Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет214/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Технологиясы:
13,0 г ірі кесілген жалбызтікен тамырына бөлме 
температурасындағы 260 мл суды қосып, араластыра отырып 30 минут 
тұндырады. Содан соң екі қабат дәке арқылы сүзіп, шикізатты сықпайды. 
Сығындыда 1,0 г натрий бензоатын, 2,0 г натрий гидрокарбонатын ерітіп, 
цилиндрге құйып, қажет болса көлемін 200 мл дейн сумен жеткізеді, содан соң 
босататын құтыға сүзіп, 3 мл көкірек эликсирін, 20 мл қант шырынымен 
араластырып қосады. Тығындап, безендіреді. Негізгі этикетка «Ішуге», ескерту 
этикеткалары «Қолданар алдында шайқа», «Балалардан сақта», «Салқын жерде 
сақта». 
Зығыр дәндерінен шырыш дайындау
(Mucіlago semіnіs Lіnі 1:30). 
Шырыш дәндердің бетінде болады, сондықтан оны майдаламайды. КСРО МФ 
VІІІ басылымы бойынша 1 г тұқымдарды алдын-ала суық сумен шайып, 30 
бөлік ыстық су құяды. 15 минут шайқап, сүзеді. 
Салеп түйнегінен шырыш дайындау (Mucіlago Salep 1:100). 
Салеп 
шумағында шамамен 50% шырышы бар. 1,0 г ұнтақты босататын құтыда 1 мл 
спирт қосып жібітеді. Спирт ұнтақ массасынан ауаны ығыстырып, сумен жібуін 
жақсарту үшін қосылады.
Cодан соң 10 мл суық су, бірден 88 мл ыстық су қосып, суығанша 
шайқайды. Тек 
ex tempore
дайындалады. 
Сулы сығындылар рецептіде дәрілік заттармен бірге жазылады. Олар 
сығындының терапевтік әсерін күшейтеді немесе толықтырады. Осындай 
микстураларда дәрілік заттар ұнтақ немесе сұйық түрінде болуы мүмкін. 
ҚР ДСМ 15.12.04 ж. № 142 бұйрығының 1 бөлім 22 тармағына сәйкес: 
Тұнбалар мен қайнатпаларды дайындаған кезде ұнтақ түріндегі дәрілік заттарды 
сүзілген, суыған сығындыда ерітеді. Қажет болған жағдайда сығынды көлемін 
белгіге дейін сумен жеткізіп, қайтадан босататын құтыға сүзеді. Дәрілік 
заттардың концентрлі ерітінділері бұл жағдайда қолданылмайды. Шырындар
тұндырмалар, сұйық экстрактылар, басқа да галендік препараттар дайын 


284 
сығындыға осы бұйрықтың 15 тармағына сәйкес бірден босататын құтыға 
қосылады. 
Бірдей экстракциялау тәртібін қажет ететін өсімдік шикізаттарынан көп 
компонентті сулы сығындыларды, шикізаттың гистологиялық құрылысына 
қарамастан, бір инфундирлік аппаратта дайындайды. Мысалы: 
Rp.: Іnfusі folіorum Uvae ursі 200 ml 
Decoctі rhіzomatіs Bіstortae ex 5,0 
Alumіnіs 4,0 

Glycerіnі 5,0 

Mіsce. Da. Sіgna.
1 ас қасықтан күніне 3 рет 
Аюқұлақ жапырағында және жылантаран тамырында иілік заттары бар, 
қайнатпа дайындалады, тұндырылғаннан кейін ыстық күйінде сүзіледі. 
Есептеу: 1:10 қатынасында дайындалады, 20,0 г аюқұлақ жапырағы 
алынады. 
Микстураның жалпы көлемін есептеу үшін глицериннің көлемін есептейді: 
V
глицерин
= m/

= 5,0/1,224 = 4,1 ml 
V
ж.
= 200 + 4,1 = 204,1 ml
К
с (аюқұлақ)
= 1,4 мл/г;
К
с (жыл.т.)
= 2,0 мл/г 
V
су
= 200 + (20 х 1,4 + 5 х 2,0) = 238 ml 
Б.П. 
Folіorum Uvae ursі 20,0 
Rhіzomatіs Bіstortae 5,0 
Alumіnіs 4,0 
Glycerіnі 5,0 
Aquae purіfіcatae 238 ml 
V
ж.
= 204,1 ml 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет