкес 
болуы үшін нақты уақыт шектеулері жоқ. 
Кәсіпорындарға қызығушылық туғызуы мүмкін GPP стандартының 
жалғыз артықшылығы - фармацевтикалық инспекцияларды жоспарлы 
тексерулер қолданыстағы заңнамамен бекітілгендей, үш жылда бір рет емес, 
бес жылда бір рет жүргізу.
Бұл стандарт халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру және олардың 
жеке жауапкершілігін арттыру мақсатында дәріхана қызметкерлеріне 
арналған. Сонымен қатар, бұл стандарт фармацевтикалық ұйымның 
қызметкерлерінің кәсіби қызметіне басшылықты көздейді және өз 
міндеттерін атқару үшін қызметкерлерге арналған «стандарттар» мен 
ережелерді анықтайды.
Осы мақсатта, стандарттарға сәйкес, стандартты операциялық 
процедураларды (СОП) 
GPP
стандарттары Қазақстан Республикасының 
халқына дәріхана қызметкерлері ұсынатын фармацевтикалық қызметтердің 
сапасын қамтамасыз ету үшін әзірленген.
Ол денсаулық сақтау жүйесіндегі фармацевт рөлін анықтайды және халықты 
сапалы, қауіпсіз дәрілік заттармен және медициналық өнімдермен 
қамтамасыз етуге, дәрілік препарат туралы сенімді ақпаратпен қамтамасыз 
етуге, салауатты өмір салтын насихаттауға және аурудың алдын алуға 
бағытталған.
Бұл стандарт рецепт бойынша дәрілік препараттарды ұтымды 
пайдалануды, дәрілік құралдардың рецепті мен қолданылуын және дәрілік 
құралдардың жанама әсерлері туралы ақпарат беруді қамтамасыз етуге 
арналған. 
GPP стандарттарын неғұрлым тиімді іске асыру үшін оған негізделген 
сапа жүйесінің тиісті нормативтік және құжаттық негіздерін дайындау және 
дамыту қажет. Ол екі түрге бөлінеді: сыртқы және ішкі. Сыртқы құжаттар - 
нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік және халықаралық стандарттар.


57 
Кәсіпорын қызметкерін осындай құжаттармен таныстыру, тізімді 
уақытылы жаңартып (жаңарту), ішкі құжаттарда сыртқы құжаттардың 
сілтемесі болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет