370
өлтіру процесі болып табылады. Бұл кезде стерильденетін заттардың
қасиеттері өзгермеуі қажет. Шаншуға арналған дәрілік түрлерді дайындауда
стерильдеу өте маңызды роль атқарады. Бұл кезде ыдыстарды, көмекші
материалдарды, еріткіштерді және дайын ерітіндіні стерильдеу қажет.
Сонымен, инъекцияға арналған ерітінділерді жасап шығару бойынша жұмыс
стерильдеумен басталып, стерильдеумен аяқталуы қажет. Стерильдеудің
күрделі проблемалылығы бір жағынан микроорганизмдердің өте әртүрлілігі
және жоғары өмір сүргіштігі, екінші жағынан көптеген дәрілік заттардың
және дәрілік түрлердің (эмульсиялар, суспензиялар және т.б.) термолабильдігі
немесе басқа стерильдеу әдісін қолдану мүмкіншілігі болмайтын жағдайлар
болып табылады. Сондықтан стерильдеу әдістеріне дәрілік түрдің қасиетінің
сақталуы және оларды микроорганизмдерден ажырату талаптары қойылады.
Стерильденетін
объектілердің
түріне,
(дәрілік
заттар,
тығын
материалдары, қосымша материалдар, арнайы киім т.б.), олардың химиялық
және
физикалық
қасиеттеріне,
салмағына,
көлеміне
байланысты
стерильдеудің әртүрлі әдістері қолданылады.
ҚР МФ басылымына «5.Стерильділік бойынша жалпы мәтіндер»
мақаласына 5.1.1 стерильді өнімдер дайындау әдістері бөлімінде
Достарыңызбен бөлісу: