234
заттың бөлшектері іріленеді, сұйықтық лайланып, суспензияға айналады,
бірнеше уақыт өткен соң коагулянт тұнбаға түседі;
-
коллоидты ерітінділердің сақталу мерзімі шектеулі, тіпті мұқият, барлық
жағдайларды жасаған кезде де, уақыт өткен сайын ерітінді – «ескіреді». Жоғары
тұрақсыздығы,
технологиясының
қиындығы
фармацияда
коллоидты
ерітінділердің қолданылуын шектейді.
Фармацевтік практикада қорғалған коллоидты ерітінділер қолданылады.
Тұрақты коллоидты ерітінділер алу үшін коагуляцияны тудыратын
факторларды білу керек: жазылымда төмен молекулалы электролиттер мен
электролит еместердің (қант және жидек шырындары, глицерин, спирт) болуы
және олардың мөлшері, температураның өзгеруі, механикалық әсер, әр түрлі
сәулендірулердің (жарықтың) әсері.
Қорғалған коллоидтар - гидрофильді қасиеті бар ЖМҚ және гидрофобты
коллоидты заттан тұратын жасанды препараттар.
Жоғары молекулалы қосылыстар - беттік активті заттар коллоидты
бөлшектердің бетіне адсорбцияланып, беттік энергияның төмендеуіне әсер етіп
коллоидты жүйені тұрақтандырады. ЖМҚ макромолекуласымен қорғалуы
нәтижесінде, гидрофобты коллоидтар практикада жоғары бағаланатын жаңа
қасиетке - тұрақтылыққа ие болады.
Қорғалған коллоидтардың ерігіштігі ЖМҚ секілді шексіз.
Медициналық практикада үш коллоидты препарат кеңінен қолданылады -
колларгол, протаргол (жасанды түрде алынған коллоидты заттар) және ихтиол
(табиғи қорғалған коллоид).
Достарыңызбен бөлісу: