Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет298/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Шыны микросаңылаулы
фильтрлердің диаметрі 2 мкм, балқытылған 
шыны түйіршігінен дайындалады. Фильтрлер шыны түтікке бекітілген, диск 
немесе пластина формалы болады. Шыны фильтрлер басқа кіші саңылаулы 
фильтрлермен салыстырғанда дәріхана іс-тәжірибесінде қолдануға ыңғайлы. 
Фильтрлеуші пластиналарды жұмыстан соң, бетіндегі механикалық 
бөлшектерден аластау үшін, тазартылған су ағынында жуады. 
Керамикалық және фарфор фильтрлерінің кемшілігі стерильдеу 
уақытының ұзақтығы, ертіндінің қалың фильтр саңылауларында жоғалуы, 
фильтрдің сынғыштығына байланысты микрожарықтардың пайда болуы, 
демек стерильдеудің сенімсіздігі сонымен қатар, фильтрлерді ұзақ 
қолданғанда, оларда микроорганизмдер өсіп кетуі мүмкін. Фильтрлерді 
ерітінді қалдығынан тазарту өте қиын, сондықтан әр ерітіндіге бөлек фильтр 
қолдану керек.
Қағаз-асбесті
фильтр пластина түрінде, фильтрлеуші беті, (Сальников 
фильтрі) екі сфералық дискінің арасына қосылған металл рамадан тұрады. 
Басқа түрі Зейц фильтрі, ол клетчаткалы пластиналардан және саңылауының 
мөлшері 1-1,8 мкм болатын асбестен тұрады. Бұл фильтрлер шаншуға арналған 
ерітінділерді өндірісте дайындаған кезде қолданылады, бірақ емдеу-
профилактикалық мекемелерінің үлкен дәріханаларында да қолданылуы 
мүмкін. 
Микросаңылаулы мембраналық фильтрлерде 
бұл кемшіліктер жоқ. 
Олар (100-150 мкм) полимер материалынан тұратын жұқа пластиналар. 
Стерильді фильтрат алуға мүмкіндік беретін фильтр саңылауларының орташа 
мөлшері 0,3 мкм. Мембраналардың тез бітелуін болдырмау үшін, олар 
саңылаулары ірілеу фильтрлермен бірге қолданылады. 
Қазіргі кезде әртүрлі полимерлер негізінде синтетикалық қара 
сағыздардан (смола) микросаңылаулы фильтрлер шығарылып жатыр. РФ 
экспериментальды зауытында МФА типті целлюлоза ацетатынан тұратын 


378 
«Владипор» мембраналық фильтрлер жасалынды. Саңылау мөлшерлері 0,05 
тен 0,95 мкм диапазонында 10 нөмірі (түрі) шығарылады. 
Дәрілік заттардің ерітінділерін стерильдеу үшін МФА-3 и МФА-4 
саңылауларының орташа көлемі 0,25-0,35 және 0,35-1,45 мкм болатын 
фильтрлер қолданылады. Олар мастика және әр түрлі диаметрлі дискілер 
түрінде шығарылады МФА типтегі фильтрлер алдын-ала стерильденеді. 
Перспективті - ядролық фильтрлер цилиндрлік саңылаулы полимер 
пленкалар болып табылады. 
Стерильді 
фильтрацияның 
термиялық 
стерильдеуге 
қарағанда 
артықшылығы бар. Көптеген термолабильді дәрілік заттар (апоморфин 
гидрохлориді, викасол, натрий барбиталы және т.б.) үшін жалғыз қолайлы 
стерильдеу тәсілі. Стерильді фильтрлеу көз тамшыларын стерильдеуде 
перспективті. Мембраналық фильтрлерді қолдану ерітінділердің тазалығын, 
стерильділігін және апирогендігін қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет