240
пропорционалды. Тұрақты суспензия алу үшін бөлшектердің өлшемдерін
максималды кішірейту, дисперстік ортаның тұтқырлығын жоғарылату керек.
Өлшемі кіші бөлшектер, олардың меншікті беттік ауданының өсуіне
негізделген, бос беттік энергияның артуына әкеліп соғады.
F
S
σ,
мұндағы:
F - бос беттік энергияның өзгеруі, н/м;
S - беттік ауданның өзгеруі, м
2
;
σ - беттік тартылыс, н/м.
Шексіз өлшемдерге дейін бөлшектерді майдалау мүмкін емес.
Термодинамиканың екінші заңы бойынша бос беттік энергия минимумға жетуге
тырысады. Бос беттік энергияның төмендеуі бөлшектердің агрегациясы әсерінен
жүруі мүмкін. Фармацевтік технологияның міндеті - дәрілік препараттың
максималды терапевтік әсерін қамтамасыз ету, яғни дәрілік заттың ағза
ұлпаларымен максималды көп беткейімен жанасуын сақтау. Ол үшін беттік
ауданды сақтай отырып, беттік тартылысты төмендету, бөлшектердің
агрегациясына кедергі келтіретін, бос беттік энергияның мәнін жоғарылату керек.
Дисперстік орта тұтқырлығын шырындар, глицерин, шайыр, крахмал
шырышын, МЦ және NаКМЦ қосып арттыруға болады. Бірақ рецепт жазылымын
тек қана дәрігер өзгерте алады.
Суспензия тұрақтылығы дәрілік зат табиғатына да тікелей байланысты. Суда
ерімейтін суспензия түзетін заттар: гидрофильді (сумен шыланатын) және
гидрофобты (сумен шыланбайтын) болып екіге бөлінеді.
Гидрофильді ұнтақтар едәуір тұрақты суспензия түзеді, себебі олардың
бетінде тығыз су қабаты түзіліп, бөлшектердің бір-бірімен жабысуына кедергі
жасайды.
Гидрофобты заттар су қабатын түзбейді, сондықтан олардың бөлшектері
оңай жабысады, агрегат – үлпектер түзеді. Олар тез тұнады немесе су бетіне
шығады, оны
Достарыңызбен бөлісу: