Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет255/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Ресуспендирлену.
Суспензиялық және эмульсиялық линиментер барлық 
гетерогенді жүйелер сияқты периодты түрде тұрақты емес. Егер шайқаған кезде 
15-20 секунд ішінде линимент бастапқы күйіне келсе, онда тексеріліп жатқан 
линиментің ресуспендирленуі жақсы. 
 
Буып түю және сақтау 
Фармакопеяға сәйкес орауыш көрсетілген мерзімге дейін жағармайдың 
тұрақтылығын қамтамасыз етуі керек. Дәріхана жағдайында жағармайлар 
сыйымдылығы 10,0 г - 100,0 г дейін болатын шыны немесе фарфор құтыларда 
босатылады. Құтылар бұралатын пластмасса қақпақтармен жабылады. Сонымен 
бірге полистиролдан пластмасса құтылары да қолданылады, бірақ оларда 
құрамына қара май, метилсалицилат, скипидар, камфора, фенол, эфир майы 
кіретін жағармайларды босатуға болмайды. Қазіргі кезде ұтымды және қолайлы 
жағармайларға тара ретінде металл және полимер материалдан жасалған тубалар 
қолданылады. Дәріхана жағдайында тубаларды толтыру үшін ықшамды столда 
орнатылатын туба толтыратын машиналар қолданылады (сурет 41). 


329 
Олар цилиндрлік тот баспайтын қорғасын корпустан тұрады. Корпустың 
ішінде қатты полимер материалдан жасалған поршенді жылжытып тұратын 
штокпен (2) қамтамасыз етілген. Поршень мундштук (3) арқылы жағармайды 
итереді. 
Сурет 41. 
Туба толтырғыш құрал
Тұрақтылығы жеткіліксіз дәрілік түр болғандықтан барлық линиментерді 
қысқа мерзімге, ең жақсысы ex tempore дайындаған дұрыс. Линиментерді 
салқын, жарық түспейтін жерде тығындалған құтыларда сақтайды. Ұшқыш, 
термолабильді заттары бар линиментерді 10 
0
С төмен температура жағдайында 
дайындайды. Қою линиментерді кең мойынды құтыларда немесе тубаларда 
босатады. Суспензиялық линиментерді «Қолданар алдында шайқа» деген 
этикеткамен безендіреді. 
Дәріханада дайындалған жағармайлардың сақталу мерзімі 10 тәулік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет