235
Технологиясы:
Кең мойынды қосымша ыдысқа 200 мл тазартылған су
құйып, судың бетіне жұқа қабат етіп протарголды себелейді. Толық еруі үшін
10-15 минут тыныштықта қалдырады. Сумен шектелген бөлігінде бөлшектердің
біртіндеп ісінуі жүреді. Еріген препарат төменгі қабатқа түседі де, судың
препаратқа өтуіне мүмкіндік жасайды. Шайқауға болмайды, себебі ол кезде
протаргол жабысып, шайқау барысында түзілген көпіршік препарат
бөлшектерін біріктіріп, пептизация процесін қиындатады. Ерітіндіні мақта
немесе шыны фильтр арқылы сүзеді. Ескіру процесін болдырмау мақсатында
протаргол ерітіндісі ex tempore дайындалады және қоңыр түсті құтыда
босатылады, себебі жарықтың әсерінен препарат металдық күміске айналады
және ерітінді қарайып кетеді. Ерітіндіні тығындап босатуға безендіреді: негізгі
этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары «Балалардан сақта», «Жарықтан
қорғалған жерде сақта».
Достарыңызбен бөлісу: