374
қысымынан жоғары болса, онда сақтандырғыш клапан автоматты түрде
көтеріліп, артық
бу бөлігін шығарып, қысымды төмендетеді.
Берілген қысым және температура автоматты түрде реттеліп тұратын
булы стерилизаторларын дәріханада қолдану қолайлы.
Кейінгі жылдары стерильдейтін объектілерді салқындататын бу
стерилизаторлары:
ГК-100
(дөңгелек
горизонталды)
және ГП-400
(төртбұрышты горизонталды) шығарылған. Горизонталды бу стерилизаторы
ГК-100 максимальды бу қысымы 2 кгс/см
2
жұмысқа есептелген. Оның негізгі
бөліктері: стерилизациялық және су-бу камерасы,
электрқыздырғыш
элементтерімен бу түзгіш, қысымға қарсы ауалық жүйе.
ГП-400 бу стерилизаторы төменгі бөлігінде бу түзгіш-қазан, жоғары
бөлігінде - горизонталды орналасқан стерилизациялық камера, штурвалдан
орталық ысырма арқылы жабылатын есіктен тұратын төрт бұрышты шкаф.
Стерилизатор, кабельмен жалғанған, басқару электр жүйесі
арқылы
жүргізіледі.
ГП-280 бу стерилизаторы автоматты циклда, (ұзақтылығы әр 20
минуттен 30 минутқа дейін) және стерилизациялық камерада бу қысымының
(1,1-2 кгс/см
2
) әртүрлілігімен ажыратылатын, төрт стерильдеу тәртібінде
жұмыс істейді. Стерилизатор стерилизациялық камерадан, бу генераторынан,
электр насостан және электр жүйесінен тұрады. Камераның есігі орталық
ысырмамен және камера ішінде артық қысым бар кезде оны ашылып кетуден
сақтайтын, мембрандық қоршауымен жабдықталған.
ГПД-280 бу стерилизаторы ГП-280 стерилизаторынан
айырмашылығы
орталық ысырмасы және қоршауы бар екі есікпен жабдықталған.
Аппаратты стерилизацияға дайындау су-бу камерасын сумен
толтырумен басталады. Осы кезде кран, вентиль және стерилизатордың
қақпағы ашық болуы керек. Стерилизациялық камераны тиеген соң,
болттармен қысып стерилизатор қақпағын жабады.
Барлық вентильдер мен
крандар жабылған болуы керек. Содан соң монометрде автоматты реттеліп
тұратын қысым ауытқуын орнатады.
Жұмыс алдында стерилизатордан ауаны түгел шығарып жіберу керек.
Ол үшін стерилизатор ашық кранмен қыздырылады және 10-15 минуттан
кейін бу ағымы қатты болған кезде, кранды жабады.
Стерильдеу уақыты, стерильдеу кезінде автоматты түрде реттеліп
тұратын, берілген қысымды орнатқан кезден бастап саналады. Стерилизация
аяқталған соң вентильді ашып, бу
мен конденсатты өткізеді, монометр
стрелкасы «0» болған кезде, стерилизациялық камераның қақпағын ашып,
жүктен босатады.
Қызметкер стерилизатордың құрылысын білуі керек және техника
қауіпсіздігі бойынша ережелерді қатаң сақтауы керек. Стерилизатормен
жұмыс істеуге, жасы 18-ге толған, алдын-ала
медициналық байқаудан,
курстық
оқудан,
біліктілік
комиссияның
аттестациясынан
және
стерилизаторға қауіпсіз қызмет көрсетуден өткен адам ғана жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: