Оқулық шымкент, 2018 жыл


Рецептуралық бланк үлгісі. Кері беті



Pdf көрінісі
бет20/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Рецептуралық бланк үлгісі. Кері беті.
Дәрілік құралдардың сапасын нормалау. 
Дәрілік препараттардың 
сапасы дәрілік құралдардың сапасына байланысты, сондықтан олардың өндірісін 
бақылауды жүзеге асыра отырып, мемлекет дәрілік заттар және құралдар үшін 
сапаның арнайы нормаларын белгілейді (заттың сандық мөлшері, қоспалардың 
жіберілетін мөлшері және т.б.). Дәрілік заттарға қоспалар, олардың синтезі 
кезінде, тазалаудың ескі әдістерін қолдану барысында және т.б., түсуі мүмкін. 
Қоспалар мөлшері нормадан жоғары болса, адам ағзасына улы әсерін көрсетуі 
немесе дәрілік препараттардың тұрақтылығына әсерін тигізуі мүмкін.
Дәрілік құралдардың сапалық нормалары фармакопеяға Фармакопеялық 
Мақала (ФМ) түрінде енуі мүмкін. ФМ - дәрілік құралдың немесе дәрілік өсімдік 
шикізатының сапасына талаптар бекітетін нормативтік құжат. Уақытша 
Фармакопеялық Мақала (УФМ) - шектелген мерзімге бекітілген Фармакопеялық 
Мақала. 
«Фармакопея» сөзі (Pharmacopoea грек сөзі pharmacon - дәрі және poіeo - 
жасау) «дәріні дайындау бойынша нұсқау» деген мағынаны білдіреді. 
І фармакопея орыс тілінде 1866 ж., ІІ - 1871 ж., ІІІ - 1880 ж., ІV - 1891 ж., V - 
1902 ж., VІ - 1910 ж., VІІ - 1925 ж., VІІІ - 1946 ж., ІX - 1961 ж., X - 1968 ж., XІ - 
1987 ж. шыққан болатын. КСРО XІ фармакопеясы жеке томдарды құрайтын төрт 
томынан тұрады. 
КСРО Мемлекеттік фармакопеясы (МФ) басылымы XІ (І томы) «Талдаудың 
жалпы әдістері» келесі бөлімдерден: «Кіріспе», «Фармакопеялық мақалаларды 
қолдану ережелері», «Өлшем бірліктері және қысқартулар», «Талдаудың 
физикалық, физика-химиялық және химиялық әдістері», «Дәрілік өсімдік 
шикізатын талдау әдістері», «Алкоголиметрлік кестелер» және екі қосымша 
бөлімдерінен тұрады.
Мемлекеттік фармакопея (МФ) XІ ІІ томы келесі бөлімдерден тұрады: 
«Талдаудың 
жалпы 
әдістері», 
«Бақылаудың 
биологиялық 
әдістері», 
«Медициналық иммунобиологиялық препараттардың сапасын бақылау әдістері» 
және «Дәрілік өсімдік шикізаты».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет